К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет122/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   446
2
• Әңгімесу
3
• Сұхбат
4
• Сауалнама жүргізу
5
• Тест
6
• Құжаттарды зерттеу
7
• Ғылыми жоба
8
• Педагогикалық портфолио


99 
 
таратудың  бақылауға  көнбейтін  кері  процесінің  күннен  күнге  артып  бара 
жатқаны байқалады. 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  шешімімен  «ХХІ  ғасыр  –  ақпараттандыру 
ғасыры»  деп    аталды.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми-техникалық 
прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды  ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне 
енді.  Қоғамды  ақпараттандыру  –  экономиканың,  ғылымның,  мәдениеттің 
дамуының  негізгі  шарттарының  бірі.  Осы  мәселені  шешудегі  басты  рөл 
мектепке жүктеледі. 
Ақпараттар  сипаттамасы  көбейген  сайын  педагогикалық  процестің 
жағдайы  нақтылана  түседі.  Сондықтан  ақпаратты  сұрыптауға  іс-әрекеттердің 
барлық  түрлері  мен  оның  көрсеткіштерін  талдау  негізге  алынады.  Сонымен, 
педагогикалық  ақпарат  дегеніміз  –  үйретілетін  нысан  туралы  барлық 
мәліметтер  емес,  керісінше  оның  мәнді  әрі  керекті  педагогикалық  процесті 
көрсететін негізгі сипаттамалары. 
Педагогикалық  процесс  жағдайының  дәстүрлі  талдауы  және  оның 
қорытындыларының  объективтік  бағалауы  қандай  да  бір  дәрежеде  білім  беру 
мекемесінде  педагогикалық  менеджменттің  сапасын  да  анықтауға  мүмкіндік 
береді. Бірақ білім беру процесі сапасының және басқару процестері сапасының 
өзара  негізделуі  біркелкі  сипатта  болмайды,  өйткені  мектеп  қызметінің 
табыстылығы  көптеген  факторларға  байланысты.  Іс  жүзінде  білім  беру 
мекемесінің  басшысы  кәсіби  біліктілігінің  жетіспеушілігін  педагогикалық 
ұжымның  кәсіби  құзыреттіліктерінің  жоғары  сипаттамалары,  қалыптасқан 
танымдық  түрткілерге  және  білімін  жалғастыруға  деген  ұстанымдарына  ие 
оқушылардың  дамыған  зияткерлік  қабілеттерімен  орны  толатынын  байқауға 
болады.  
Ұйым    жұмысының  тиімділігін  анықтайтын    әлеуметтік-экономикалық 
көрсеткіштер: 
1) тұрақтылық (өндіріс, құрылым, нарықтағы жағдай); 
2) өсу  (өндіріс,  жұмыспен  қамтылғандардың  санының,  жаңалықтарды 
енгізуінің өсу қарқындары); 
3) ұйымның  сыртқы  ортаның  өзгерулеріне  бейімделу  қабілеті  (сыртқы 
орта және ұйым қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысы); 
4) ұйымның 
өз  қызметін  ұзақ  мерзімді  ауқымда  жоспарлай  білуі, 
болашақ  өзгерістерді  болжай  алу  қабілеті,  бұл  белгілі  дәрежеде  тұрақсыз 
экономика жағдайларында тәуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік-экономикалық  өлшемдер,  әлеуметтік  саладағы  мекемелер 
пайда табуға  бейімделмегендіктен, осы мекемелердің қызмет тиімділігін, оның 
ішінде, олармен басқаруды бағалау кезінде негізгі болмайды. 
Әлеуметтік-ұйымдастырушылық  әсерлер  ұйымның  есеп,  өндіріс  және 
қызметкерлердің  еңбек  процестерін  жетілдіруінде,  оның  құрылымын 
оңтайландыруда,  өндіріс  циклдерін  қысқартуда  және  басқаларда  көрініс 
табады. Құрылымдық бөлімшелердің тым көп болуы, қандай да бір функцияны 
бірнеше  құрылымдық  бөлімше  атқаратынына  әкеледі.  Осының  салдарынан 
қызметтің  үйлесуі  және  келісілуі  қиындайды,  басқарушы  лауазымдар  саны 


100 
 
артады, 
қызметкерлердің 
жұмысбастылығының 
дәрежесі 
төмендейді, 
аппаратты  ұстау  қымбаттайды.  Осы  өлшемдер,  басқару  құрылымы  қарапайым 
және  дәстүрлі  болатын,  жалпы  білім  беру  орта  мектебіне  қатысты  аз 
қолданылады.  Бірақ  жоғары  кәсіби  білім  беру  мекемелерімен  (институт, 
академия,  университеттермен  және  т.б.)  басқаруда  басқарушы  аппараттың 
өсуіне беталыс анық көрінуі мүмкін. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  мекеме    басшысының  міндеті  – 
мекемеішілік  ақпараттық  басқару  технологиясын  жасап  енгізу.  Ол 
технологияны  басшымен  бірге  білімалушылар  пайдалана  алуы  тиіс. 
Ақпараттық  банк  қалыптастыру,  оны  шұғыл  қолдану,  еңбекті  басқару  мен 
ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады. 
Педагогикалық  ақпарат  басқару  нысаны  туралы  әртүрлі  мәліметтерден 
шектеуді жүзеге асырады. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет