«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
8.4.3.1 - магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру
және магнит өрісін күш сызықтары арқылы
графикалық бейнелеу
8.4.3.5 - магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау
8.4.3.6 - электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш
құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Бағалау критерийлері
Білім алушы
• Магнит өрісін графикалық түрде бейнелейді
• Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін
салыстырады
• Электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш
құралдардың жұмыс істеу принципін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
1-суретте жолақ магнитке жақын орналасқан төрт компас көрсетілген.
Қай компастың бағдаршасы дұрыс бағытталған?
[1]
23
2-суретте соленоид және оған өте сезімтал вольтметр жалғанған.
2 - сурет
Қандай жағдайда вольтметрдің көрсеткіші нөлге тең? А) Магнитті соленоидақа жақын қозғалтпай ұстағанда В) Магнитті соленоидтан алыстатқанда С) Магнитті соленоидқа жақындатқанда
Соленоидты магнитке жақындатқанда
[1]
3-суретте магнит полюстарының арасына ілінген иілгіш жұмсақ сым көрсетілген. Сым 12 В
ток көзіне қосылған. Бастапқы кезде кілт ажыратулы тұрады.
3-сурет
а) Кілтті қосқанда сым неліктен орнынан қозғалып кететінін түсіндіріңіз.
[1]
Сымның қай жаққа ауытқитынын анықтаңыз.
[1]
с) Сым қозғалғанда энергияның түрленуін жазыңыз.
[1]
24
4-суретте катушкаға оралған сым орамдары қатты оське кигізіліп, магнит өрісінде орналастырылған.
4-сурет
Катушканы ток көзіне жалғап осы суретті толықтырыңыз.
[1]
Катушканы ток көзіне жалғағанда қандай құбылыс орын алады?
[1]
Жалпы балл: 7
25
Достарыңызбен бөлісу: |