Ситуациялық есептер: №1 есеп: Н., есімді 35 жастағы науқас, аймақтық терапевт дәрігерде ем қабылдаған.
Диагнозы: ІІ дәрежелі эссенциалды гипертония.
Медикаментозды терапия қабылдаған.
Сұрақ:
1. Мейірбике осы науқасқа реабилитологияның тағы қандай құрадарын тағайындай алады?
2. Осы жағдайға психологиялық реабилитацияны ұсынуға болады ма?
№2 есеп: 32 жастағы науқас, асқазанның ойық жарасымен стационарлы ем қабылдаған. Қазіргі кезде шағымы жоқ. Тәулігіне 10 темекі тартады.
Сұрақ:
1. Алдағы реабилитация неден тұрады?
2. Санаторияға жіберуге болады ма?
3. Мейірбике реабилитацияның жеке бағдарламсын құрастырғанда медициналық реабилитацияның қандай этаптарын көрсетуі керек.
4-сабақ. 1. Тақырыбы: Пелоидотерапия. Емдік балшық классификациясы. Биологиялық және химиялық құрамы.
2.Мақсаты: Шипажайдың негізгі түрлері мен сипаттамасын өздігінен оқып,әсер ететін факторларын және емдеу ұзақтығын білу.