Жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды



бет7/16
Дата18.09.2022
өлшемі50,57 Kb.
#39424
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Бақылау сұрақтары:
1.Функционалды стильдер дегеніміз не және ауызекі сөйлеу тіліне қандай қызмет тән?
2.Ауызекі тұрмыстық стильдің жанрлары.
3.Функицоналды стильдердің жасалуына әсер ететін тілдік емес факторларды анықтаңыз.
4.Ауызекі сөйлеу стиліне қандай қате қолданыстар тән?
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984.
2.Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977
3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1985
4. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1996
Дәріс №7
Тақырыбы: Ресми стиль, іс-қағаздар стилі


Оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды


Жоспары:
1.Ресми стильдің қолданылатын саласы
2.Ресми стильдің қызмет ету түрлері
3.Ресми стильдің түрлері
4.Ресми стильге тән тілдік-стильдік белгілер


Дәрістің мақсаты: Ресми іс-қағаздар стилінің өзіндік ерекшелігін, пайда болу тарихын және қазіргі ресми іс-қағаздар стиліндегі жаңа өзгерістерді таныту.

Бұл стиль мемлекеттік актілерден бастап, жай іскерлік хаттарға (қатынас қағаздары) дейінгі әртүрлі құжаттардың тілін қамтиды. Міндеті: үкімет органдары мен халық арасындағы байланысты орнату. Әр түрлі құжаттардың тілінде айырмашылықтар болғанмен, тұтас алғанда, ортақ белгілері мол.


Ресми-іскери стиль ресми қарым-қатынас саласына, құқық пен мемекеттік саясат саласына қызмет етеді. Мемлекет, мекеме және адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нормативті актілерді құрастыруда пайдаланылады. Ресми сөз хабарлау және бұйыру, ұйғару, талап ету қызметтерін атқарады.
Ресми-іскери стиль қай салада қызмет ететініне қарай: 1) заңдық-құқықтық; 2) дипломатиялық; 3) әкімшілік-кеңсе кіші стильдеріне бөлінеді.
Біріншісіне конституция, қаулы-қарар, заң, жарғы, азаматтық және қылмыстық актілерінің т.б. мәтіндері жатады. Екіншісіне нота, коммюнике, конвенция, меморандум, халықаралық келісімшарттар т.б. мәтіндері жатады. Үшіншісіне кеңсе хаттары, әкімшілік актілер, шешімдер, договорлар,әртүрлі құжаттар (өтініш, сенімхат, қолхат, мінездеме, хаттама т.б.) мәтіндері жатады.
Стандарттылығы, тұрақтылығы жағынан ресми-іскери құжаттар үш топқа бөлінеді:

  1. Стандартты болмаса, заңдық күші болмайтын (паспорт, диплом, туу, неке куліктері, аттестат, диплом т.б.).

  2. Стандартты формасы болмаса да, белгілі бір көшірме (стереотип) сипаттағы (қарым-қатынасқа қолайлы болуды көздеп):(нота, келімшарттар т.б.).

  3. Міндетті стандартты форманы талап етпейтін (хаттама, шешімдер, есеп, іскерлік хаттар).

Ресми құжаттар белгілі ереже, үлгіге сай дайындалатындықтан (ертеден қалыптасқан), стандартты форма – оның мәнді белгісі. Ресми-іскери стиль басқаларға қарағанда тұйықталған, тұрақты, дәстүрлі және стандартты. Әрине, оның да эволюциясы бар, қоғамдағы тарихи-әлеуметтік өзгерістерге байланысты ол да өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде ол өткір ұшталған баяндауға, белгіленген, тұрақталған және мол ақпаратқа ие тілдік құралдарды пайдалануға ұмтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет