Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата30.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#53838
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
ТОЙҒА ДЕЙІН ТИЫМ
САЛЫНАТЫН АМАЛДАР


Ол айтады:
-Жұмыстамын, қарным ашып кетті. 
Сіз:
-Менде кілтің бар ғой, қазір мен барып сізге тамақ жасап
беремін,- деп, оған тамақ жасап берсеңіз, киімдерін жуып,
үйін жинап, еденін жуып, ол анасымен таныстырып қояды
және сізге анама барып көмектес дейді, ал сіз бірден жетіп
барасыз сол үйдің келіні сияқты, бетіңіз ашылмаса да, бұл
мүлдем дұрыс емес нәрсе. Сіз бірден құндылығыңызды
жоғалтып аласыз. Еркек бірден дөрекі бола бастайды.
Айырмашылығын байқаңыз. Оның өмірлік жарының
міндеттерін тойға дейін орындап бастасаңыз, оның
айтқанынан 100% шықпай, дүкенге барсаңыз да айтып,
толықтай оған тәуелді болып, киген киіміңізге дейін барлығын
оған айтып есеп беру, мұның барлығы әйелдің міндеттері. Сіз
осының барлығын орындап бастасаңыз, ол сізге үйленуге
асықпайды. Сіз білмейсіз ғой, ол расымен де сізді әйелі етіп
алады ма?
Осыдан кейін әртүрлі мәселелер басталады, ол сізге өтірік
айта бастайды, сізбен дөрекі сөйлесе бастайды. Ал сіз оны
тастай алмайсыз. Не үшін? Себебі, енді бәрі кеш. Сізде
қорқыныш пайда болады. Тіпті сіз оны жақсы көрмесеңіз де
немесе қатты ренжітіп қойса да сіз одан бас тарта алмай
қаласыз. Міне, сол үшін айтқым келеді, ертеңгі күнді сіз
нақты білмейсіз. Сөйлесіп жүрген жігіт тойдың күнін
белгілеп, ата-аналарыңызды келістіріп, әкеңізбен келіп
таныспағанша, әйелдің міндеттерін жасауға міндетті емессіз.
Ол міндетке келіссеңіз, өмірім құрыды дей беріңіз. Себебі,
сыйластық кетеді, құрмет кетеді, ол сізге кішкентай қызға
қарағандай қарамайды. Ал бұл сізге керек пе? Сосын сен
өзгеріп кеттің, басында басқаша едің, ал қазір басқасың деген
сұрақтар туындай бастайды. Не үшін өзгеріп кетеді? Себебі,
әйелі беретін нәрсені, қызы болып сіз беріп жатырсыз. Барлық
мәселе осында.
Некеге дейін... 
78


Қолжетімді қыз деген жігіттермен сөйлесетін қыз емес. Ер
адамға көп мүмкіндік беретін қыз. Ерте құшақтауға, кездесуге
бара салуға, өзінің жігіті бар бола тұра басқа жігіттермен
қарым-қатынас құрып кетуіне рұқсат бере беретін қыз.
Қолжетімді деп төсекте болатын және құшақтасуға, сүйісуге
тез рұқсат беретін қыздарды айтады. Ал жай ғана ер адаммен
тек қана контакт орнату, меніңше, қолжетімді қыз болу емес.
Мен өзімнің сөйлесіп жүрген жігіттерімнің арасынан олардың
айырмашылығы неде, кім кімнен жақсырақ, қайсысы маған
күштірек келеді, кім мені қаттырақ сыйлайды, құрметтейді,
кім мен үшін бәріне дайын деген сияқты сұрақтардың
барлығына саралап жауап бере алдым.
Жігітпен жүру ол үлкен жауапкершілік. Бір жігітпен жүрсеңіз
басқаларға көз сала алмайсыз, басқамен қарым-қатынас
құрып кете алмайсыз. Ал егер жай бір адаммен таныссаңыз,
ол әлі жігітіңіз болған жоқ және сіз келісім берген жоқсыз.
Сондықтан сізде тағы бірнеше адаммен танысып, олардың
мінездерін тану және қайсысымен ыңғайлы болатынын
ойлануға мүмкіндік бар. Сіз миллион жігіттердің арасынан
өзіңізге ыңғайлысын мінез бойынша, өмірлік көзқарас
бойынша таңдау керексіз. Сол кезде ғана, тіпті жігіт сізді
тастап кетсе де, сіз онымен айырылысқыңыз келсе де, жүрекке
ауыртпашылық түспейді. Себебі, ол жалғыз адам емес, бұдан
кейін де адам болады, бұған дейін де адам болды, таңдаулар
миллион, сізде оларға қарап ешқандай қорқынышыңыз
болмайды. Сізге жазып жүрген жігіттер (ухожёр) сіздің
жігітіңіз емес. Мен ешқашан жазып, сөйлесіп жүрген
жігіттерді өзімнің жігітім деп санаған жоқпын. Ал ол жігіттер
маған не істейтін? Олар мені міндетті түрде жұмысқа апарып
тастайтын, үйге дейін апарып тастайтын.
Некеге дейін... 
79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет