Пәннің мақсаты – саясаттың қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтарын зерттеу, студенттерді елдің саяси өміріне қатысуға дайындау, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Күтілетін оқу нәтижелері.
Пәнді оқудың нәтижесінде гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми кластері мамандығының студенттері келесідей қабілеттіліктерге ие болады:
- саяси институттардың (өкілеттілік институттуры мен мүдделер келісімділігі) ұйымдастырылуы мен қызмет ету ерекшеліктерін сипаттау;
- саяси биліктің, саяси институттардың, ішкі, сыртқы, әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың қызмет ету механизмдері мен принциптерін түсінуді көрсету;
- саясаттың мәні мен қызмет ету заңдылығын және дамуын, оның қоғам өмірінің түрлі салаларындағы рөлін түсінуді көрсету;
- саяси жүйелер мен саяси режимдердің өзара байланысын негіздеу;
- түрлі қайнар көздерден алынған саяси ақпараттардың объективтілік деңгейін бағалау, өзінің азаматтық ұстанымын аргументті көрсету, фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды қазіргі заманғы мемлекеттердің саяси стратегиялары мен ұлттық мүдделерін талдау негізінде бағалау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі бірегейліктің (ұлттық, азаматтық) жетекші рөлін негіздеу;
- әлеуметтік-саяси жанжалдардың сипатын анықтау және олардың легитимділігін бағалау;
- жаңа идеяларды туындату және өзгермелі саяси шынайылықта қолдану.