Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу шараларын қарастыру



бет3/3
Дата16.10.2023
өлшемі181,19 Kb.
#115749
1   2   3

Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді. Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады. Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.

  • Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді. Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады. Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
  • Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс. 

Қорытынды

  • Қатер төнген аймаққа індет ошағын қоршаған аймақ жатады.Оның ауданы табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларға ,қатынас жолдарының орналасуына және олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты анықталады. Кейбір аса қауіпті індеттер кезінде бұл шаралардың талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді. Карантин мен шектеу індет буындарының ішінде ауру қоздырушысының берілу тетігіне әсер етеді.Ауру қоздырушысының берілу тетігіне қарсы бағытталған шараларға сонымен бірге дезинфекция, дезинсекция, дератизация, қалдықтарды өлексені,көңді, т.б. зарарсыздандыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет