асказан жара ауруында (гастрокардиальдік рефлекс), өңеш ауруларында, панкреатитте т.б.
Диагностикасы.
Стенокардияның диагностикасы ангинальдік синдромның болуына негізделеді — төс артының сығып ауырсынуына, оның солға және жоғары қарай тарауына, ұстаманың дене қызметінен пайда болуына, нитроглицериннің емдік өсер етуіне.
ЭКГ. Тыныш қалыпта тусірілген ЭКГ-да айтарлықтай өзгерістер болмауы мүмкін. Ұстама кезінде немесе одан кешікпей түсірілген ЭКГ-да ишемияның белгілері табылады.
Диагностикасы.
Стенокардияда, көбіне дистальдік (ұсак) тамырлардың систола кезінде басылуынан субэндокардиальдік, интрамуральдік, сирек субэпикардиальдік ишемияның көріністері анықталады.
Ең жиі байқалатыны субэндокардиальдік ишемия (SТ аралығының изосызықтан 1 мм артық горизонтальді немесе қиғаш төмендеуімен білінеді). Интрамуральдік ишемияда ST аралығы сәл жоғары немесе төмен ығысады, бірақ оның басты белгісі — Т-тісшенің инверсиясы. Супэпикардиальдік ишемияда ST аралығы изосызықган 1 мм артық биіктейді