Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады.