Жоспары: І. Кіріспе


Лимонды сусынды дайындаудың бірнеше қарапайым жолы бар



бет5/9
Дата13.01.2023
өлшемі6,21 Mb.
#61141
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.3. Лимонды сусынды дайындаудың бірнеше қарапайым жолы бар:
1. Лимон кесегін қайнаған суға қосып, 10-15 минут күтіңіз (1 кесек 1 стақанға).
2. Жарты лимоннан сығылған шырынды бір стақан жылы суға құйып, бір шай қасық бал қосыңыз. Бұл лимонды сусынды ұйқы алдында ішкен өте пайдалы.
3. Жасыл шайға лимон шырыны мен алма сірке суын (бір шай қасық) қосыңыз. Бұл шайді күніне 3 реттен жиі ішуге болмайды.

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 11



Арықтағысы келетіндер лимонды суды күнделікті таңертең аш қарынға және ұйқыға 1-2 сағат қалғанда ішсін. Әрине жалғыз лимонды суда арықтап кету мүмкін емес. Жалпы рационыңызға көңіл бөліңіз: тәтті, майлы, тым тұзды, қуырылған тағамдардан бас тартып жазда пайда болған көкөністер мен жемістерді көптеп жеңіз. Айта кетсек, бұндай лимонды сусын ішкеннен кейін ауызыңызды таза сумен шайған дұрыс. Себебі лимон шырыны тістің эмалін бұза алады. Сондай-ақ асқазаны, ас қорыту жүйесінің қиындықтары бар адамдар лимонды тым көп қабылдамағаны дұрыс. Ағаштың өсуі мен түсуі үнемі болып тұрады. Өлі шаш кейде тері қабатында тұрып қалуы мүмкін, бірақ кез келген механикалық әсерден (жуу немесе тарау кезінде) тез түседі. Түскен шаштың орнына жаңадан шаш шығады. Шаштың көп түсуі ағзаның сырқатына, әсіресе инфекциялық, созылмалы ауруларға сондай-ақ май бөлудің (себорея) бұзылуына байланысты болады, сондықтан да шаш көп түскен кезде дәрігерлерге қаралған жөн.
Басты ыстық сумен, дұрысы ағын сумен жуған жөн, егерде су ащы болса жауын сумен немесе қайнаған суды пайдаланған жақсы. Суды ас содасын (1 литр суға шай қасық 1/2бөлігіндей) қосып жұмсартуға болады. Шаш қалыпты жағдайда болса, басты жеті күннен кейін, құрғақ шашты – 7-10 күнде 1 рет, майлы шашты -5-7күнде 1 рет жуу керек. Шаш майлы болған жағдайда басты өте жиі жуу майдың бөлінуін күшейтіп жіберуі ықтимал. Қалыпты, сау шашты жууға бәрінен де дұрысы «Детское», «Любимое» сабынының және шашқа сәйкес келетін шампунь қолданған орынды, ал кір сабынмен жууға болмайды. Шашты сабынның көбігіне, оны басқа жайлап айналдыра жағып жуған жақсы. Соңғы рет шайған кезде суға сірке суын немесе лимон шырынын қосса (1 л суға 1 ас қасық) шашты жылтыратып, жібектей жұмсартып, әдемі рең береді. Ақ шашты әдемі сарғылт рең беретін ромашка тұнбасымен шаюға болады.
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет