Жерге орналастыру табылады. ҚР жер заңдылығына сәйкес, жерге орналастыру, жерлердi тиiмдi пайдалану мен қорғауға бағытталған кешенді шаралар ж


«Агроқұрылымдарды iшкi шаруашылық жерге орналастыру»



бет2/7
Дата27.11.2022
өлшемі35,46 Kb.
#52897
1   2   3   4   5   6   7
«Агроқұрылымдарды iшкi шаруашылық жерге орналастыру» пәні акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң, жеке шаруа (фермерлiк) қожалықтардың және т.б. агроқұрылымдардың ішкішаруашылық террито-рияларын реттестіру мәселелерiн қарастырады. Жалпы ішкі шаруашылық жерге орналастыру жерге орналастырудың негiзгi түрлерiнiң бiрi болып табылады.
Территорияны iшкiшаруашылық ұйымдастыру процессінде аталған негiзгi мiндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бiрқатар басқа да маңызды мiндеттер шешiмiн табады:

1. Әр бір жер учаскелер мен алкаптар контурларының өздерiне тән қасиеттерiне орналасуына, құнарлығына, өсiмдiк жамылғысына, ылғалдану деңгейiне, көлемiне, пiшiнiне сәйкес олардың арналуын, сипатын және пайдалану режимiн анықтау.


2. Мелиоративтік, мәденитехникалық, агротехникалық шаралар негiзiнде жер учаскелерiнiң өндiргiш қасиеттерi мен табиғи жағдайларын жақсарту жөнiндегi шараларды белгілеу.
3. Өндiрiстiң шарты мен негiзгi элементтерiнiң өзара тиiмдi ара қатынасы мен тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету, яғни территорияны ұйымдастыру, ұйымдастыру өндiрiстiк кұрылымын, қоныстандыру жүйесiн, салалардың, өндiрiстiк және шаруашылық орталықтарын орналастыру.
4. Қазiргi заманғы технологияларды қолдану, а.ш.техникасын қарқынды пайдалану, егiстiк мәдениетін арттыру, еңбектi ғылыми түрде ұйымдастыру мен а.ш. өндiрiсiн басқару мақсатында ұйымдастыру-территориялық жағдайларды жасау.
5. Қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдiгiн және а.ш. өндiрiсiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында табиғатты қорғау шараларын қарастыру.
6. Ішкішаруашылық жер қатынастарын реттеуге, жоспарлау мен басқаруға, салуға және жер учаскелерiнiң орналасуы мен салық сапасына сәйкес басқа мiндеттердi шешу мақсатында жер бағалау нормативтер жүйесiн кұру.
Нәтижесiнде, iшкi шаруашылық жерге орналастыруға мынадай анықтама беруге болады: iшкi шаруашылық жерге орналастыру бұл әлеуметті-экономикалық процесс және а.ш.кәсiпорындар жұмысының жоғарғы тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, жердi пайдалануын жақсарту мен қорғау, өндiрiстi территориялық ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүйесi. IШЖО барысында негiзгi 3 бағыт шешімін табады:
1. А.ш. өндiрiсiнiң құрылымы, мақсаты мен мiндетiне сәйкес территорияны.
2. Жердiң жағдайын жақсарту мен оларды қорғау жөнiндегi шаралар ұйымдастыру.
3. Өндiрiстiң көлемiн арттыру және жерді өңдеу мен а.ш.жүктердi тасымалдау шығындарын азайту жөнiндегi шаралар.
ІШЖО негiзi болып, а.ш. өндiрiсiнiң территориясын ұйымдастыру жөнiндегi құжаттар (есептеулер, түсiнiктеме қағаздар, сызбалар) жиынтығы- ғылыми негiзделген жоба табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет