Жоспар Кіріспе Ғұн мемлектінің пайда болу тарихы Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы



бет6/7
Дата03.10.2022
өлшемі42,71 Kb.
#41175
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды
Ғұндардың тарих сахнасынан кетуіне басты себепғ сырттан Қытай империясымен,ішкі талас-тартыста себеп болды. Б.з.д. 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді.
Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды.
Б.з.д. 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі.
Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-жи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Б.з. Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дөстүрлі тәңірқұты атағын алды.
Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Қорытындылай келе Ғұндар мемлекетінің саяси құрылысының қазіргі таңда Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік құрылымында алар орны ерекше. Басты себеп, қазақ мемлекеттілігінің қалыптастасу процесі сол сақ, ғұн, қаңлы .б. тайпалар мен мемлекеттерден бастау алуымен дәлелдеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет