Жумагулова айша алгабековна


 Лингвоэкологияның ғылыми пәндік негіздемесі



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
1.2 Лингвоэкологияның ғылыми пәндік негіздемесі
Ұзақ жылдық даму тарихында жинақталған теориялық әрі практикалық 
материалдар әр тарапты теориялық-әдістемелік ізденіс нәтижелерінен, әртүрлі 
қайшылықты көзқарастар тезінен сараланып, күрделі даму жолынан өткен 
лингвоэкологияның гуманитарлық және лингвистикалық пәндер арасындағы 
мәртебесін ғылыми тұрғыдан негіздеуге жол ашады. Қазіргі уақытта қазақ 
лингвоэкологиясы пәнаралық жаңа бағыт саналғанымен, бұл бағытта жасалған 
зерттеулер лингвоэкологияны тілді зерттеудің кешенді мәселелері мен әдістерін 
сипаттайтын синтезделуші ғылыми пән ретінде тануға мүмкіндік береді.
Ол үшін лингвоэкологияның пәндік теориясын негіздеу қажет болады. 
Пән теориясы сол пәннің ғылыми маңыздылығымен, қарастыратын 
мәселелерімен, пәндік белгілерімен және нысанымен, зерттеудің әдіс-
тәсілдерімен, ғылыми-концептуалдық ұғымдық аппаратымен негізделеді
[4, б. 11].
Лингвоэкологияның пәндік шекарасын анықтауда алдымен зерттеу 
бағытының нақты дефинициясын белгілеп алу қажет. Себебі ғалымдар 
тарапынан лингвоэкологиядан бөлек тіл экологиясы, экологиялық лингвистика, 
эколингвистика терминдерін араластыра, жарыстыра қолдану жағдайлары 
кездеседі. Мұндай жарыспалылық төмендегі анықтамалардан анық көрінеді:
1. Лингвистикалық экология (тіл экологиясы) – экологиялық 
мәселелердің тілдік аспектілерін зерттейтін ғылыми пән [24].
2. Тілдік зерттеулерде ХХ ғасырдың 90-жылдарында пайда болған 
«лингвоэкология» термині жаңа ғылыми пәнді емес, «сөйлеу мәдениетін 
көтеру» немесе «тілді қажетсіз кірме сөздерден, вульгаризмдерден, 
диалектизмдерден тазалау жолындағы күрес» дегенді білдіреді, басқаша 
айтқанда «лингвоэкология» термині «тіл білімінің бір саласының ықшамдалған 
анықтамасын» береді [25].
3. Тіл экологиясы (лингвоэкология, эколингвистика) – тілдің қызметі мен 
дамуына кері әсер етуші факторларды, сондай-ақ тілді байыту мен жетілдіру 
жолдары мен тәсілдерін зерттейтін лингвистикалық теория мен практиканың
бағыты [1, с. 43].
4. Лингвоэкология (тілдік экология немесе эколингвистика) – бұл тілдің 
дамуы мен қолданылуына теріс әсер етуші факторларды зерделейтін және 
тілдік қарым-қатынас практикасын жетілдіру мен тілді байыту тәсілдерін 
іздейтін сала [26]. Адамның ой-санасы өскен немесе өзгерген сайын тілдің 
лексикалық қабаттары жаңа сөздермен толығады я болмаса тілдік өзгерістерге 
ұшырайды. Мұндай өзгерістер тілдің жаңаруына немесе тіл тазалығының 
бұзылуына, әдеби тілдің нормаларының сақталмауына да әкелуі мүмкін. Тілде 
үздіксіз болып жататын осындай құбылыстарды лингвоэкология саласы 
зерделеп, тілді бейпіл сөздерден, варваризмдерден, жаргон сөздерден, 
грамматикалық, фонетикалық қателерден таза ұстау мақсатын ұстанады [26]. 
Берілген анықтамаларда лингвоэкология мен эколингвистика терминдерін 
абсолютті синоним ретінде қолданумен қатар, лингвоэкологияны бірде ғылым, 
бірде ғылыми бағыт, ғылыми парадигма, ғылыми лингвистикалық пән, тіл 


19 
білімінің саласы, тіл біліміндегі бағыт деп түрліше атағандарын да көруге 
болады. Ғалымдар арасында талас тудырып келген бұл мәселелер 2017 
жылдардан бергі зерттеулерде шешімін тауып келеді. 
Бұл мәселеге қатысты Э. Хауген ғылыми білім саласының қалай 
аталатыны айтарлықтай маңызды емес деген ой айтады. Дегенмен зерттеуші 
басқаларына қарағанда мағынасы кең «тіл экологиясы» терминін қолдану 
жөнінде ұсыныс айтады: «Экология тек сипаттаушы ғылымның атауы ғана 
емес, оның қолданылуы экологиялық сауықтыру қозғалысының байрағына 
айналды деп болжам жасауға болады. Тілге қатысты бұл термин тілдердің 
таралуы мен сақталуына мүдделі кәсіби емес мамандар арасында да 
қызығушылық тудыруы мүмкін. Экология статикалық ғылымды емес, 
динамикалық ғылымды талап етеді» [3, р. 21]. Жаңа идеяны ұсынған Э. Хауген 
үшін терминология мәселесі алғашында маңызды болмаса керек. Себебі ол 
кезде бұл салада жұмыс істейтін ғалымдардың аз болуымен қатар, 
концептуалдық аппараты да тиісті деңгейде қалыптасып үлгермеді. Оның 
үстіне Э. Хауген «тіл экологиясы» терминін енгізген кезде қазіргі 
эколингвистерді алаңдатып отырған эколингвистиканың түрлі бағыттарын бір 
терминге біріктіру мәселесі тумаған болатын.
Лингвоэкология мәселелеріне арналған талдамалы шолу еңбектерінде 
аталған ұғымдарды дифференциациялауға жасалған талпыныстар да бар. Ондай 
еңбектердің қатарына шетелдік ғалымдар А. Филл, Х. Пенц, А. Стибб,
П. Мюльхойзлердің, орыс тіл білімінің өкілдері А.А. Полухин, С.В. Ионова, 
В.П. Коровушкин, Н.А. Курашкина, И.Н. Потеряхина, А.А. Громорушкина, 
А.П. Сковородниковтің, т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.
А. Стибб эколингвистиканың заманауи өркениеттің дамуына кедергі 
келтіретін экологиялық дискурсты зерттеумен айналысатынын айтады.
А. Стибб үшін эколингвистика – тіл білімінің саласы емес, пәнаралық білім 
саласы. Атауындағы «эко» дискурстың экологиялық призма арқылы 
қарастырылуымен байланысты, ал «лингвистика» лингвистикалық талдау 
әдістерін қолданумен түсіндіріледі. Ғалымның пікірінше, эколингвистика – 
түрлі білім саласының өкілдері, ғалымдары мен зерттеушілері жұмыс істейтін 
өте үлкен бағыт [27]. 
Х.Г. до Коутудың анықтауынша: «Эколингвистика – тілдік феномендерді 
зерттейтін платформа». Ғалым экологиялық зерттеу амалын тілдегі 
фонетикалық та, фонологиялық та талдауға қолдануға болатындықтан, 
эколингвистиканың аумағы әлеуметтік лингвистика мен экокритикалық 
дискурс-талдаудан да ауқымды деген ой айтады. Осылайша Х.Г. до Коуту 
бойынша, эколингвистика – түрлі тілдік феномендерді зерттеуге арналған 
платформа, біріктіруші бастау нүктесі. Ол тіл экологиясының орнына таңбалар 
экологиясы ұғымын қолдануды ұсынған, яғни эколингвистиканы семиотикаға 
жақындатқан ғалымдардың пікірін келтіре отырып, экологияның концептілерін 
пайдаланатын эколингвистиканың гуманитарлық ғылымға жатпайтынын 
айтады [28]. 


20 
А. Филл мен П. Мюльхойзлер эколингвистиканың тіл экологиясы және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет