Жұмыстарды сатып алу жөнінде шарт № АҚ "Алматинские электрические станции", бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата21.09.2022
өлшемі1,62 Mb.
#39724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
5. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
5.1. Тапсырыс беруші жұмыстардың Шарт талаптарына сәйкестігін тексеруге құқылы.
5.2. Мердігердің орындалған жұмыстарды тапсыруы және Тапсырыс берушінің оларды қабылдауы екі тарап қол қойған орындалған
жұмыстар актісімен ресімделеді.
5.3. Орындалған Жұмыстарды қабылдауды Тапсырыс берушінің өкілі Жұмыстарды қарап шығу жолымен және осы Шартта көзделген
құжаттар негізінде жүзеге асырады.
5.4. Орындалған Жұмыстардың тиісті емес көлемі мен сапасы мәселелері бойынша хабарламаны Тапсырыс беруші Мердігерге
кемшіліктер, оның ішінде әдеттегі қабылдау тәсілі кезінде анықталуы мүмкін емес кемшіліктер (жасырын ақаулар) анықталған кезден
бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді. Егер Мердігер Тапсырыс берушінің хабарламасына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап бермесе,
мұндай хабарлама Мердігермен мойындалған болып есептеледі және Мердігер өзінің тәуекелдері мен шығындары есебінен хабарлама
алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген барлық ескертулер мен кемшіліктерді жоюға міндеттенеді.
5.5. Жұмыстардың жеткілікті көлемі және қажетті сапасы анықталмаған жағдайда Жеткізуші 10 (он) жұмыс күндері ішінде Жұмыстардың
жеткізілмеген және сапасыз бөлігін жеткізуге міндеттенеді, мұндай жағдайда Жұмыстардың жеткізілмеген бөлігін жеткізу бойынша
шығындар Жектізушімен төленеді.
5.6. Егер жұмыстардағы ақауларды жою бойынша іркіліс Мердігердің кінәсінен болған жағдайда, кепілдік мерзімі тиісті уақыт кезеңіне
ұзартылады.
5.7. Мердігер Шарт бойынша жұмыстарды орындау аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстарды аяқталғаны туралы жазбаша
хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші 3 жұмыс күнінен кешіктірмей шарт бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі
комиссияны тағайындайды.
5.8. Орындалған жұмыстарды қабылдаудың соңғы актісіне қол қойылған күн шарт бойынша жұмыстардың аяқталған күні болып
есептеледі.
5.9. Қабылдау комиссиясы ақауларды және/немесе кемшіліктерді анықтаған жағдайда, Тапсырыс беруші мен мердігер анықталған
ақауларды және/немесе кемшіліктерді жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған ақаулар және / немесе кемшіліктер актісін бірлесіп
жасайды. Мердігердің барлық ақауларды және/немесе кемшіліктерді жою фактісі ақауларды және/немесе кемшіліктерді жою актісіне қол
қою болып табылады.
5.10. Төлемге шоттар ұсыну Тапсырыс беруші қол қойған нақты орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін қоса бере отырып,
күнтізбелік айға орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша жүргізіледі.
5.11. Тапсырыс беруші мердігерден сатып алу туралы Шарттың талаптарында көзделген жұмыстардың орындалғанын растайтын құжатты
(құжаттарды) алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей шарт бойынша қажетті ақпаратты толтырады және ескертулер
болмаған жағдайда жұмыстардың орындалғанын растайтын актіге қол қояды немесе дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, жұмыстарды
қабылдаудан бас тартады.
5.12. Егер мердігер жұмыстарды орындау барысында отандық тауарларды/материалдарды/жабдықтарды сатып алса, онда орындалған
жұмыстарды Тапсырыс беруші шартқа № 7 қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау кезінде нақты сатып алынған
тауарлар/материалдар/жабдықтар туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін ғана қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет