К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет93/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   446
 
 
 
 
Сурет-22. Мұғалімнің инновациялық даярлығының диагностикасы 
Инновациялық 
білімді меңгеру 
әдістері 
Инновациялық даярлық 
Инновациялық 
процесті 
ұйымдастырушы 
ортаны бағалау  
әдістері 
Жаңалық енгізуге 
дейінгі алғашқы кезең 
 
Инновациялық іс-
әрекеттің жүру кезеңі 
Педагогикалық 
процеске жаңалықты 
енгізгеннен кейінгі 
соңғы кезең 
Репродуктивты  
деңгей 
Эвристикалық деңгей 
Шығармашылық деңгей 


74 
 
 
Педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезеңінде 
мұғалім  өзі  қолданған  педагогикалық  технологияның  жетістіктері  мен 
кемшіліктерін  айқындай  алады,  инновациялық  іс-әрекеттің  өрбуіне  кедергі 
болған  факторларды  анықтайды,  оларға  диагностикалық  сараптама  жасайды. 
Бұл кезең мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің  шығармашылық  деңгейіне 
сәйкес келеді. Шығармашылық деңгей мұғалімнің инновациялық даярлығының 
жоғары  сатылы  нәтижелігімен  сипатталады.  Мұғалімнің  инновациялық  іс-
әрекетінде шығармашылық белсенділік, ізденістер орын алады. 
Инновациялық  іс-әрекет  нәтижесінде  мұғалім  инновациялық  процесті 
ұйымдастырушы  ортаның  әсерін  бағалап,  инновациялық  процеске  әсер  еткен 
ішкі және сыртқы факторларды анықтайды. 
Мұғалімнің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастыруда  төмендегідей 
педагогикалық принциптерді басшылыққа алған жөн: 
1) таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі; 
2) жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат- міндеттеріне сәйкестігі; 
3) жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі; 
4) таңдаған 
әдістің  мектептің  материалдық-техникалық  базасына 
сәйкестігі; 
5) жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне сәйкестігі және т.б. 
Жобалау  технологиясы  негізіне  Дьюи,  Торндайк,    Лай  сынды 
американдық ғалымдардың   идеялары алынған: 
-  бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды; 
-  іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды; 
-  балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу; 
-  шынайы  оқыту  ешқашанда  біржақты  болмайды,  қосымша  берілетін 
мәліметтер де өте маңызды. 
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден 
барлығы  өмір  үшін”.  К.Фрей  өзінің  “Жобалау  әдісі”  деген  кітабында  жобалау 
әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет