К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет172/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   195
Байланысты:
foreign 745

13.3.
 


272 
Оларды атап көрсетейік: 
■ 
бағдарламаның немесе жүйенің қызметін белгілейтін бастапқы 
деректер және талап етілетін нәтижелер; 
■ 
әзірленіп отырған бағдарламалық қамсыздандыру қызмет етуді 
мүмкін орта (бағдарламалық және аппараттық) берілуі мүмкін, 
немесе техникалық тапсырмада көрсетілген параметрлерді 
қамтамасыз ету үшін таңдап алынуы мүмкін; 
■ 
басқа бағдарламалық қамсыздандырумен және/немесе нақты 
техникалық құралдарымен болжалды әрекеттесу - сондай-ақ 
анықталуы мүмкін, немесе орындалатын қызметтер жиынтығынан 
таңдап алынуы мүмкін. 
МемСТ 19.106-78. Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. 
Баспа түрінде орындалған бағдарламалық құжаттарға қойылатын 
талаптар, есептеу машиналарына, кешендер және жүйелерге арналған 
бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді әзірлеуге, олардың 
тағайындалуына және қолдану саласына қарамастан техникалық 
тапсырма құру және рәсімдеу тәртібін белгілейді. 
Стандартқа сәйкес «Техникалық тапсырма» құжаты бөлімдерден 
тұруы тиіс. Оларды атап өтейік: 
1) кіріспе; 
2) әзрлеу негізі; 
3) әзірлеудің тағайындалымы; 
4) бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге қойылатын талаптар; 
5) бағдарламалық құжаттамаға қойылатын талаптар; 
6) техникалық-экономикалық көрсеткіштер; 
7) әзірлеудің кезеңдері мен сатылары; 
8) бақылау және қабылдау тәртібі; 
9) қосымшалар (қажет болған жағдайда). 
Бағдарламалық қамсыздандырудың ерекшелігіне қарай, бөлімдердің 
мазмұнын нақтылауға, жаңа бөлімдер енгізуге немесе олардың 
кейбіреулерін біріктіруге рұқсат беріледі. 
«Кіріспе» бөлімінде әзірленетін бағдарламалық өнімнің мақсаты, 
бағдарламалық қамсыздандыруды және бағдарламалық қамсыздандыру 
қолданылатын нысанды қолдану саласының қысқаша сипаттамасы 
көрсетіледі. 
«Әзірлеу негіздері» бөлімінде келесілер көрсетілуі тиіс: 
■ 
әзірлеу негізінде жүргізілетін құжат (құжаттар); 
■ 
осы құжатты бекіткен ұйым және оның бекітілген күні; 
■ 
әзірлеу тақырыбының атауы және/немесе шартты белгілері. «Әзірлеу 
тағайындалымы» бөлімінде бағдарламалық қамсыздандырудың 
функционалдық және пайдланушылық тағайындалуы көрсетілуі 
тиіс. 


273 
«Бағдарламаға немесе бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын 
талаптар» бөлімі келесі қосымша бөлімдерді қамтуы тиіс: 
■ 
функционалдық сипаттамаларға қойылатын талаптар; 
■ 
сенімділікке қойылатын талаптар; 
■ 
пайдалану шарттары; 
■ 
техникалық құралдардың құрамына және параметрлеріне қойылатын 
талаптар; 
■ 
ақпараттық және бағдарламалық сәйкестікке қойылатын талаптар; 
■ 
таңбалауға және қаптамаға қойылатын талаптар; 
■ 
тасымалдау және сақтауға қойылатын талаптар; 
■ 
арнайы талаптар. 
«Функционалдық сипаттамаларға қойылатын талаптар» қосымша 
бөлімінде атқарылатын қызметтердің құрамына, кіріс және шығыс 
деректерді ұйымдастыруға, уақыт сипаттамаларына және т.б. 
қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс. Кіріс деректеріне қойылатын 
талаптарды сипаттау кезінде кіріс деректерінің сипаты, ұйымдастыруы 
және алдын-ала дайындалуы, форматы кіріс деректерін кодтаудың 
сипаты және тәсілі көрсетілуі тиіс. 
Бағдарламаның кіріс ақпараты бастапқы құжаттар (жүкқұжаттар, 
есептер және т.б.), нормативтік-анықтамалық ақпарат (анықтамалар, 
жіктеуіштер, кодтамалар, және т.б.), электронды құжаттар, кіріс 
сигналдары дәне т.б.болуы мүмкін.
Бағдарламаның шығыс ақпараты құжаттар (электронды немесе 
қағаз), деректер файлдары, шығыс сигналдары және т.б. болуы мүмкін. 
Шығыс деректерге қойылатын талаптарды сипаттаған кезде шығыс 
деректердің сипаты, ұйымдастырылуы, шығыс деректерінің форматы, 
сипаттамасы және кодтау тәсілі көрсетіледі.
Негізгі 
функциялардан 
басқа, 
техникалық 
тапсырмада 
бағдарламаның сервистік қызметіне қойылатын талаптар сипатталады, 
айта кетсек, жүйені икемдеуді (конфигурациялау) түзету мүмкіншілігі, 
деректерді резервті сақтау мүмкіншілігі, жүйеге кіру құпиясөзінің 
өзгеру 
мүмкіндігі, 
бағдарламадан 
шықпастан, 
күнтізбені, 
калькуляторды, редакторды және т.б. шақырту мүмкіндігі. 
«Сенімділікке қойылатын талаптар» қосымша бөлімінде сенімді 
қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс 
(тұрақты қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, кіріс және шығыс ақпаратты 
бақылау, істен шыққаннан кейін қалпына келтіру уақыты және т.с.с.). 
«Пайдалану шарттары» қосымша бөлімінде пайдалану шарттары 
көрсетілуі 
тиіс 
(қоршаған 
ауа 
температурасы, 
деректер 
тасымалдағышының таңдап алынған түрлерінің салыстырмалы 
ылғалдылығы және т.с.с.), олар кезінде белгіленген сипаттамалар 
қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ қызмет көрсету түрі, қызметшілердің 


274 
қажетті мөлшері және біліктілігі. 
«Техникалық құралдардың құрамына және параметрлеріне 
қойылатын талаптар» қосымша бөлімінде, техникалық құралдардың 
негізгі техникалық сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық 
құралдардың қажетті құрамын көрсетеді.
«Ақпараттық және бағдарламалық сәйкестікке қойылатын талаптар» 
қосымша бөлімінде кіріс және шығысындағы және шешу әдістерінің 
ақпараттық құрылымдарына, бастапқы кодтарға, бағдарламамен 
қолданылатын бағдарламалау тіліне және бағдарламалық құралдарға 
қойылатын талаптар, әзірленетін бағдарламалық өнім қызмет етуі 
мүмкін операциялық жүйелер және орталарға қойылатын талаптар, 
компьютерге бағдарламалар топтамасын - қосымшаларды әзірлеу 
құралдарын (аталмыш бағдарламалық өнімды өзгерту, түрлендіру 
немесе пайдалануға арналған) орнату қажеттілігі, әртүрлі графикалық 
компоненттердің инсталляциялау қажеттілігі және т.б. көрсетілуі тиіс. 
Қажет болған жағдайда ақпараттарды және бағдарламаларды қорғау 
қамтамасыз етілуі тиіс.
«Таңбалауға және қаптауға қойылатын талаптар» қосымша 
бөлімінде, жалпы жағдайда, бағдарламалық өнімді таңбалауға қойлатын 
талаптар, қаптау тәсілдері мен нұсқалары көрсетіледі. 
«Тасымалдау және сақтауға қойылатын талаптар» қосымша 
бөлімінде, бағдарламалық өнім үшін тасымалдау шарттары, сақтайтын 
орындар, сақтау шарттары, қоймалау шарттары, сақтау мерзімдері және 
әртүрлі шарттар көрсетілуі тиіс. 
«Бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар» бөлімінде 
бағдарламалық құжаттаманың алдын-ала құрамы және қажет болған 
жағдайда оларға қойылатын арнайы талаптар көрсетілуі тиіс. 
«Техникалық-экономикалық көрсеткіштер» бөлімінде: бағдарлы 
экономикалық тиімділігі, болжалды жылдық мұқтаждық, әзірленімнің 
үздік отандық және шетелдік үлгілерімен немесе аналогтарымен 
салыстырғанда, экономикалық артықшылықтары көрсетілуі тиіс. 
«Әзірленімнің кезеңдерімен сатылары» бөлімінде жұмыстарды 
әзірлеудің, кезеңдерінің және мазмұнының қажетті кезеңдері (әзірленуі, 
келісілуі және бекітілуі тиіс бағдарламалық құжаттардың тізімі), 
сондай-ақ 
әдеттегідей, 
әзірленім 
мерзімі 
белгіленеді 
және 
орындаушыларды анықтайды.
«Бақылау және қабылдау тәртібі» бөлімінде сынақ түрлері және 
жұмысты қабылдауға қойылатын жалпы талаптар көрсетілуі тиіс.
Техникалық тапсырманың қосымшаларында қажет болған жағдайда 
беріледі: 
■ 
әзірленімді негіздейтін ғылыми-зерттеу және басқа жұмыстардың 
тізімі; 


275 
■ 
алгоритмдер сызбасы, кестелер, сипаттамалар, негіздемелер, 
есептеулер және әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін басқа құжаттар; 
■ 
әзірлеудің басқа дереккөздері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет