Элей мектебінің тағы бір белсенді мүшесі – Зенон. Оны Аристотель «диалектиканы ойлап шығарған маман» деп бағалайды.
Субъективтік диалектика өкілінің белді мүшесі Зенон тек логикалық дәлелдеуге болатындар ғана өмір сүреді деп есептеді.
Ол қырыққа тарта шешілмейтін қисынсызды – апорияларды тұжырымдады, олардың көбі “Стадий” (“Қозғалыстағы денелер”), “Ахиллес пен тасбақа”, «Садақ»танымал болды.
Тағы бір мысал: «Садақтан атылған оқ тұрақты қозғалмай, уақыттың әрбір сәтінде белгілі бір кеңістік бөлігінде орын алады. Келесі сәтте кеңістіктің келесі бөлігінде тұрақтайды. Ал тұрақтаулар қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған оқ қозғалмайды»