Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет211/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   305
САРЫШОҚЫ – ж.а., Алтынбел а.о. Жазық жерде дөңестеніп, 
алыстан сарғыш тартып, көзге ерекше көрініп тұрған жерге берілген 
атау[138].
САРЫШОҚЫ – ж.а., Өрел а.о. Атау жердің физикалық белгісіне 
байланысты қалыптасқан. Сары (сын есім) + шоқы (зат есім) сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. «Шоқы - аласа таулы өлке бедерінің 
пішіндері. Жазық жерлердегі дөң, оқшауланған биік төбелер де 
кейде шоқы аталады» [59]. Шоқының түсіне байланысты қойылған 
атау. М: Жазық жер. Берелге кетіп бара жатқан жолда. Жаз ортасына 
таман сарғайып кетеді [111].
САСЫҚБҰЛАҚ – бастау, Аққайнар а.о. Сасық (сын есім) және 
бұлақ (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Қазақ тілінде 
бұлақ сөзі дербес гидронимдік термин ретінде де, топоним құрамында 
келіп, топоним жасаушы компонент ретінде де қолданылады. Көне 
түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде бұлақ/булак түріндегі 
фонетикалық варианттылықпен келеді. Сөздің қолданыс ареалы көп 
жағдайда солтүстік батыс және солтүстік шығыс түркі тілдері болып 
табылады. Сондай-ақ, моңғол тілінде де бұлақ термині кездеседі, тува 
тілінде «булак» формасындағы сөз тау аңғары, көз, бастау мағынасында 
қолданылады. Бүгінгі түркологиялық зерттеулер «бұлақ» сөзін 
түркі-моңғол тілдеріне ортақ термин ретінде қабылдайды. Атаудың 
қалыптасуына көз, бастау мағынасындағы бұлақ сөзіне сасық сын 
есімі жалған арқылы жағымсыз иісі бар су мағынасын беруі негіз 
болған [78, 28б.]. М: Кішкене ғана бастау бар, ол су ағып төменге қарай 
аққанда жағымсыз иіс шығады. Сол себепті Сасықбұлақ деген атау 
қойылған[116].
САСЫҚТҮЙЕ – ж.а., Катонқарағай а.о. Атаудың қалыптасуына 
«сасықтүйе» хайуаны негіз болған. Аталған жерде сасықтүйе атты 
тышқан түрінің көптеп кездесуіне байланысты қалыптасқан атау. М: 
Тышқан түріне байланысты қойылған[157].
САТЫ – тау, Ақсу а.о. Жердің сыртқы бедері, пішініне байланысты 
берілген атау немесе марал қамайтын қоршауды саты деп те атайды. 
М: Онда марал ұстаған. Сатымен бекітілген. Сол себепті аталып 
кетуі мүмкін [112].
САТЫҚҰРЫҚ – ж.а., Катонқарағай а.о. Атаудың қалыптасуына 
құрық жіне саты сөздері негіз болған. Саты бұғы, марал ұстайтын 


231
қоршау. Саты (зат есім) және құрық (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы 
қалыптасқан микротопоним. Мұндағы «Құрық» сөзі жылқы ұстау үшін 
ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық мағынасын береді. Түсіндірме 
сөздікте құрық – жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын 
сырық деген мағынаны білдіреді деп жазылған [58, 428б.]. Құрық сөзінің 
алғашқы мағынасы өзгеше болғандығы жөніндегі мәлімет ертедегі 
түркі жазба ескерткіштері арқылы белгілі. Қазіргі «құрық» аталатын 
құралдың басты бөлігі – ілмекпен жасаған арқан. Ерте кезде-ақ «уқруқ» 
аталатын зат, сонымен жабдықталған құрал атауына көшіп, қазіргі 
қолданылып жүрген «құрық» қалыптасқан. Кейде арқаннан жасалған 
ілгекке де «уқруқ» сөзінің атау болып көшкенін маньчжур тіліндегі 
«хурқа» (ілгек), монғол тіліндегі «һурақа» тұлғаларынан білеміз. Тағы 
бір еске сала кететін жайт – ертедегі түркі тілдерінде «арқан» мағынасын 
беретін «уқруқ» – қырғыз тілінде қазіргі кездегі құрық мағынасына 
да қолданылып, сақталғандығын көреміз, «курук», «укрук» қалпында 
жарыса айтыла береді деген пікірді Ә.Нұрмағамбетов береді [77,52б.]. 
М: Қанайдан кейін орналасқан[146].
САУЫСҚАНСАЙ - шабындық. Катонқарағай а.о. Сауысқан, 
көбінесе, қайыңды жерге ұя салатын болғандықтан аталған. М.: Қайың 
көп өсетін жер Жаманбұлақпен ұштасады[99].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет