Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет27/45
Дата04.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#3385
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45

________________
 
1.  Байгарина  Г.П.  Русский  язык  как  язык  межкуль- 
турного  и  делового  сотрудничества  в  полилингвальном 
контексте Евразии. Астана, 2009. 
2.  Материалы  газеты  «Акмолинская  правда»  за 
2006-2009 гг. 
3.  Материалы газеты «Призыв» за 2009 г. 
* * * 
Берілген  мақалада  публицистикалық  материал  негі- 
зінде  тілдік    қарым-қатынаспен  байланысты    мəселелер 
қарастырылады. 
Сараптама  үшін  «Акмолинская  правда»  жəне  «При- 
зыв» газеттерінен мақалалар қолданды. 
 Ақмола  облысына  қоныс  аудару    нəтижейінде  туын- 
даған орыс  көшіп  қонулылардың ізі байқалады. Газет бет- 
терінде  қазақша,  орысша  елді  мекен  атаулары  жиі  қол- 
данылады. 
* * * 
The analysis of toponyms of Akmola region is considered 
in the given article based on publicist material. Local 
periodicals “Akmolinskaya Pravda” and “Prizyv” are used for 
analysis. They  have formed in the process of Kazakh and 
Russian`s population contacts lived on the same territory. In the 
results of conducted analysis active using of both Kazakh and 
Russian toponyms was revealed. 
  
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
172
Б. Рысбай 
 
КҮРДЕЛІ СӨЗ: ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
 
Тілдің  сөздік  құрамын  дамытуда  жалаң 
сөздермен  қатар  күрделі  сөздердің  де  алатын 
орны ерекше. Күрделі сөз мəселесі тіл білімінде 
өзекті  тақырыптардың  біріне  жатады.  Талай 
ғылыми  еңбектерге  арқау  болған  күрделі  сөз 
құбылысы тіл ғылымында ұзақ зерттелу кезеңін 
басынан өткізіп келеді. Десек те, күрделі сөздің 
бүкіл  қыры  мен  табиғаты  жан-жақты  анық- 
талып,  толық  шешімін  тапты  деп  айту  қиын. 
Күрделі  сөздердің  бір  қырынан  қарағанда, 
құрылымдық  жағынан  басқа  тілдік  құбылыс- 
тарға  ұқсас  келіп,  олардан  айтарлықтай  ерек- 
шеліктерінің  аңғарыла  бермей,  бір-бірінен 
ажыратуда  қиындық  туғызуы,  əлі  де  болса 
аталған тілдік құбылыстың жете зерттеуді қажет 
ететін тұстарының бар екендігін көрсетеді.  
Жалпы  күрделі  сөздердің  түрлері  мен 
жасалу жолдары əр түрлі. Олардың біразы тілде 
бар  бұрынғы  тілдік  құбылыстардың  жаңғыруы 
арқылы жасалса, бірқатары белгілі сөзжасамдық 
заңдылықтар мен үлгілер арқылы жүзеге асады. 
Бұл  жөнінде  Е.Жанпейісов: «Əдетте  екі  сөздің 
бір  сөзге  айналуы  ұзақ  сонарлы  болады.  Тілде 
олардың  бірқатарының  жасалу  тарихы,  тіпті, 
əріден  басталып,  əбден  жымдасып,  үйреншікті 
болып  қалыптасып  кетсе,  енді  бірқатарлары 
бертінде  əдеби  тілдің  қазіргі  даму  майданында 
пайда болып, жаңа сөз жасау əрекетіміз жемісті 
болып,  жаңа  сөз  саны  үздіксіз  көбейіп, 
қалыптасып  келеді» /1,207/, - деп  көрсетеді. 
Күрделі сөздердің біразының шығу тегі, жасалу 
жолы  жағынан  сөз  тіркесіне  барып  тірелетіні 
белгілі.  Яғни,  тілдің  даму  барысында  сөз 
тіркестерінің  лексикалану  нəтижесінде  күрделі 
сөздер қалыптасады. Əрине, бұл процесс бірден 
орындалмайды  жəне  оның  аяқталуын  айқындау 
оңай  емес.  Сондықтан,  күрделі  сөз  бен  сөз 
тіркесінің  жігін  ажыратып,  дөп  басу  қиындық 
туғызады.   
Е.А.Василевская  күрделі  сөздердің  сөз 
тіркестеріне  қатысын  тарихи  тұрғыдан  қарас- 
тыра  келіп: «Сложные  слова  диахронно  (исто- 
рически)  часто  восходят  к  словосочетанию.  Но 
связь  сложного  слова  и  словосочетания  иногда 
вскрывается  с  большим  трудом,  так  как 
происходит  затемнение  его  состава.  В  самом 
деле, в современном слове спасибо без истории- 
ческого  подхода  нельзя  выделить  исконно 
сложного  строения» /2,22/ деп,  күрделі  сөз  бен 
сөз тіркесінің байланысын ашып көрсетуде жəне  
 
 
оларды  бір-бірінен  ажыратуда  қиындықтар 
кездесетіні  туралы  жазады.  Ғалым  сөз  тір- 
кестерінің күрделі сөздерге ауысуын əр кезеңнің 
əдеби  ескерткіштері  материалдары  негізінде  үш 
топқа бөліп көрсетеді:  
«1.  Словосочетание  имеется,  но  еще  не 
изолировалось  из  предложения,  не  интегри- 
ровалось  в  сложные  слово,  хотя  в  дальнейшем 
процессе исторического развития мы наблюдаем 
на  месте  данного  словосочетания  возникшее  из 
него сложное слово, но пока оно еще не создано. 
2.  Словосочетание  и  сложное  слово  су- 
ществуют параллельно. 
3.  Сложное  слово  сохраняется,  но  генети- 
ческие  связи  его  со  словосочетанием  исчезают, 
хотя словосочетание и наличествует в языке, но 
впоследствии  оно  может  выйти  из  употреб- 
ления,  заменившись  сложным  словом» /2,12/. 
Автордың пікірінен күрделі сөздің  сөйлемге  де, 
сөз  тіркесіне  де  қатысы  бар  күрделі  құбылыс 
екені байқалады.  
К.Л.Ряшенцев  өзінің  еңбегінде: «Конечно, 
многие  сложные  слова  образовались  на  базе 
словосочетания,  никто  не  может  отрицать  орга- 
нической  связи  сложных  слов  со  словосоче- 
таниями,  однако  полагать,  что  сложное  слово 
может  образоваться  только  на  основе  слово- 
сочетания,  значить  вступать  в  явное  противо- 
речие  с  фактами  языка» /3,89/, деп,  күрделі 
сөздердің  əр  түрлі  жасалу  жолдарын  сөз 
тіркестеріне  қатысты  қарастырады: «Многие 
ученые стоят на той точке зрения, что не каждое 
слово  может  и  должно  подводиться  под  слово- 
сочетание.  Например,  свободно  соотносятся  со 
словосочетаниями  слова:  стеклодел – делать 
стекло;  водопровод,  воздухопровод,  газопровод 
– (сооружение)  для  (прохода)  провода  воды, 
воздуха, газа; или: проводить воду, воздух, газ и 
пр.;  белоусый,  черноглазый  –  с  белыми  усами  и 
черными глазами и т.д.; самолет – сам летает, 
а  вот  слова  вертолет,  звездолет  образовались 
по  аналогии  и  сопоставить  их  с  словосоче- 
таниями 
или 
затруднительно 
(звездолет, 
лунолет)  или  вовсе  невозможно  (вертолет)» 
/3,90/.             
К.Б.Воронцова  сөз  тіркестерінің  күрделі 
сөздерді жасаудағы рөлін анықтап қана қоймай, 
күрделі  сөздердің  əр  түрлі  (морфемдік,  грам- 
матикалық  т.б.)  жолдармен  де  жасалатынды- 
ғына,  яғни  сөзтудырушы  үлгілерге  үлкен  мəн 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
173
береді: «В современном русском языке большой 
словопроизводящей  силой  обладают  модели. 
Однако  следует  оговориться,  что  для  утверж- 
дения  в  языке  любой  модели  нужен  строи- 
тельный  материал:  таким  материалом  у  бес- 
суффиксных  сложных  слов  будут  только 
словосочетания:  лист  падает – листопад;  скоро 
ходит – скороход;  у  моделей,  содержащих 
аффиксы,  кроме  них  необходимы  дополни- 
тельные морфологические средства, в основном, 
суффиксы.  До  тех  пор,  пока  модель  прочно  не 
утвердилась  в  языке,  не  стала  традицией,  роль 
сочетаний  не  может  быть  принижена,  так  
как  модель  языком  принята  и  узаконена, 
производство  слов  идет  путем  равнения  на  эти 
модели, то есть в права вступает закон аналогии, 
а  значение  сочетаний  практически  снижается. 
Довольно  трудно  возвести  к  словосочетаниям 
такие  слова:  белотал,  чистоган.  Эти  примеры 
являются доказательством большой словопроиз- 
водящей  роли  модели  и  более  скромной  роли 
сочетаний  в  создании  новых  слов» /4,148/. 
Ғалым  күрделі  сөздердің  жасалуында  сөз 
тіркестерінің  еш  жұрнақсыз  күрделі  сөзге 
айналуын  жəне  күрделі  сөздердің  жасалуында 
сөзжасам үлгілерінің үлкен рөл атқаратындығын 
тұжырымдай  келе,  оларды  екі  топқа  бөледі. 
Біріншісіне,  сөз  тіркестері  негізінде  жасалған 
күрделі  сөздерді,  екіншісіне  сөзжасамдық  үлгі- 
лер  негізінде  жасалған  күрделі  сөздер  жат- 
қызады.  
В.М.Яцимирский  күрделі  сөздердің  сөз 
тіркестеріне  қатысын  семантикалық  аспектіде 
қарастырады: «сложное слово – это качественно 
новая  словарная  единица,  не  равная  простой 
сумме  значений  составных  ее  частей,  что 
смысловые  отношения  между  компонентами 
сложного слова сплошь и рядом не равнозначны 
отношениями  между  словами  и  аналогичных 
словосочетаниях.  Несколько  примеров:  Сель- 
совет – это  не  просто  «сельский  совет»,  а 
«сельский 
совет 
депутатов 
трудящихся». 
Словообразование – это не просто «образование 
слов», «а  образование  производных  слов  в 
языке» /5,21/.   
Күрделі сөздердің қазақ сөзжасам жүйесінде 
де  алатын  орны  ерекше.  Лексиканың  үлкен 
қабатын  құрайтын  күрделі  сөздердің  табиғатын 
тану, қалыптасу мен даму жолдарын, өзектілігін 
анықтау  ғалымдардың  назарынан  тыс  қалған 
емес.  Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркестерінің 
күрделі  сөзге  ауысуы  туралы  пікір  білдірген 
ғалымдардың  бірі  К.Аханов.  Ғалым: «Күр- 
делі  сөздердің  шыққан  тегі – сөз  тіркестері 
семантикалық  жағынан  да,  морфологиялық 
жағынан  да,  синтаксистік  жағынан  да  тұтасып, 
бір  бүтін  ұғымды  білдіруінен  күрделі  сөздер 
жасалады» /6,94/, - десе, А.Ысқақов осы күрделі 
сөздердің  қалыптасуына  əр  түрлі  синтаксис- 
тік  амал-тəсілдер  негіз  болғанын  айта  келе, 
былай  деп  көрсетеді: «Кейбір  сөздер  бастапқы 
синтаксистік  жай  тіркестердің  компонент- 
тері  бір-бірімен  бірігуі  арқылы  туса  (бүгін, 
биыл,  ағайын),  кейбір  күрделі  сөздер  жарыса, 
қабаттаса  қолданылған,  компоненттердің  қо- 
сарлануы арқылы жасалған (ата-ана, жер-су, ел-
жұрт). Ал, кейбір күрделі сөздер əуелгі еркін сөз 
тіркесінің  тұрақты  тіркеске  айналуы  арқылы 
қалыптасқан  (ала  жаздай,  күні  бүгін,  темір 
қазық)» /7,93/. Сөз  тіркестерінің  күрделі  сөзге 
ауысуы  туралы  М.Балақаев: «Словосочетание 
как  смысловая  синтаксическая  группа  слов 
является  основной  базой  образования  сложных 
слов.  Оно  не  создает  их,  а  само  преобразуется  
в  процессе  коммуникации,  т.е.  в  зависимости  
от  степени  абстракции  и  социальной  потреб- 
ности  создаются  в  языке  различные  структуры 
сложных  слов» /8, 178/, - деп  көрсетеді. 
Ғалымның  пікірінен  сөз  тіркестерінің  негізін- 
де  жаңа  сөз  жасалатынын  аңғаруға  болады. 
Тілде  болатын  осындай  сапалық  өзгерістер- 
дің  барлығы  адамдар  арасындағы  қатынасты 
жақсарту, ойды барынша түсінікті жеткізу үшін 
тілдік  мүмкіншілікті  сарқа  пайдалану  қа- 
жеттігінен туындайды.    
Күрделі  сөздер  жайында  арнайы  зерттеу 
еңбек  жазған  ғалым  Б.Қасым    қазақ  тіліндегі 
күрделі  атауларды  уəждеме,  уəжділік  тұрғы- 
сынан  қарастырып,  олардың  табиғатын,  бел- 
гілерін, жасалу жолдарын, типтері мен үлгілерін 
айқындап,  даму,  қалыптасу  заңдылықтарына 
байланысты  ғылыми  тұжырымдар  жасайды. 
Автор: «Сөз тіркестерінің лексикалануы күрделі 
атауға  апаратын  жол,  сөзжасамдық  үрдістің 
нəтижесі.  Лексикалық  негізгі  мағыналары 
үйлесіп  барып,  екеуі  бірігіп,  атау  мағынасын 
береді. Мысалы, тасбақа, көлбақа  → құр бақа, 
əуежай  → қоныс жай, тілашар  → ауыз ашар 
немесе  аяқкиім    →  бас  киімнің    →  іш  киімнің 
(сөздіктерде,  баспасөздерде  берілуі)  т.б.  секілді 
күрделі атаулардың қандай айырмашылығы бар, 
осы жерде қайшылықты мəселелер бар емес пе? 
Бұл  жерде  күрделі  атаулар  дəл  лексикалық 
мағынасын  жойды  деп  айту  қиын.  Жаңадан 
пайда  болған  күрделі  атаудың  құрылымдық 
жағы  ғана  күрделеніп  қоймайды,  сонымен  
бірге  сыңарлардағы  семалардың  жиынтық 
мағынасынан  туындайтын  жалпы  мағына  да 
күрделене  түсіп,  ұғымның  атауына  көшеді. 
Демек,  лексикалық  аталымға  көшеді.  Алайда 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
174
бөлек  жəне  бірге  жазу  үшін  негізгі  лексикалық 
мағынасын  жою  шартты  емес,  күрделі  атауға 
жетудің  негізгі  шарты  лексикалану  десек,  оның 
нəтижесі - атау» /9,38/ деп көрсетеді.  
Сөз  тіркестерінің  сөзбен,  күрделі  сөзбен, 
фразеологизмдермен арақатынасы туралы ғалым 
Т.Сайрамбаев  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  күрделі 
сөз  тіркестері»  атты  еңбегінде  жан-жақты  сөз 
етеді.  Ғалым  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің 
арасындағы  айырмашылықтарды  төмендегіше 
атайды: 
«Күрделі  сөз - сөз  жасаудың  бір  түрі;  сөз 
тіркесі - синтаксистік категория. 
 Күрделі  сөздің  əрбір  сыңары  бір-бірімен 
тығыз  мағыналық  байланыста  айтылады;  сөз 
тіркестерінің  сыңарлары  бір-бірімен  синтак- 
систік байланыста болады. 
Күрделі  сөздің  əрбір  сыңарында  жеке-жеке 
мағына  болуы  да,  болмауы  да  мүмкін.  Бірақ 
оның  сыңарларының  жеке-жеке  мағынасы 
болғанымен,  тұтас  сөздің  мағынасы  сыңар- 
ларының  мағынасынан  гөрі  күңгірттеу  болып 
келеді;  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарының  мағы- 
насы айқын болады. 
Күрделі  сөздің  əрбір  сыңарына  жеке-жеке 
сұрақ  қойылмайды,  ол  екеуі  бір-ақ  сұраққа 
жауап  береді,  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарына 
жеке-жеке сұрақ қойылады. 
Күрделі  сөздің  əрбір  сыңарының  орны 
жылжымалы емес, тұрақты; сөз тіркесінің əрбір 
сыңарының орны жылжымалы. 
Күрделі  сөз  тұтасымен  морфологиялық 
өзгеріске ұшырамайды. Яғни оның əрбір сыңары 
жеке-жеке  морфологиялық  өзгерісте  болмайды, 
сол  тобымен  тұлғаланып  көптеледі,  септеледі, 
жіктеледі;  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңары  түрлі 
морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. 
Күрделі  сөз  тұтасымен  басқа  сөзбен 
синтаксистік  байланысқа  түседі;  сөз  тіркесінің 
əрбір  сыңары  жеке-жеке  синтаксистік  байла- 
ныста жұмсалады /10,37-38/. 
Сонымен,  кей  тұста  күрделі  сөзді  сөз 
тіркесінен  құрылымдық  жағынан  айырып  алу 
қиындық  келтіреді.  Бұл  жайында  жоғарыда 
аталған  авторлардың  көзқарастары  мен  пікір- 
лерінен айқын көруге болады.    
Сонда  сөзжасам  жұйесінің  бір  тармағы 
күрделі 
сөздердің 
қалыптасуына 
дейінгі 
аралықта  сөз  тіркестері  қандай  өзгерістерге 
түседі,  қандай  тілдік  құбылыстарды  басынан 
өткізеді  деген  орынды  сұрақ  туады.  Сөз 
тіркестері  негізінде  жасалатын  жаңа  сөздер- 
дің  қалыптасуы  мен  лексикалық  бірлік  ретін- 
де  танылуына  дейінгі  аралықта  олар  тілдік 
заңдылықтардың  сұрыптауынан  өтіп,  белгілі 
кезеңдерді  басынан  өткізеді.  Сонда  сөз 
тіркестерінің  күрделі  сөзге  ауысуын  мынадай  
кезеңдерге  бөліп  қарастыруға  болатын  сияқты: 
а)  сөз  тіркестерінің  күрделі  лексикалық  бірлік 
қатарына  ауысуының  бастапқы  кезеңі;  ə)  сөз 
тіркестерінің  күрделі  лексикалық  бірліктер 
қатарына ауысуының соңғы кезеңі; б). бастапқы 
кезең  мен  соңғы  кезеңің  арасындағы  аралық 
кезең.  Осылайша  кезеңдерге  бөлу  күрделі  сөз- 
дің  табиғатын  ашуға  септігін  тигізеді  деп 
ойлаймыз. Əуел баста синтаксистік қолданыстан 
басталатын  бұл  процесте  сөз  тіркестері  күрделі 
сөздердің  құрамына  бірден  біржолата  ауысып 
кетпейді.  Олар  əуелі  екі  тілдік  категорияның 
(сөз тіркесі мен күрделі сөз) арасындағы аралық 
кезеңде  өмір  сүреді  де,  екі  түрлі  тілдік  сипат- 
та  болады.  Олардың  бойында  əрі  өздерінің 
бастапқы  сөз  тіркесінің  мəні  мен  қызметі 
жарым-жартылай  сақталады,  əрі  өздері  ене 
бастаған күрделі сөздің сипаты болады. Мұндай 
аралық деп аталатын кезеңде өмір сүретін тілдік 
(синкреттік)  құбылыстар  онда  түпкілікті  қалып 
қоймайды. Уақыт өте келе олар жиі əрі тұрақты 
қолданылудың 
нəтижесінде 
семантикалық 
жақтан  дамып,  о  бастағы  табиғатынан  қол  үзіп, 
басқа  тілдік  бірліктер  (күрделі  сөз)  құрамына 
біржола ауысады. 
Міне, тілдегі осындай ауысулар (белгілі бір 
тілдік  категориядан  екінші  бір  тілдік  катего- 
рияға  ауысуы)  тілде  бар  заңды  құбылыс.  Тіл- 
дік  бірліктердің  өзара  ауысуы  процесіндегі 
аралықта  болатын  құбылыс  синкретизм  құ- 
былысы  деп  танылып  жүр.  Синкретизм  деп 
қарама-қарсы  екі  немесе  одан  да  көп  тілдік 
бірліктердің    грамматикалық  мағыналары  мен 
функцияларының  бір  сөздің  немесе  грам- 
матикалық форманың бойында түйісуін, бірігуін 
айтамыз.  Сонда,  сөз  тіркесінің  күрделі  сөзге 
ауысу процесін сызба түрінде көрсететін болсақ, 
ол мынадай болады: 
 
А  → Аб  → АБ  → аБ  → Б 
 
Мұнда  ауысу  процесі  А  типінен  Б  типіне 
қарай өтеді. А жəне Б типі синкертті бірліктерге 
жатпайды. Аралықтағы АБ типі - синкертті тип, 
оның  бойында  А-ның  да,  Б-ның  да  белгілері 
кездеседі.  Ал  Аб  типінде  А  типінің  белгісі  көп 
болса, ал аБ типінде, керісінше, Б типінің белгісі 
басым.  Егер  талдау  барысында  аралық  топқа 
жататын  тілдік  бірліктер  бірнешеу  болса,  онда 
оларды Аб1, Аб2, сондай-ақ, аБ1, аБ2 деп беруге 
болады.  
Қорыта айтқанда, күрделі сөздер - қыр-сыры 
мол күрделі тілдік құбылыс. Олардың сыры мен 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
175
табиғатын,  мағынасы  мен  жасалу  жолдарын 
анықтау  бүгінгі  күннің  тілтаным  талабынан 
туындап  отыр.  Күрделі  сөздерді,  əсіресе,  сөз 
тіркестеріне  қатысты  зерттеу  сөз  жасау  заң- 
дылықтарын  айқындауда  маңызды  болып  та- 
былады. 
_______________
 
1.  Жанпейісов  Е.  Күрделі  зат  есімдер //Қазіргі  қазақ 
тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989.  
2. Василевская Е.А. Словосложение в русском языке, 
М., 1962. 
3.  Ряшенцев  К.Л.  О  сложных  словах  в  современном 
русском  литературном  языке //Ученые  записки  Северо-
Осетинского  педагогического  института,  Орджоникидзе, 
1966, Т.27, Вып.3, Ч.1.  
4. Воронцова К.Б. Принципы формирования сложных 
имен  существительных  в  современном  русском  языке 
//Труды  кафедр  Восточной  Сибири  и  Дальнего  Востока, 
Улан-Удэ, 1966, Т.4.  
 
 
 
 
 
 
 5.  Яцимирский  В.М.  Развитие  способов  словосло- 
жения в русском языке Советской эпохи //Ученые записки 
Ивановского пединститута, Иваново, 1954, Т.6. 
6.  Аханов  К.  Грамматика  теориясының  негіздері.  А., 
1979. 
7. Ысқақов Ə. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1991. 
8.  Балакаев  М.Б.  Основные  типы  словосочетаний  в 
казахском языке. А., 1957.  
9.  Б.Қасым.  Қазақ  тіліндегі  заттың  күрделі  атаулары- 
ның теориялық негізі (филол.ғ.д.дисс.). А., 2002. 
10.  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз 
тіркестері. А., 1981. 
* * * 
В  статье  рассматривается  переход  словосочетаний  в 
сложные  слова,  а  также  анализируется  их  взаимопереход 
как промежуточное языковое явление.  
* * * 
The article discusses the transition phrases into compound 
words, and also analyzes their intertransitions as an 
intermediate linguistic phenomenon. 
 
 
 
 
 
М. Б. Сабыр 
 
«ОРТААЗИЯЛЫҚ ТƏПСІР» (ХІІ-ХІІІ ҒҒ.)   
ЖАЗБА ЖƏДІГЕРЛІГІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ 
 
 
Орта  Азия  түркі  тілдерінің  тарихында  ХІ  –
ХҮ ғасырлар өте күрделі кезең.  Бұл кезеңдерде 
түркі  тілдерінің  диалектілері  мидай  араласып 
жатты.  Осы  тұста  дүниеге  келген  жазба 
ескерткіштерде  арлас  тілде  жазылды.  Орта 
Азиядағы  бүгінгі  түркі  тілдерінің  тарихы  үшін 
осы  өңірде  дүниеге  келген  жазба  жəдігерлік- 
тер  үлкен  рөл  атқарады.  Сонда  маңызы  зор 
ескерткіштің  бірі  «Ортаазиялық  тəпсір».  Ол 
Құран  Кəрімнің  жолма–жол  аудармасы,  соны- 
мен  қатар  сүрелерге  түсіндірмелер  беріп 
отырады.  Құраның  түркі  тілдеріндегі  жолма  –
жол  адармалары  өте  көп  болған.  Белгілі  түрік 
ғалымы  Абдулқадыр  Инан  «Ортаазиялық  тəп- 
сірдің»  Түркияның  «Түркілік  жəне  исламдық 
шығармалар  мұражайында»  сақталған  Құран- 
ның аудармасымен өте жақын екенін анықтаған.  
«Ортаазиялық  тəпсірдің»  жазылу  уақытын  
дəл  көрсету  өте  қиын.  Мəтінің  өз  ішінде  еш 
мəлімет  көрсетілмеген.  В.В.Бартольд  бұл  жазба 
есскерткіштің    тілдік  құрылымына  қарай  «өте 
ерте  кезеңде,  яғни  ХІ  ғасырдағы  дидактикалық 
поэма  «Құтадғу  білікпен»бір  шамада  жазылған 
деп есептейді[1]. Профессор Көпрюлю М.Фуад- 
тың  пікірінше  Тəпсір  Х  ғасырдың    аяғында 
немесе  ХІ ғасырдың басында Батыс Түркістанда 
жазылған,  бірақ  бізге  белгілі  жазба  кейінірек,  
 
 
тимуридтар дəуірінде  көшірілген.  Ортаазиялық 
тəпсірді  арнайы  зерттеген  А.К.  Боровков- 
тың    «Наличие  в  среднеазиатском  тефсире 
терминов  монгольской  эпохи  и  более  позднего 
тимуридского  времени  (мірзада),  как  это  от- 
мечено  Бартольдом,  а  также  новшеств  в  ор- 
фографии  и  морфологии  заставляют  предпо- 
лагать,  что  наш  список  переписан  в  ХҮ  в., 
однако,  по  всем  данным,  правильнее  считать, 
что  первоначальный  перевод  и  комментарии 
относятся  к  ХІІ-ХІІІ  вв.»,-деген  тұжырымының 
маңызы зор[2].  
«Ортаазиялық  тəпсірдің»  тілі  туралы  анық- 
тама беру үшін тарихқа үңілу керек. Профессор 
С.Е.Маловтың  пікірінше  Орталық  жəне  Орта 
Азияда  бастапқыда  тарихи  кең  тұрғыда  əдеби 
шығыс түркілік д тілі болды. Кейін оның орнын 
əдеби  батыстүркілік  й  тілі  басып,  д  тілін 
ығыстырды  Соның  нəтижесінде  əдеби  тілдің 
диалектілік  негізі  өзгерді.  Бұнымен  қатар  сына 
жазуы  мен  көне  ұйғыр  əліпбиінің  орнына  араб 
жазуы  дендеп  ене  бастады. (кейінірек  шағатай 
тілі  деп  аталды).  Біз  зерттеп  отырған  ескерткіш 
осы  өтпелі кезеңге тиесілі болу керек.  
«Ортаазиялық  тəпсірдің»  тілдік  деректеріне 
қарағанды д(ذ)  тілді ескерткіштер қатарына жа- 
тады,  бірақ    з  элементі  мен  й  элементі  де 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
176 
байқалады.  Мысалы,  қоды,  қозы,  қойы  «төмен» 
жəне т.б. Бұндай ерекшелік «Қиссас ал-анбийа» 
ескерткіштерінің  кейінгі  жазбаларында  байқа- 
лады.  Бұл оғыз-түркімен əдеби дəстүрінің əсері 
екені  анық.  Ол  қазіргі  түркімен  тіліндегі 
интердентальды    д  -дан  анық  байқалады.  Орта 
ғасырларда  д  тілі  мен  з  тілінің  аралсқандығы 
көрініп  тұр.  Тəпсірде  оғыз-түркімен  элементі 
лексикадан  да,  фонетикадан  да  байқалады: 
Қатаң  т-ның  ұяң  д – ға  айналғанын  көреміз: 
дəгүл –(түгел), дəгрə  (айнла, төңірек) т.б. 
 «Ортаазиялық  тəпсірді»  тарихи  лексиколо- 
гия  шеңберінде  бүгінгі  тірі  түркі  тілдерімен 
салыстыра  зерттеу  қажет.  Жекелген  сөздерді 
салыстырмалы-тарихи  тұрғыдан  семантикалық 
өрісін  зерттесек,  оның  этноспен  сабақтастығы 
ашыла түседі. Б.А.Лариннің айтуынша “Далекая 
цель  исторической  лексикологии – выяснение 
таких  компонентов  словарной  системы  языка, 
которые в истории его развития эволюцинируют 
единым  фронтом,  т.е.  обнаруживают  прочные, 
устойчивые связи” [3,12].  Егер əрбір сөз тарихи 
тілдік  сабақтастықты  білдіретін  болса  біз 
зерттеп  отырған    ескерткіштің  көптеген  сөздері 
қазіргі  қазақ  тілінде  кездесуі  соған  жарқын 
дəлел.  Қазіргі  таңда  түркі  лексикологиясының 
алдында  тұрған  маңызды  міндеттердің  бірі 
жекелеген  тілдерді  синхрондық  тұрғыдан  да, 
диахрондық тұрғыдан да кешенді зерттеуге алу. 
Тарихи-салыстырмалы  əдіске  сүйенген  зерттеу 
ғана бүгінгі тірі тілдің тарих қойнауында қалған 
жазба жəдігерлікке алыс-жақынын, туыс-жекжат 
екенін  анықтай  алады.  Қандай  да  бір  тілдің 
лексикасы  басқа  тілдік  категориялардан  қашан- 
да  бұрын  сөйлейді,  мол  ақпарат  бере  алады. 
Көрнекті ғалым К.М.Мусаев “Когда говорят, что 
язык  представляет  собой  кладовую  истории 
народа – его  носителя,  прежде  всего  имеется  в 
виду  его  лексика,  которая  непосредственно 
реагирует на все изменения в жизни народа” деп 
тұжырымдайды [4,23].  «Тəпсірдің»  лексикасын 
шолып,  зерделесек  қазақ  тілімен  мағынасы  да, 
тұлғасы  да  толық  сəйкесетін  көптеген  сөздерді 
кездестіреміз.  Мəселен,  Зат  есім  сөздердің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет