Катон-Верстка-01. indd


[136]. 217 РЕПНЫЙ ШҰҢҚЫРЫ



Pdf көрінісі
бет198/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   305
[136].


217
РЕПНЫЙ ШҰҢҚЫРЫ – ауыл, Ақсу а.о. осы өңірге қоныстанған 
орыс тұрғындардың қойған атауы. М.: Қазір ол ауыл жоқ. Ол жерде 
бүгінде марал ұстап отыр. Ол жер база[112]. М.: Осындай әдіспен 
ағайынды Шарыповтар 1835 жылы Бекалқа ауылынан 15 километр 
қашықтықта орналасқан «Репный шұңқыры» деген жерде марал 
өсіретін орынның негізін салған[3,97].
САД – ж.а. Новохайрузовка а.о. «Бақ, бақша» сөздерінің орыс 
тіліндегі нұсқасы жер атауы ретінде тұрақты орнығып қалған. М.: 
Совхоз кезінде алма өсірген бақ болған[136].
САДУАҚАС – ауыл, жайлау, Аққайнар а.о. антропоойконим, жалпы 
атау, елге сыйлы, беделді, қадірлі адам болғандықтан, сол кісінің тұрған 
жері жалпылық мағынаға ие болған[124].
САЙЛАУБАЙ – ж.а. Өрел а.о. антропотопоним, жалпы атау, елге 
сыйлы, беделді, қадірлі адам болғандықтан, сол кісінің тұрған жері 
жалпылық атауға ие болған. М.: Ауылға кіре беріс жер, Еңбек ауылы 
көшпей тұрғанда Сайлаубай деген кісінің үйі осы жерде болған[154].
САЙЛЫБАЙ - жер атауы, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним, 
М.:Қозыбайдың жайлауы болған[145].
САЙТАН КӨПІР – ж.а. Өрел а.о. мифтік сипаттағы топонимдік 
атау. 
«Шайтан» зат есімі + зат есім. Шайтан сөзі «ескі сенім бойынша 
жын-пері, ыбылыс» мәнін береді.Топонимжасамда «шайтаны бар-мыс 
жерлерді» атауға қатысады. Ескерту: Шайтан сөзінің фонетикалық 
нұсқасы сайтан сөзінен де жер-су аттары жасалуы мүмкін. Сайтан 
көпір (өткел. ШҚО, Катонқарағай ауд.)[16,327б.]; [154]. М.: Сайтан 
көпірден қорықпай өтсе, аман қалар еді. Бұл сөзді ол жанында біреу 
отырғандай сыбырлап айтты[23].
САЙТАНКӨЛ – көл, Алтынбел а.о. мифтік сипаттағы топонимдік 
атау [121].
САЙТАНСАЙ - сай, шабындық. Катонқарағай а.о. М.: Аталған 
жердегі ауыз үйге жидек теріп жүріп, дамылдау үшін кірген ауылдың 
бір келіні жолай өтіп бара жатқан аттылы құрдасын көріп, үстіне 
ужапырақ, қурай жауып, аршамен безендіріп, ауыз үйден айғайлап 
атып шыққанда, аттылы кісі оның иен даладағы ұсқынсыз түрін көріп, 
қатты шошып, сайтан көрдім деп барған екен ауылға. Сол оқиғадан 
кейін Сайтансай аталып кетсе керек[99].
САҚАЙ – сай, Үлкен Нарын а.о. антропотопоним, М: Сұлушоқының 
жоғарғы жағында Сақай сайы бар. Ол жерде трактор жолы бар. 
Сақай адамның аты [


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет