Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қазақ тіліндегі көсемшенің түрлері мен қызметі



бет64/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130
33. Қазақ тіліндегі көсемшенің түрлері мен қызметі

Іс-әрекеттің, қимылдың амалын, себебін, жай-күйін сипаттайтын жанама қимыл көсемше арқылы беріледі. А. Байтұрсынұлы көсемшеге "екі етістік қосарынан сөйленгенде, алдында айтылатын етістіктің қысқаша түрі" деп анықтама берген.

Қазақ тілінде көсемшелер мағынасы мен қызметіне қарай түрліше топтастырылады.

Ахмет Байтұрсынұлы көсемшелерді үш топқа бөледі. Олар:

- үнемді көсемше - созымды істі көрсету үшін айтылады: айта бердім;

- үнемсіз көсемше - созымсыз, бірден бітетін істі көрсету үшін айтылады: айтып бердім;

- ниетті көсемше - істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсетеді: барғалы тұрмын.

Ал Қ.Жұбанов көсемшелерді мағыналық реңктеріне қарай:

- өткен шақ көсемше - (-ып, -іп);

- дағдылы көсемше - (-а, -е, -й);

- шартты көсемше - (-са, -се) деп 3 топқа бөледі.

Ы.Маманов мағынасына қарай 3 топқа топтастырады:

- өткен шақ көсемше - (-ып, -іп)

- келер шақ көсемше - (-а, -е,-й)

- мақсатты көсемше - (-ғалы, -гелі).

Н. Сауранбаев үнемді көсемше( -а, -е, -й), үнемсіз көсемше (-ып, -іп) , мақсатты көсемше (-ғалы, -гелі) деп бөлсе,

А. Ысқақов өткен шақ көсемше - (-ып, -іп, -п),

осы шақ көсемше - (-а, -е, -й) және

келер шақ көсемше - (-ғалы, -гелі, -ғанша) деп көрсетеді.

Көсемше екі жақты қызметте жұмсалады. Бірі - етістіктің грамматикалық сипатын көрсетіп, қимылды білдіріп, шақ категориясын, күрделі етістікті жасауға негіз болады. Екіншісі - қимылды емес, қимылдың әртүрлі сынын, амалын, белгісін, т.б. білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбей, үстеу қызметінде жұмсалады.

Яғни бірде баяндауыш, бірде пысықтауыш қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет