К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет79/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195
5.3.
 


104
 
әрекетінің қырлары «пайдалану нұсқасы» немесе «үлгі боларлық» (use 
cases) деп аталады. Пайдалану нұсқасы пайдаланушы мен жүйе 
арасындағы типтік өзара байланысты сипаттайды.
Пайдалану нұсқалары диаграммасының басты мақсаты жүйеге 
қойылатын функционалдық талаптарды рәсімдеуде болады. Пайдалану 
нұсқаларының диаграммасы жобалаудың ерте сатыларында жүйеге 
қойылатын функционалдық талаптарды тапсырыс берушімен келісу 
үшін негіз болуы мүмкін.
Пайдалану нұсқасы - жүйенің тек адамдар ғана емес, сондай-ақ өзге 
жүйелер мен құрылғылар болуы мүмкін кейбір сыртқы нысандар 
(қолданыстағы тұлға) бастайтын оқиғаға жауап ретінде орындалатын 
әрекеттерінің бірізділігі (транзакциялары). Пайдалану нұсқасы 
пайдаланушы мен жүйе арасындағы типтік өзара байланысты 
сипаттайды.
Әрбір пайдалану нұсқасы жеке мәні бар мақсатпен байланысқан, 
мысалы, «Тақырыбын қалыптастыру» мәтіндік редакторы үшін - бұл 
пайдалану нұсқасы, ал «Арнайы стильдермен тақырыптарын 
байланыстыру» - тақырыптың автоматты құрылуы мүмкін болатын 
операция.
Процедураны орындау мақсатына байланысты келесі пайдалану 
нұсқаларын ажыратады:
■ 
негізгі (басты) - әзірленетін БҚ талап етілетін функционалдылығын 
қамтамасыз етеді;
■ 
қосалқы - жүйені баптаудың және оған қызмет көрсетудің (мысалы, 
ақпараттарды мұрағаттау және т.с.с.) орындалуын қамтамасыз етеді; 
■ 
қосымша - пайдаланушы үшін қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз 
етеді (ереже бойынша, әзірлеу де де, пайдалануда да қандай бір 
ресурстар талап етілмегенде ғана іске асады). 
UML тілінің талаптарының бір жобаланатын жүйелердің модельдері 
туралы ақпаратты беруге арналған диаграммалардың жеткіліктілігі 
болып табылады. Алайда, UML тілінің бейнелеу құралдары күрделі 
жүйенің функционалды әрекет етуінің ерекшеліктерін пайдалану 
нұсқалары диаграммасында есепке алуы үшін жеткіліксіздігі анық. Осы 
мақсатпен бұл диаграммалар типін мәтіндік сценариймен толықтыруға 
ұсыныс беріледі, оны пайдалану нұсқаларын орындаған кезде атқаратын 
жүйелердің әрекеттерін анықтайды немесе егжей-тегжейін ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет