Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Қайтару функциясының болуы бойынша



бет6/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Қайтару функциясының болуы бойынша:

  • Қайтарылатын - жұмсақ немесе қатты қонуды жүзеге асыра отырып, адамдар мен материалдарды Жерге қайтаруды қамтамасыз етеді

  • Қайтарылмайтын – ресурс таусылған кезде олар әдетте орбитадан шығып, атмосферада жанып кетеді немесе кәдеге жарату орбитасына ауыстырылады.

Атқаратын функциялары бойынша келесі сыныптар бөлінеді:

  • метеорологиялық

  • навигациялық

  • байланыс спутниктері, телехабар тарату, телекоммуникация спутниктері

  • зерттеу

  • геофизикалық

  • геодезиялық

  • астрономиялық

  • жерді қашықтықтан зондтау

  • барлау және әскери спутниктер

Көптеген ғарыш аппараттары бірден бірнеше функцияларды орындайды.
Сондай-ақ массалық сипаттамалары бойынша:

  • фемто - 100 г дейін

  • пико - 1 кг дейін

  • нано - 1-10 кг

  • микро - 10-100 кг

  • шағын- 100-500 кг

  • кіші - 500-1000 кг

  • үлкен - 1000 кг-нан астам

Жерге оралу мүмкіндігі бойынша:

  • оралатын;

  • оралмайтын;

  • ішінара оралатын.

Жер бетіндегі құралдарымен байланысы бойынша:

  • байланыссыз;

  • бір жақты байланыспен;

  • екі жақты байланыспен.

Бағдары бойынша:

  • бағдарланбайтын;

  • бағдарлау және тұрақтандыру жүйелерімен бағдарланатын


6. Ғарыштық ұшу аппараттарының орбита элементтері


Ғарыш аппараты— жартылай болсада, ғарыш кеңістігінде, яғни тығыз атмосфераның сыртымен ұшатын ұшу аппараттары (100 километрден жоғары).
Ғарыш айлағы – жасанды жер серігін (ЖЖС) жеткізгіш зымыран арқылы берілген орбиталарға шығарылуын қамтамасыз етеді. Заманауй ЖЖС-нің ресурсы шамамен 10 жылды құрайды және ол қозғалтқышқа арналған отын қорының мөлшеріне тәуелді, осы арқылы орбитаға кезеңдік түзетулер енгізіліп отырылады. ЖЖС-нің өзінің орбитасынан ауытқуы атмосфера кедергісі, Жердің гравитациялық өрісі, планеталар және де басқа қалыпсыз факторлар әсерінен болады.ҒҰА ұшуының траекториясы үш құрамдас бөлікке бөлінеді. Орбитаға шығару учаскесі кеңістіктің берілген нүктесіне ҒҰА шығаруға арналған. ҒҰА шығару учаскесінде зымыран- тасығыштың көмегімен белгілі бір жылдамдықты алған соң, оның орбитадағы көлбеу бұрышы беріледі.
ҒҰА қозғалысы траекториясының екінші бөлігі жұмыс жүргізілетін, атап айтқанда ЖҚЗ бойынша орбиталық ұшу учаскесі. Осы учаскеде ҒҰА қозғалысына аспан денелерінің тарту күші, атмосфера қарсылығы, магнит өрісі және уақыт өте орбита параметрлерін өзгертетін басқа да ауытқымалы факторлар әсер етеді. ҒҰА орбитасын түзету үшін, әдетте, ЖҚЗ- да отын қоры бар қозғалтқыш қарастырылады, бұл ғарыш жүйесі қызметінің мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
ҒҰА қонуы қарастырылмаған жағдайда, ол атмосфераның қалың қабаттарында жанады немесе әлемдік мұхиттың белгіленген аймақтарында батырылады. Атмосфераның қалың қабатына кіру қосалқы қозғалтқыштар мен тежеу немесе ҒҰА қозғалысының траекториясын өзгерту арқылы жүргізіледі.
ҒҰА орбиталық ұшуының траекториясы орбита элеменеттерімен сипатталады. Кеңістікте ҒҰА жағдайын түпкілікті анықтайтын параметрлер орбита элементтері деп аталады. Оларға кеңістіктегі орбита жазықтығының жағдайын, оның пішінін, көлемін сипаттайтын элементтер және орбитадағы ҒҰА жағдайын анықтайтын элементтер жатады.
Ұшу аппараттарының қозғалтқыштары — жылу энергиясын тарту күші не айналдыру тәсіліне қарай қалақты және реактивтік қозғалтқыштар. Қалақты қозғалтқышта отын энергиясы қалақ білігінің куатына айналып, ауа ағынын тебе отырып, тарту күшін туғызады. Сондықтан көбіне қалақты қозғалтқыш деп аталады, ал мұндай қондырғы қозғалтқыш пен қозғалғыштан тұрады. Қазірде қалақты қозғалтқыштар жеңіл көліктер мен санитариялық ұшақтарда, байланыс ұшақтары мен тікұшақтарда қолданылады. Реактивті қозғалтқыштарда ұшу аппаратының тарту күші аз ағынымен пайда болған реакция күші түрінде қозғалтқыш элементінің өзінің үстінде пайда болады. Реактивті қозғалтқыш құрамында қозғалтқыш та, қозғалғыш та болмағандықтан, тік реакция қозғалтқышы деп аталады. Реактивтік қозғалтқыштар ауа-реактивтік және ракеталық болып 2 класқа бөлінеді. Ауа-реактивтік қозғалтқыштың жұмысы үшін отын ұшақтын басынан, ал тотықтандырғыш (оттегі) қоршаған ауадан келсе, ракеталық қозғалтқыштар үшін отын да, тотықтырғыш та ұшу аппараттарында тасымалданады. Ракеталық қозғалтқыштар қолданатын отын түріне қарай қатты отылды қозғалтқыш және сұйық отынды қозғалтқыш болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет