193
түзетілген), түзетілген қателерді іздеуге бағытталған тестілердің
көптеген бөлігін кітапханадан жойып тастауға болады.
Келесі тестілеу кезінде тестілерді үйлестіру керек. Тестілеудің
басында мұны жасаудың қажеті жоқ, бірақ кейіннен тестілерді біріктіру
жұмысты біршама жеделдетеді.
Тестілеу автоматтандырылған болуы керек. Егер тестілердің белгілі
бір тобы тестілеудің келесі бірнеше циклдары ішінде орындалатын
болса, онда бұл процесс автоматтандырылуды қажет етеді.
Регрессионды кітапхананың барлық тестілерін бағдарламаның әрбір
өзгеруінен кейін орындау міндетті емес. Мұны сирек жасау керек -
циклдың әрбір екінші немесе үшінші цикында. Тестілеудің соңғы
сатысында барынша ықтимал тестілер санын орындаған жақсы, ол
бағдарламаның шығаруға дайындығына көз жеткізу үшін, басқа
циклдарда тестілердің жартысы немесе тіптен үштен бір бөлігі
жеткілікті болады.
Регрессионды кітапхана ең үздік тестілерді қамту керек, олар
әзірленген болуы керек, бірақ ол тым үлкен болса, жаңа тестілерді
әзірлеуге уақыт қалмайды. Ал, жаңа тестілер ғана үлкен
ықтималдылықпен табылған қателерді ғана анықтайды. Сол себепті
жұмысты регрессионды кітапхана тестілеу тиімділігін арттыратын
құрал болып қызмет ететіндей жоспарлау керек, ол оны тежемейтін
болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: