Жусупова д. Ж


 АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет52/68
Дата07.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#18448
түріПрактикум
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
3. АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ 
 
3.1.  Білім  алушылардың  жетістіктерін  критериалды  бағалауды 
ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері 
 
Қалыптастырушы  бағалау  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі  болып  та-
былады,  мақсаттар  дағдыларының  қалыптасу  және  білімді  меңгеру  дең-
гейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы 
оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушы-
лар  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді,  балл  не 
баға  қоймастан  оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Қалып-
тастырушы  бағалау  –  оқушының  оқу  нәтижесінің  үнемі  ілгерілеп  және 
дамып  отыруына  ықпал  ететін,  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы 
арасында  кері  байланысты  қамтамасыз  ететін  үдеріс.  Оқыту  мен  оқуды 
тиімді  түрде  ұйымдастыру  үшін  әр  оқушының  ілгерілеуі  мен  ағымдағы 
түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы ба-
ғалау  барысында  жүргізіліп,  оқушының  оқу  жетістіктері  туралы  шешім 
қабылдауға мүмкіндік береді.Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың 
біртұтас құрамдас бөлігі болып табылады, оны қосымша жаттығу мен тест 
тапсырмалары деп қабылдамаған дұрыс. 
Бүгінгі күні мақсаттар оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің ма-
ңызды  да  салмақты  бөлігі  болып  табылады,  оқыту  үдерісін  басқарудың 
түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Бағалау 

  оқыту  нәтижесін 
анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңге-
рудегі  кемшіліктерін  жоюда,  оның  үлгерімінің  нәтижелі  болуына  ықпал 
ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ға-
на  шектелетін  тәсіл  емес,  ол  материалды  меңгеру,  меңгермеу  фактісімен 
қатар  оның  себептерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  оқытудың  маңызды 
құрамды бөлігі болып табылады. 
Өзара  бағалау  оқушыларға  кері  байланыс  беруге  көмектеседі,  яғни 
бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен тал-
қылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік бере-
ді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал 
етеді,  нәтижесінде  ол  мақсаттар  бойында  өзінің  алға  дамуы  үшін  жауап-
кершілігін арттыруға бағытталады. 
Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында бала-
лар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын 
болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсіннә-
тиженін  көрсететінін  айтып  өткен  жөн.  Яғни  әр  оқушы  өзіне  сын  көзбен 
қарай бастайды. 


82 
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңыз-
ды  емес,  оның  топпен  қалай  жасалғаны  маңыздырақ.  Бұл  жағдайда  жұ-
мыстың  нәтижесі  ғана  бағаланбайды,  сонымен  қатар,  жұмыс  барысы  да 
бағалануы тиіс, өйткені, топта жұмыс істей білу баланы қалыптастыруда-
ғы өте маңызды құзыреттілік. Бұл жағдайда формативті бағалау оқу про-
цесінің  бір  бөлімі  болып  табылады,  себебі,  топпен  бірге  жұмыс  істеу 
арқылы шәкірттер бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып өзара байланыс 
жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде баға-
лау керек еместігін есте ұстағаны жөн.Топтық жұмыс әдісімен  мақсаттар 
жетістіктерін  қалай  бағалауға  болады?  Оның  бірнеше  бағыттары:  ұстаз-
дың әрбір топтың белсенділіктерін, белсенді  қатысып  отырған білім алу-
шыларды  және  өзін-өзі  бағалауы.  Топпен  бірге  жұмыс  істеуді  ұйымдас-
тырғанда мұғалім алдымен мынадай шарттармен таныстырып өтуі керек: 
топтық  жұмыстың  мақсаттарын  хабарлау  және  оның  оқытылатын  тақы-
рыпты  оқыту  әдісімен  үйлесімділігі,  соңында  кім  бағалайтыны  жайлы 
хабарлап алу. Ұстаздың топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың 
әрқайсысына әртүрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі, ол топтық жұмыс-
тың белсенділігіне кері әсерін тигізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет