Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Зерттеудің жетекші идеясы мен  болжамы



Pdf көрінісі
бет41/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83
2. Зерттеудің жетекші идеясы мен  болжамы  
3. Зерттеудің әдіснамалық негізі. 
  
1. Педагогикалық зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері. 
Зерттеудің  мәселесі  мен  тақырыбын  анықтаған  соң,  оның  нысаны 
мен пәнін анықтау керек.  
Таным  объектісі  (нысаны)–  бҧл таным  ҥрдісіне қатысатын  шынайы 
объектінің  байланыстары,  қарым-қатынастары, қасиеттері.    Педагогикада 
зерттеу  нысаны  -  бҧл  зерттеушінің  назары  ауған  ҥрдіс,  немесе  қҧбылыс. 
Бҧл  тҥсіндірмеде  зерттеу  нысаны  мәні  жағынан  зерттеудің  заттық 
саласына  жақын  болады.  Сондықтан  нысанды  іздену  саласы  деп 
тҥсіндіреді.  Зерттеу нысанын анықтай отырып, «Не зерттеледі?», «Қандай 
ҥрдіс  және  қҧбылыс?»    деген  сауалға  жауап  беру  керек.  Педагогикалық 
зерттеу  нысаны  мақсатты  оқу-тәрбие  ҥрдісінің  шегінде  болады.  Нысанға 
педагогикалық  процесс,  педагогикалық  болмыстың  бір  саласы  немесе 
қайшылықтарымен жҥз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы 
мҥмкін.  Басқаша  айтсақ,  ӛз  ішінде  нақты  не  әлі  де  кҥмәнді 
қайшылықтарды  қамтып,  проблемдік  ситуацияларды  туындатқан 
жағдайлардың  баршасы  нысан  есептелінеді.  Танымдық  процесс 
бағытталғанның бірі- нысан.  
Зерттеу  пәні  -  нысан  бӛлшегі,  бір  тарапты,  яғни  бҧл  тҥбегейлі 
зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тҧрғыдан ӛте 
маңызды  сапа-қасиеттері,  қырлары  мен  сырлары.  Зерттеу  пәні  -  бҧл 
нысанды  зерттеудің  белгілі  бір  аспектісі.  Нақ  осы  пәннің  зерттеу 
тақырыбын анықтайтынын атап ӛту керек.  
Зерттеу нысаны мен пәні тҧтас және бӛлек, жалпы және дара болып, 
бір-біріне  байланысты  болады.  Байланыстың  бҧндай  анықтамасына 
сәйкес, пән - нысанның шегінде болады.  
Зерттеу  пәні  -  нысанның  жеке  аспектісі,  нысан  қарастырылатын 
кӛзқарас.  Сҧрақ тҥрінде оны былай тҧжырымдауға болады: «нысан қалай 
қарастырылады, аталмыш зерттеу нысанының қандай болмысын, қасиетін 
және қызметін  ашады?».  Пән  -  нысанның шеңберінде болады. Шәкірттің 
бар  назары  дәл  осы  зерттеу  пәніне  бағытталған,  зерттеу  пәні  шәкірттің 
соңғы  жҧмысының  тақырыбын  анықтайды.  Мысалы,  зерттеу  тақырыбы: 
«ойын 
технологиясы 
арқылы 
тӛменгі 
сынып 
оқушыларының 
шығармашылық белсенділігін дамыту». Зерттеу нысаны - оқыту-тәрбилеу 
ҥрдісінде  мектеп  оқушыларының  шығармашылық  белсенділігін  дамыту. 
Зерттеу  пәні  -ойын  технологиясында  тӛменгі  сынып  оқушыларының 
шығармашылық белсенділігінің даму ҥрдісі. 


68
 
 
Мақсаттылық  -  адам  қызметінің  маңызды  сипаты.  Шынайы 
педагогикалық 
қызметке 
адам 
іс-әрекетінің 
мақсатты 
және 
мотивацияланған  болуы шарт. Педагогикалық зерттеудегі мақсат- мақсат 
жасаушы іс-әрекеттің нәтижесі. Ол білім беру субъектілерінің (педагогтар 
мен  оқушылардың)  мақсатты  іс-әрекетін  жобалайды.Сондықтан  зерттеу 
жҧмысының  басында,  мҥмкіндігінше,  іздену  нәтижесін,  оның  мақсатын 
айқын  елестету ӛте маңызды.  Мақсаттылықта зерттеудің есебі, талдауы, 
қиялы, кӛкейкӛзділігі орын алады.  
Зерттеудегі  мақсат  қою-  бҧл  шынайы  педагогикалық  ақиқат 
тҧрғысынан  мҥмкіншіліктерін  есепке  ала  отырып,  оның  қазіргі  кҥйін 
жаңа, қажетті, болашақта тілейтін кҥйіне ӛзгерту тәсілдерін таңдау болып 
табылады.  Осындай  ойша  ӛзгерту  мақсат  қою болып  саналады.Сонымен, 
педагогикалық  зерттеудің  мақсаты  -  қҧбылыстар  мен  ҥрдістерді 
ӛзгертудің  әлеуеті  мен  педагогикалық  мҧраттарды  салыстыруға 
негізделген сәуегейліктің нәтижесі.  
Мақсат  -  зерттеу  жҧмысынан  біз  кҥтетін  нәтиже,  болашақтың 
бейнесі.  
Зерттеудің  анық  және  тҥсінікті  тҧжырымдалған  тақырыбы  жҧмыстың 
мақсатын  анықтауды  жеңілдетеді.  Зерттеуші  алдына  мақсат  қоя  отырып, 
қандай  нәтижеге  қол  жеткізгісі  келетінін,  нәтиженің  қандай  болатынын 
шешеді. Мақсат - соңғы нәтиже және ғылыми ізденістің негізгі бағыты.  
Мақсат  қысқа-нҧсқа  тҧжырымдалады,  бірақ  зерттеушінің  ниетін 
анық  кӛрсетуі  қажет.  Мысалы,  «Тӛменгі  сынып  оқушыларының  ойын 
технологиясы 
арқылы 
шығармашылық 
белсенділігін 
дамыту» 
тақырыбындағы 
зерттеу 
жҧмысының 
мақсаты 

балалардың 
шығармашылық  белсенділігінің  дамуы  ҥшін  ойын  технологиясын  жасау. 
Зерттеудің  маңызды  және  қажетті  кезеңі  зерттеу  міндеттерінің 
жҥйесіндегі жалпы мақсатты нақтылау.  
Міндет – мақсатқа жетудің бӛлігі, қадамы, кезеңі. Міндет- бҧл нақты 
ситуацияны  ӛзгертудің  мақсаты.  Зерттеу  міндеті  зерттеу  жҧмысының 
алдына  қойған  мақсатына  қол  жеткізу  ҥшін  жасалатын    қажетті  іс-
әрекеттер.  
Кӛптеген  маңызды  міндеттер  қатарынан  В.И.  Загвязинский,  Р.А. 
Атаханов педагикалық зерттеу міндетін 3 топқа бӛліп кӛрсетеді: 
-  Тарихи-диагностикалық  -  мәселенің  тарихы  мен  қазіргі  жай-кҥйін 
зерттеумен,  зерттеудің  психологиялық-педагогикалық  және  жалпы 
ғылыми негіздемесін, уәжін анықтау және нақтылаумен байланысты; 
-  Теориялық-ҥлгілі  -  зерттелушінің  қҧрылымын,  мәнін,  әсер  етуші 
факторларын және оны тҥрлендіру тәсілдерін ашады; 
-  Тәжірибелік-тҥрлендіруші 

педогогикалық 
ҥрдісті 
ҧтымды 
ҧйымдастыру  қҧралдарын,  ережелерін,  әдістерін  жасауға  және 
пайдалануға бағытталған.  


69
 
 
 
Басқа  да  жеке  міндеттерді,  кӛп  жағдайда,  ішкі,  ҧсақ  міндеттерге 
кірістіруге болады.   
Зерттеу  міндетін  шешудің  жҥйелілігі  оның  қҧрылымын  анықтайды, 
яғни  әр  міндет  жҧмыс  бӛлімінің  бірінен  шешімін  табуы  тиіс.    Мысалы, 
«ойын 
технологиясы 
арқылы 
тӛменгі 
сынып 
оқушыларының 
шығармашылық  белсенділігін    дамыту»  тақырыбындағы  зерттеу 
жҧмысында келесілей міндеттер қойылған. 
1. Осы  мәселе  бойынша  психологиялық-педагогикалық    әдебиетті  талдау 
және  тӛменгі  сынып  оқушыларының  шығармашылық  белсенділігін 
дамытуда ойын технологиясын пайдалану мҥмкіндіктерін қарастыру; 
2. Тӛменгі  сынып  оқушылары  ҥшін  тренингтік-ойын  әдісін  қолдануға 
негізделген ойын технологиясын жасау; 
3. Тӛменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуға 
арналған ойын технологиясын эксперименттік тексеру. 
Міндеттер  жҥйесін  жасау  ҥрдісінде  қайсысының  ғылыми  әдебиетті 
зерттеуді  талап  ететінін,  қайсысы  қолда  бар  әдістерді  жетілдіруді, 
талдауды,  қиыстыруды  қажет  ететінін  және  қайсысы  кҥрделі,  оның 
шешімін  осы зерттеуден табу керектігін анықтау қажет.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет