5 – нұсқа 1. 1928-1932 жж. Қазақстандағы өкімет саясатына наразылықтың себептері
болган науқан
A)ұжымдастыру
B)азамат соғысы
C) индустрияландыру
D) жаңа экономикалық саясат
E) жер-су реформасы
2. ХХ ғасырдың басында кезінде пайда болған жаңа әдістемелік мектептер
A) лингвистика
B) лицей
C) училище
D) медресе
Е) жәдидтік
3. XIX-XX ғасырлар тоғысында 100-ге жуық қазақ жастары жоғары білім алған
ресейлік қала
А) Варшава
B) Бомбей
C) Ташкент
D) Стамбул
E) Қазан
4. "Абай" журналына Алаштың әнұранын жариялаған қоғам
қайраткері, жазушы
А) М. Шоқай
В) М. Тынышбаев
С) Ж. Аймауытов
D) Б. Сыртанов
Е) М. Жұмабаев
5. Қарахан мемлекетінде дінбасыларының жер иелену түрі
A) інжу
B) тағар
C) иқта
D) вакф
E) мүлік
6. Ержүректігі, жеңістері үшін Жәңгірге халықтың берген атағы
А) Сүзеген
B) Ержүрек
С) Сабалақ
D) Салқам
E) Батыр
7. Тұрсын сұлтанды Ташкент билеушісі деп жариялаған хан
А) Әбу Саид ильхан
B) Мұхаммед Шайбани
С) Аштархани Иманкули
D) Захир ад-Дин Мұхаммед
Е) Әмір Темір
8. IX ғасырдың соңында хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы
берген мемлекет
А) Түргеш
В) Қарақытай
С) Қарахан
D) Қимақ
E) Оғыз
9. Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру шарасының нәтижесі
А) Алтын өндіруден бірінші орынға шықты
В) Нілді зауытының құрылысы басталды
С) Мойынты-Шу темір жолы салынды
D) Түсті металдардың негізгі өндірушісіне айналды
E) Орынбор-Ташкент темір жолы салынды
10. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның сыртқы саудадағы негізгі өнімі
A) IT-технология
В) машина жасау
C) мақта-мата
D) әскери қару
E) шикізаттық өнімдер
Түркі ақсүйектері жерленген қорғандарға құлпытастар ғасырлар бойы
қойылды. Құлпытас жазуларында түркі халқының өмірлік құндылықтары мен
адамгершілік мұраттары бейнеленген. Орхон және Енисей өзендері
алқаптарындағы ескерткіштер түрі руна жазуының ғажайып үлгісі саналады.
Ескерткіштер осы өңірден табылғандықтан «Орхон-Енисей жазуы» деп аталды.
Барлық жазулар түркі қоғамының бүкіл жұртшылығына арналған
үндеулерден тұрады. Үндеу авторлары халықты қаған маңына бірігіп, топтасуға шақырады. Білге қаған мен Күлтегін құрметіне арналған жазулар шешендік өнер мен саяси прозаның тамаша үлгілері саналады. Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен басып жазу да түркілердің жетістігі болып табылады. Ксилографияның шығу тегі мөрден басталады. Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет VII ғасырдың бас кезінде қолданылған. Ғалым С.Е.Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді. Рунатанудың (рунология) ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткіштерінің бірде-бірі әлі күнге дейін оқылған жоқ. Ал сол кезеңдегі көне түркі мәтіндері қазіргі қолданыстағы сөздей жақсы оқылады.
11. Ағашқа ойып жазу әдісі
A) нумерология
B) генеология
C) рунология
D) филология
E) ксилография
12. «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегін жазған ғалым
A) В.Радлов
B) А.Герасимов
C) С.Е.Малов
D) В.Томсен
E) Л.Гумилев
13. Рунатанудың ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында оқылмаған
ескерткіштер
A)түрік рунасы
B) германиялық руна
C) сына жазуы
D) ұйғыр жазуы
E) еуропалық руна
14. Мәнмәтін бойынша түркі халқының қаған маңына бірігіп топтасуға
шақырған үндеуін анықтаңыз
A) «Авеста»
B) «Орхон-Енисей» жазбалары
C) «Бехистун жазбалары»
D) «Кодекс Куманикус»
E) «Яса» (Жасақ)
15. Мәнмәтін бойынша түркі халқының өмірлік күндылықтары мен адамгершілік мұраттары бейнеленді
A) Араб жазуында
B) Сына жазуында
C) Төте жазуда
D) Құлпытас жазуларында
E) Парсы жазуында