Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткен, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.
Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді,Отанға деген сүйіспеншілікті,жоғары адамгершілікті,мәдениеттілікті,өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар,кездесулер,сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты
азаматтардың,спорт жеңімпаздарымен,белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп,олардың Республикамыздың Туына,Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |