Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

 Көптеген  астрономдар  бұндай  периодтылықты  Күннің  гипотезалық  серігі  –  массасы 

Күн  массасының  0,08  ден  0,3  дей  болатын,  қатты  созылған  эллипс  тәрізді  орбитамен 

айналатын  –  Немезиданың  болуымен  байланыстырады.  Ғалымдардың  пікірлерінше 

Немезида  құралы  комета  мен  астероидтардың  ядролары толған  Оорт  бұлттарына  әсер  етіп, 

оларды  орбиталарынан  ығыстырады,  нәтижесінде,  олардың  Жерге  құлауына  тікелей 

себепкер  болады.  Немезиданың  Күнге  жақындауы  15  миллион  жылдан  кейін  болады  деп 

күтілуде. 

 Америкалық астрофизиктер Д. Уитмаир мен Дж Матистің пікірінше, катастрофаның 

себебі,  гипотетикалық  Немезида  емес.  Басты  себебі  ретінде  олар  Күннен  50-100 

астрономиялық  бірлік  қашықтықта  орналасқан  10-шы  планетаны  көрсетеді.  Бұл  планета 

эллипс  бойымен  айналады,  айналып  шығу  кезеңі  1000  жыл.  Ол  Оорт  бұлтының  денелеріне 

әсер  етіп,  кейбір  кометалар  мен  астероидтарды  орбиталарынан  шығарып  жібереді  де,  олар 

жерге құлап түседі. 10 шы планетаның бар екендігін дәлелдейтін көптеген фактілер бар. Бұл 

туралы  Дж  Андерсон  бастаған  америкалық  ғалымдар  планетааралық  станциялардан  келіп 

жеткен  сигналдарды  қабылдап  алу  арқылы  бақылау  жүргізу  нәтижесінде  көп  мәліметтер 

алды. Дегенмен, 10-шы планетаның дәл орнын анықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. 

 Кейбір  астрофизиктер  астероидтар  мен  кометалық  белдіктердің  өзгерісін  Күн 

жүйесінің Галактика ядросын айнала периодты қозғалуымен байланыстырады. Бұл кезде Күн 

жүйесінің  шамамен  әрбір  30  млн  жылда  газ,  шаң,  астероид,  кометаларға  толы  галактика 

жазықтығын  кесіп  өтеді.  Осы  кезде  бұл  денелер  өз  траекторияларынан  ауытқып,  Жерге 

құлап түседі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет