К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий



бет99/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   607
Көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий ауыз қуысының,
өңештің, көмекейдің бөбешік бөлігінің, тік ішектің соңғы бөлігінің
қынаптың кілегейлі қабықтарын астарлап, көздің қасаң қабығын сыртынан
қаптап, шектеу жəне қорғаныс қызметтерін атқарады. Эпителий құрылысы 

102
мен пішіні əр түрлі үш: базальды, қылтанакты жəне жалпақ эпителиоциттер 


қабаттарынан құралған.


Негіздік жарғақпен эпителийдің тек пішіні призма тəрізді бір қабат 
эпителиоциттерден түзілген төменгі базальды қабат жасушалары ғана
жанасып, онымен жартылай десмосомалы, ал өзара десмосомалы 
байланысады. Базальды қабат эпителиоциттері митоз арқылы үздіксіз бөлініп
көбейіп, жоғарғы жасушалар қабаттарындағы ескіріп істен шыққан 
эпителиоциттердің орнын басатын эпителий жасушаларын түзіп, діңгекті
жасушалар қызметін атқарады. Базальды қабаттағы эпителиоциттердің 
сопақша келген ядролары жасушалардың базальды бөлігінде, бір қатарда
орналасады. 
Ортаңғы
қылтанақты қабат пішіні көпбұрышты, сыртында
цитоплазмалық өсінділері (қылтанақтары) бар эпителиоциттер қабаттарынан 
тұрады. Дөңгелек ядролы эпителиоциттер бір-бірімен өзара десмосомалар
жəне қылтанақтар арқылы байланысады. Қылтанақты қабаттың жасушалары 
митоз арқылы сирегірек бөлініп көбейеді. Олардың цитоплазмасында
жіңішке кератин белогының жіпшелері — тонофибриллалар түзіліп, 
десмосомалармен жалғасады да, эпителий үшін тіректік қызмет атқарады.
Эпителий ұлпасының жоғарғы жалпақ қабатын қылтанақты кабаттан 
жалпақтанып көтерілген, өз кезегінде 2-3 жалпақ эпителиоциттер қабаттарын
түзетін эпителиоциттер құрайды. Жоғарғы қабаттағы тіршілігін тоқтатқан 
эпителиоциттер, лизосомалар ферменттерінің əсерінен араларындағы
байланыстарын жойып, түлеп түсіп отырады. Олардың орнын негізінен 
төменгі базальды жəне жартылай қылтанақты қабаттардағы діңгекті
жасушалар көбеюінен пайда болтан эпителиоциттер басады. Күйіс 
қайтаратын жануарларда эпителийдің беткей қабаты (көздің қасаң қабығынан
басқалары) мүйізделіп кетеді. Көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 
эктодермадан дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет