Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет175/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   305
ҚАШ1= е т. 1. Бiр нәрседен қорқып безу,зыту. 2. Жанын қорғау 
үшiн қауiпсiз жерге бас сауғалау, жылыстау[51,517б.]. М.: Марал көп 
жүретін жер. Сол жердің жоталарымен маралдар көшеді [
124].
МАРАЛҚАШҚАН – жайлау, Катонқарағай а.о. Зоотопономиялық 
атау. М.: Қанайдан жоғары өрлегенде орналасқан [146].
МАРАЛҚАШҚАН – өзен, Аққайнар а.о. «Марал» зат есімі мен «қаш» 
түбір етістігіне «қан» жұрнағының (есімше) жалғануы арқылы түзілген 
атау. Мұндағы «-қан» есімше жұрнағы топонимжасамда белсенді, 
қимыл-әрекетті білдіру мақсатында жұмсалып тұр. М.:Маңайында марал 
көп жүретін өзен. Сол жердің жоталарымен маралдар көшеді[124]. 
М1.: Елестетем көз алдыма Марқаны, Қалжыр болып тар түбектен 
аққанын[42,16б.]. М2.: «Маралқашқан» сарқырамасының теріскей 
жағындағы дөңгелек алаңшаға орналасқан пішеншілер қосының 
маңынан өңкей бір жастарды көріп келеміз [25,163б.].
МАРИЯҚҰЛАҒАН – ж.а. Ақсу а.о. антропотопоним. «Мария» 
орыс тілінен енген кісі есімі мен «құла» қимыл атау етістігіне «-ған» 
жұрнағының жалғануы арқылы жасалған топонимдік атау. Құлау ет. 
1.Жығылу, мұрттай ұшу[52, 296б.]. М.: Мария есімді әйел жүгімен 
ауып, құлаған жер [
163]; [107].
МАРҚАС АСУЫ – асу, Қатонқарағай а.о. Зерттеуді қажет етеді. Х.: 
Ирек асуы мен Байбөрі асуының тұсында[133].
МАСАБАЙ КӨҢІ – ж.а. Белқарағай а.о. антропотопоним. «Масабай» 
кісі есімі мен «көң» зат есіміне «-і» тәуелдік жалғауының тіркелуімен 
түзілген топонимдік атау. «Көң» сөзі «жұрт, ел» деген ауыспалы 
мағынада қолданылып, «-і» - жалғауы арқылы жұрттың біреуге 
тиесілі екендігін білдіру үшін жұмсалып тұр. Көң зат. 1. Қордаланып 
қалыңдаған мал қиы [50,301б.]. М.: Бойында қайың, мойыл, қарақат, 
долана өскен[134].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет