Катон-Верстка-01. indd


Көкжотаның бір мүйісі «Қызөлген»



Pdf көрінісі
бет161/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   305
Көкжотаның бір мүйісі «Қызөлген» аталып кетіпті[7, 26 б.].
ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ – ауыл, Аққайнар а.о. Кеңес дәуіріндегі 
коммунистік идеология негізінде жасалған ойконим болуы мүмкін. 
«
Қызыл» сын есімі мен «жұлдыз» зат есімінің тіркесуі арқылы жасалған 
ойконимдік атау. Қызыл сын есімі Кеңестік дәуірде қалыптасқан жер-су 
атауларында жиі қолданылатын ең өнімді түс. Қызыл түс сол дәуірде 
саяси түс ретінде орныққан. [124]. М.: Бір еске салып айта кететін 
жәйт – орыс Қызыл Жұлдыз ауылында бірін-бірі көрсету болмаған, 
ешкім сотталмаған[89,16б.].
ҚЫЗЫЛКЕЗЕҢ – ж.а. Өрел а.о. Жазық жердегі аласа жота немесе 
төбешік. 1. Кезең зат. «тау жотасындағы екі жағы түйетайлы болып 
келген аласа жер» [49, 535 б.]; [154].
ҚЫЗЫЛКҮҢГЕЙ – ж.а. Қатонқарағай а.о. Климаттың қолайлы 
жағдайын сипаттайтын топонимдік атау. Күнгей сөзі «күннің шуағы 
мол түсетін жер» мағынасындағы географиялық термин болып 
табылады. Топонимжасамда «тау, төбенің оңтүстік жағы» мәніндегі 
атаулар қалыптастырады [16,260б.]., М.: Ол жерді Шоңмұрын деген 
сүйек мекендеген[148]. М.: «Іргелес «Қызыл Күңгей» деген қойнауды 
мекендейтін Қаратай атаның ұрпағы Омар деген кісінің сымбатты 


181
да, тәрбиелі қызы Несібелдіге Бектұрған 20-21 асында үйленіп, 60 
жылдан аса қадірлі күйеу болып, кішілерге жезде болып еді» [41,142б.].
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ – ж.а. Үлкен Нарын а.о. Қайыңның бір түрі. 
Қайыңның түсін және осы түстес қайынның молдығын білдіретін 
топонимдік атау. М: Ертістің бойындағы шабындық жерлердің бірін 
Қызыл қайың деп атаған. Көп елді құнарлы шөбімен аман алып қалған 
жер[153].
ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ – жайлау, Алтынбел а.о. Алтай тауының 
бөлігі. Қазақ халқының қайыңды қасиетті ағаш ретінде бағалауы мен 
қызылқайыңның осы өңірде көп болуы топонимдік атауға негіз болған 
деп есептейміз [138]. М.: Біздің жаңа қонысымыз аудан орталығын 
қамтитын Құйған ауыл кеңесіне қарайтын «Қызыл қайың» қыстағы 
[2,22б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет