Жойып, пайда келтіреді


Өзен шаянының ішкі құрылысы. Басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы. Шаян тәрізділер класының сипаттамасы



бет18/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Өзен шаянының ішкі құрылысы. Басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы. Шаян тәрізділер класының сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Өзен шаянының ішкі құрылысындағы өзіне тән ерекшеліктерін анықтау. Шаян тәрізділердің маңызын анықтау.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Тірі объектілер. Пробиркадағы циклоп пен дафниялар. Табиғи препараттар. Ішін жарған өзен шаяны, крабтар, омарлар және т.б. Суретпен бейнеленген құралдар. Өзен шаянының және басқа да шаян тәрізділердің ішкі құрылысы бейнеленген таблицалар.
Сабақтың барысы: Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
Өзен шаянын мүшелеу бағытындағы жұмыстьар. Жақсы орындалған жұмыстарды ерекше атап көрсету. Тақтаға шығарылған оқушыға таблицадан өзен шаянының баскөкірегіни көрсету және оған қандай органдар келіп бекітілетінін, олардың маңызын айтып беру тапсырылды.
Жаңа материалды оқыту: Мұғалім шаянның ішін қалай жаруды көрсетеді және өзен шаянының ішкі құрылысы жайында қысқаша баяндап, шаянды таблицадан көрсете тұрып, оны жауын құртымен салыстырады. Оқушылар іші жарылған өзен шаянының препаратын қарап көреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап қайтаруды ұсынады.
Өзен шаяны сыртқы ортадан не алады? Шаян организмінде қоректік заттар қандай өзгеріске ұшырайды? Шаянның денесіне оттек қалай кіреді.Шаян организміндегі зиянды заттар қандай органдары арқылы қайда шығарылады?
Мұғалім қайтарылған жауаптан соң қорытынды жасайды. Сыртқы ортада шаянның денесіне оның тіршілігіне қажетті заттардың бәрі енеді. Олардың қорытындылауының нәтижесінде қоректік заттар түзіледі де клеткаларға өтеді және сол жерде клетка затына айналады. Клеткалар өседі, көбейеді. Сонымен қатар клеткаларда заттар ыдырап, тіршілік әоекетіне қажетті жылу энергиясын бөліп жатады. Ыдырау процесі нәтижесінде зиянды заттар түзіледі де, организмнен шщығарылып тасталынады, сөйтіп организм мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып тұрады. Бұл процес оның әрбір клеткасының ішінде жүреді, сондықтан да клетка ішілік зат алмасу деп делінеді. Бұл процесті мына схема күйінде көзге елестетуге болады. Мұғалім схеманы тақтаға жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне көшіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет