Білім беру бағдарламасы – Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі) – Оқыту тілі – қазақ
Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) – Кредиттер саны – Сағаттардың жалпы саны –
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Болашақ мамандарды терең де жан-жақты білімімен, біліктілікпен қаруландыру; Педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру,
Болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
Студенттерде өркениеттік – антропологиялық тұрғыдан тарихи- педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;
Жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи-салыстырмалы сипатта қарастыру;
Педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту:
Тарихи – педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыруына ықпал жасау.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: арнайы тарихи, ғылыми педагогикалық және теориялық білімдерді практикалық тұрғыдан пайдалану құзыреттілігі
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:Педагогик атарихы курсы мазмұнының теориялық негіздері мен қолданбалы әдістерін кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуде пайдалана алады.