Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет84/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91
           Дәріс  -  жоғары  мектептердің  оқу-тәрбие    үрдісінде  жетекші  орын 
алады. Дәрістің  негізгі мақсаты - оқу үрдісінде өтетін оқу пәнінің мазмұны 
мен  мәні  жайындағы  студенттердің  жүйелі  ұғымын  қалыптастыру,  пәннің 
ғылыми-практикалық  аясына  сәйкес  оның  даму  принциптері  мен 
заңдылықтарын,  сондай-ақ  алған  білімді  практикада  қолдана  алуға  үйрету, 
ұғындыру, бағыт беру.  
      Жоғары  оқу  орындарында  дәріске  дайындалу    және  оны  жүргізу 
барысында келесі талаптарды ескеру қажет: 
     -  дәріс  мазмұнының    типтік  жоспар  мен  жұмыстық  оқу  жоспарына 
сәйкестілігін қадағалау; 
     -  дәрісте ғылым мен педагогикалық ойлардың соңғы жетістіктерін және 
сол мәселелердің болашақтағы қарастырылу бағытын айқындау; 
     -  студенттердің  назарын  дәріс  мазмұнында  қарастырылатын  негізгі, 
жетекші ойларға шоғырландыру;                                  
     -  пәнішілік және пәнаралық логикалық байланысты жүзеге асыру; дәріс 
мазмұнын  аудиториялық  және  аудиториядан  тыс  өтетін  басқа  да 
жұмыстармен үйлестіру, байланыстыру; 
    -  дәріс мазмұнын еркін баяндау шеберлігін меңгеру; 
    -  қосымша  оқу  құралдарын  (ТОҚ,көрнекі  құралдар)  негізді,  дәріс 
мазмұнына сай қолдана білу
    -  аудиторияның эстетикалық және санитарлық-гигиеналық  өлшемдерін 
сақтау. 


 
94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет