257
оларды
бақылау
әдістері,
қаптамасына,
таңбалануына,
тасымалдануына, сақталуына, қолданылуы мен кідеге жаратылуына
қойылатын талаптар;
■
өнімді әзірлеу, өндіру, қолдану (пайдалану), жұмыстарды орындау
және қызмет көрсету кезіндегі техникалық және ақпараттық
тұтастықты қамтамасыз ететін ережелер мен нормалар, соның ішінде
техникалық құжаттаманы рәсімдеу ережелері, рұқсаттар мен
отырғызулар, өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын
қамтамасыз етудің, барлық ресурс түрлерін сақтау және оңтайлы
пайдаланудың жалпы ережелері, терминдер және олардың
анықтамалары, шартты белгілер, метрологиялық және басқа жалпы
техникалық және ұйымдық-техникалық ережелер мен нормалар.
Өнімдер
мен
қызметтердің
мемлекеттік
стандарттардың
талаптарына сәйкестігі өнімді және қызметтерді мемлекеттік
стандарттарға сәйкестігі жөніндегі таңбалау жолымен расталады.
Кәсіпорын стандарттары, оларды талаптарды қамтамасыз ету
талаптарына қарай қолдану қажеттілігінен, сондай-ақ ұйымды
жетілдендіру және өндірісті басқару мақсатында, кәсіпорындармен өз
бетінше әзірлене және растала алады. Кәсіпорын стандарттарының
талаптары, егер өнімді әзірлеу, өндіру және жеткізу, жұмыстарды
орындау және қызметтер көрсету шартында осы стандарттарға сілтеме
көрсетеліген жағдайда, басқа шаруашылық қызметінің субъектілерімен
міндетті түрде сақталуға жатады.
Ғылыми-техникалық,
инженерлік
және
басқа
қоғамдық
бірлестіктердің стандарттары әртүрлі салалардан алынған білімді,
нәтижелерді және әзірленімдерді пайдалану және серпімді тарату үшін
осы қоғамдық бірлестіктер әзірлейді және қабылдайды. Осы
стандарттарды қолдану қажеттілігін шаруашылық қызмет субъектілері
өз бетінше анықтайды.
Әлемдік тәжірибедегідей, РФ-да стандарттардың бірнеше түрі
қолданылады, олар стандарттау нысанының ерекшелігіне қарай
ерекшеленеді. Стандарттардың келесі түрлерін ажыратады:
■
негізгі
стандарттар
(ұйымдастыру-әдістемелік
және
жалпытехникалық);
■
өнім, қызмет стандарттары;
■
жұмыс/процесс стандарттары;
■
бақылау әдістеріне стандарттар (сынақтар, өлшеулер, талдау).
Достарыңызбен бөлісу: