МАЙКӨТТІҢ АЙТЫСТАҒЫ ШЕБЕРЛІГІ ТУРАЛЫ
Майкөт пен Құлмамбеттің айтыстарының
нұсқалары қатарында Қазанғап Байболұлының
нұсқасы құрылымдық жүйесінің толықтығы
жағынан ерекше көзге түседі. Айтыстың
басында Құлмамбеттің толғау сөзі берілген.
Онда ақынның өмірінің кейбір қырлары көрініс
тапқан. Бұл тұста Құлмамбет өмірдің қызығы
мен қиынын да мол көрген жанға ұқсайды.
Айтыс алдағы уақытта қырғыз елінде Бəйтіктің
аулында болатын той хабарынан басталады.
Құлмамбет той болатыны туралы хабарды
естісімен оған баруға дайындалғанын, қасына
алты жігіт алып, елінен жолына бір мал айтып,
атқа мінгенін баяндайды. Жолға шыққанына бес
күн өтіп, алтыншы күн дегенде, той жасаған
жерге келіп жеткені жайынан да мəлімет береді.
Жол-жөнекей тойға кімдердің келіп жатқанын,
алыс пен жақыннан кім барын қазақ мен
қырғыздың бəрінен сұрап келгенін де ай-
тады. Ақын əңгіме айтушылардан бұл тойда
Құдайберген майырдың баласы Рысқұлбек келіп
жатқанын, қасында ақын Майкөт барын естиді.
Айтыс үстінде Құлмамбеттің Майкөт туралы,
оның осал жерлері туралы қазақ, қырғызға
арнайы сұрау салып, алдын ала көп нəрсеге
қанығып алғаны белгілі болады. Бұл айтыс
ақындарының өз қарсыластарының осал деген
жерін алдын ала біліп алуға əрекеттенетін əдетін
еске салады.
Құлмамбеттің сөзінен оның Майкөтпен
айтысу туралы ойы бары белгілі болады. Той
иелері екі ақынды айтысқа түсірместен бұрын,
той иесінің үйіне келгенге дейін Құлмамбет
Майкөтпен айтысуға ниет қылады. Бұл
Құлмамбеттің өз ойы ма немесе қазақ, қыр-
ғыздың айтысқұмар халқының тілегіне сай туған
тілек пе – оны кесіп айту қиын. Қалай болғанда
да Құлмамбет Бəйтіктің тойына Майкөттің
келгенін естіген сəттен бастап онымен айтысуға
қамдана бастайды.
Ақын Бəйтіктің он төрт қанат ордасына
келгенін, əдеппен Бəйтіктің қолын алғанын, үй
толып отырған ел жақсыларының бəрінің басын
санап амандасқанын жырлайлы. Осылардың
бəрі айтыс мəтінінде 56 жолды алады. Бұл,
əрине, айтыстың өз құрылымынан тыс, ақынның
кейіннен өзі жанынан қосып айтқан түсіндірме,
анықтама сипатындағы сөзі еді. Жол бойынша,
айтыстың мəтінін жүйеге түсіріп, сөздерін
қалпына келтіріп, жүйеге тісіріп жұртқа жеткізу
жеңілген ақынның міндеті болған. Құлмамбет
айтыстың тарихын, ұзын-ырғасын осы жолға сай
айтқан деуге болады.
Айтыстың келесі бөлімі Құлмамбеттің үй
толып отырған жақсылармен амандасуына
арналады. Ақын үйдегілерге той иесі Бəйтіктен
бастап жырмен сəлемдеседі. Бəйтік, болыс
Байсал, Сүлеймен, Шолпанқұл секілді қырғыз-
дың бетке шыққандарына арнайы сəлем беріп
келіп, қазақ Рысқұлбекке ойысады. Одан соң
Майкөтке тиіседі.
Құлмамбеттің құбылып соқтығуына ширы-
ғып қалған Майкөттің сөзі Қ. Байболұлының
нұсқасында мынадай болып айтылады:
Осы ма жұрт мақтаған Құлмамбетің,
Майкөтке ауған екен бар ниетің.
Майкөтті үйде отырған далада деп,
Көңіліңді аударған ба құдіретім?
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
172
Майкөттің осы сөзі Ж. Жантөбетов нұс-
қасында берілген мəтіннен алшақ емес. Бірақ
Ж. Жантөбетов нұсқасында Майкөттің сөзі
көркемдік жағынан жинақы, мазмұн, ой жағы-
нан қуаттырақ. «Айтыс» жинағында жария-
ланған нұсқада да Майкөттің сөзі Қ. Байболов
нұсқасындағыдан
уыттырақ
болып
көрі-
неді.
Қ. Байболовтың нұсқасында Майкөттің сөзі-
нің бағасы екі түрлі болып келеді. Төрт жол
өлеңнің алғашқы екі тармағы кімге арналып
айтылғаны анық ашылмаған. Ақынның кімге
бұрылып, кімге қайрылып сөйлеп отырғаны
мəлім емес. Ақын жалпы жұртқа, көпшілікке
арнап айтып отырғаны туралы ой туғанмен, оны
негіздеу қиын. Ж. Жантөбетовтен жеткен
жəне “Айтыс” жинағына енген нұсқаларда
Майкөттің сөзі толығымен Құлмамбеттің өзіне
арналып айтылады. Біздіңше, Майкөт сөзінің
осы түрде айтылуы айтыс жүйесіне толық сай
келеді.
Алғашқы қақтығысудан соң, ақындар
осындай уытсыз, жаймашуақ күйге түскендей
қалып танытады да, іле қайта шырқайды, бір-
біріне аяспастай соқтығысады. Айтысқа қажетті
қайшылық, ой мен сезімдегі қарсылық осы
жерде бір көркем көрініс табады да, одан ары
қарайғы жерде ашық тартысқа ұласады.
Айтыс қырғыз елінде, қырғыздың манабы
Бəйтіктің ордасында өткен. Сондықтан да
Құлмамбет өз айтысының басында Бəйтік
бастаған қырғыздарға бұрылып сөйлеп, олардың
аталары мен өздерін көтермелеп, марапат,
қошамет сөз айтады. Ақын атын атап, сəлем
беріп отырған Бəйтік - қырғыздың шоң манабы.
Сүлеймен, Шолпанқұл, Рысбек - бұлар да өз
заманының ірі тұлғалары. Майлықожа ақын
Бəйтік туралы: «Жүз мың үйлі қырғыздан Бəйтік
датқа»,- деп, Бəйтікке қарайтын үй санын
көрсетеді. Бұл, əрине, Бəйтіктің қырғыз ішінде
аса ірі шонжар болғанын білдіреді. Құлмам-
беттің өз сөзінің басын жиын ағасы, үй иесі
Бəйтікке қошемет айтып сəлем беруден бастауы,
оның өз тұрғысынан алып қарағанда, орынды.
Алайда дүйім жұрттың алдында айтысқа түскен
ақынның ойы мен сөзіне сыншы көп,
қошеметшілер де аз емес. Айтыста ақындар ғана
айтыспайды, жиынға келіп отырған елдің игі
жақсы-жайсаңдарды да жарысқа түседі, намысқа
шабады.
Айтыс басында қырғыздарға марапат, құр-
мет сөзін аямай жəне алдымен айтып, сонысы
үшін Рысқұлбектен «шапалақ жеген» Құлмам-
бет енді келіп Рысқұлбекке өзі Майкөттен
жақын екендігін, Майкөттің Рысқұлбекке өзінен
жақын бола алмайтынын алға тартады. Айтыс
жүйесіндегі осы ойдың, жөннің жарысында,
ағуал-жағдай ұтымдылығы жағынан Майкөттен
бұрын да ұтылып қалған Құлмамбеттің айтыс
арнасын бұрған саны соқпағы болар ма деген
бұл амалы да негізсіз болып шығады. Осының
алдында ғана қырғыздарға жақындығын, қыр-
ғыздарға өз көңілінің аса жақсы екендігін
айтып, Рысқұлбекті кейінгі қатарға ысырған
Құлмамбет мына сөзімен Рысқұлбекке қайта
жақын бола алмайтынын, жақын болар көпір-
ді бұған дейін өзі бұзып тастағанын ескер-
мейді, өзімшілдікке салынып, ескергісі кел-
мейді. Майкөт айтыс кезінде осы жағдайды
Құлмамбеттің алдына көлденең тартады.
Майкөттің орынды айтқан сөзіне Құлмамбет
лайықты жауап қайтара алмайды. Сөздің
жөнінен ойдың жүйесімен, ахуал-жағдайдың
жайынан түгел басым болып отырған қарсы-
ласына Құлмамбет еш қайран көрсете алмайды,
шарасыз қалады. Өзінің осы күйіне ашынған
Құлмамабет қарсыласын кемітуге ұмтылып,
мынандай сөз айтады:
Майкөтжан, бір сапарға ісім түсті,
Менімен айтыспағың қиын іс-ті.
Ердім деп Рысқұлбекке асқындама,
Секілді ит табаны аз ғана Ысты.
Мұның алдында айтқан ой жүйесі, сөз
дарасында қарсыласынан беті қайтып, өзі
бастаған тақырыпты ары қарай дамыта алмай,
Майкөттің сөзіне еш уəж айта алмай, толқыған
Құлмамбет бұрынғы тақырыбын тастай салып,
басқа тақырыпты қозғайды. Майкөттің руын ит
табанындай аз деп кем тұтады, өз руын көп деп
артық тұтады. Алайда Майкөт ақын Құлмамбет-
тен бұл тақырыпта да асып түседі:
Бір талай Ысты деген ел емес пе,
Үш дуан бас-аяғы жер емес пе?
Дулаттың аруағына тіл тигізіп,
Кешегі қашқын Албан сен емес пе?
Құлмамбеттің Майкөтке қарсы ұстанып
отырған артықшылығы – Майкөт руының аз-
дығы, өз руының көптігі. Майкөт Құлмамбеттің
бұл сөзінің де «кілтипанын, жүйесіздігін, жөн-
сіздігін» тауып айтады. Майкөттің сөзінен
аңғарылатын нəрсе мынандай: Құлмамбет көп-
тігін ардақ тұтатын болса, Албан өзімен бір
туған Дулаттың аруағына тіл тигізіп, өз елі, өз
жұртынан ауа қашпаған болар еді. Өзінің
көптігінің қадіріне жетпеген Құлмамбеттің енді
келіп, Майкөтке өзінің көптігін айтып мақтануы
ақылға қонатын іске ұқсамайды. Сөйтіп,
Құлмамбет бұл жерде де өзінің артықшылығы
деп алға ұстаған қасиетінің құнсызданып,
кемшілікке қалай айналып кеткенін аңдамай
қалады. Майкөт бұл тұста да Құлмамбеттен
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
173
асып түседі, оны өз сөзінен ұстап, өз сөзінің
жүйесінен сүріндіреді, қарсыласының ойына
негіз етіп отырған құбылысты оның өзінің
кемшілігін əшкерлейтін дəлелге айландырып,
оған қоршаған көпшілікті тұтас иландырады.
* * *
В статье изучается поэтическое мастерство Майкота
Сандыбайулы.
* * *
In article questions of poetic skill of Majkota Sandybajuly
are studied.
Н. Н. Иманбекова
ҚАРАУЫЛБЕК ҚАЗИЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ
ТУҒАН ЖЕР ТАБИҒАТЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Қазіргі қазақ прозасына 1960 жылдарда
келіп, «құйрықты жұлдыздай» ағып өткен
тұрлаулы творчестволық тұлғалардың бірі –
Қарауылбек Қазиев. Бар-жоғы 45 жыл ғұмыр
кешкен талантты жазушы өзінен кейін өз
алдына жеке зерттеуімізге лайық қомақты əдеби
мұра қалдырды.
Оның əдеби шығармашылығы – бүгінгі
күннің биік эстетикалық талғамы мен талабына
жауап беретін, идеялық-көркемдік жағынан аса
құнды еңбектер жазу айдынындағы алғашқы
адымдары-тырнақалды туындыларында-ақ, өзіне
тəн қаламгерлігімен, жазудағы өзгеше өрнек-
нақышымен, мəйекті тіл, сыршыл сазымен
əдебиет əлеміне еркін еніп, қазақ прозасының
қалың көшіне іркілмей ілескен Қарауылбек
Қазиевтің жазушылық болмыс-бітімі бірден
дараланып, уақыт өте келе шеберлігі шыңдала
түскендігі оның көркем дүниелерінен айқын
аңғарылады.
Қарауылбек Қазиев Жамбыл облысы, Шу
ауданындағы «Кербұлақ» ауылында туған.
Жазушының айтуынша, оның туып-өскен ор-
тасы өнерге жақын болған. Оның болашақ
жазушыға əсері де мол болғанын байқатады. Ол
өскен орта əн-күйге бөленген, өзі ақын, өзі
күйші, өзі сазгер – үштік бірлігінен құрылған
əнші-ақын ортасы. Əрідегі Кенен Əзірбаевтың
көзін көріп, даңқын естіп өскен. Бұл туралы
деректерді жазушының «Мəтібұлақ басында»
атты əңгімесінен кездестіреміз: «Мен Кенен
ауылымен қолтықтас, тізерлес жатқан Шу
өңірінде ержетіп ем. Ауылы аралас, қойы
қоралас көрші-қолаңның күй мен жыры да
жапсарлас. Біріне-бірінің аунап жетуі тез. Əз
ағаның ауылынан əн үйреніп қайтқан əркімнің
аты бейгеден келгендей көңілдері көтеріңкі
келуші еді. Қалың тойды қақ жарып, Кенекеңнің
күйлі əнін алғаш шырқап, шырайлана үн
көтерген кісінің маңдайына жұлдызы бар
сияқты көрінетін-ді. Осыдан кейін-ақ əлгі əнді
ауыл болып көтеріп кетуші еді. «Бозторғайды»
боздата, «Көкшолақты» екпіндете тебірентетін
ауылдастарының келбеті əлі күнге дейін көз
алдымда. «Базар-Назардың» сазымен соғыстан
қайтпай қалған ұлдарын жоқтап, күңіренген көп
апаның қапалы күйлері де көңілден кеткен жоқ...
Кенекеңнің көп əндері қоңырқай балалығымның
ескірмес ескерткіштеріндей жадымда қалыпты»
[1, 254-255б.б.].
Ешқашан аптап ыстық, ми қанаттар шөл
далада жапырағы шулаған алып бəйтерек тамыр
жая алмайды. Сол секілді алдында дəстүрі,
ежелгі төсегі жоқ елде талантты жазушы тумақ
емес [2,385б.]- дегендей ақын-жазушылар
қазынасын – рухани уыз еткен. Өздерінің даңқты
бабаларының өнегесі бойынша бар саналы
ғұмырын халқының игілігіне арнаған асыл
тұлғалар киелі Шу өңірінен аз шыққан жоқ.
Қазаққа Бөлтірік шешен сынды сөз зергерін,
Сауытбек сынды ақиық ақынды сыйлаған киелі
Шу топырағынан шыққан танымал ақын-
жазушылар да аз емес. Олардың қатарында Жам-
былдың шəкірті Бармақ ақын (Мықанбайұлы),
халық ақындары Жақсыбай Жантөбетов, Сəрсен
Жылысбаев, Омарбай Малқаров, халқымыздың
біртуар ақын қыздары Майса мен Ақбөпе,
жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңір-
ген қызметкері, Жамбыл облысының құрметті
азаматы Əлдихан Қалдыбаев, Əбіғұл Ибрагимов,
Мұрат Сыздық, жазушы, журналист, баспагер
Болат Бодаубай, спортшы, ғалым, жазушы
Əлімқұл
Бүркітбаев,
Ахметжан
Қосақов,
Қуаныш Иембердиев бар.
«Кербұлақ» ауылы қазақ мəдениетіне оннан
астам тұғырлы тұлға берген. Қазақ мемлекеттік
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
174
камералық оркестрінің бас дирижері болған
Ұялбай Нүсіпов, дəулескер күйші-сазгер Əбді-
момын Желдібаев, əнші-сазгер Серік Əденов,
Қазақстан Республикасының халық əртісі, ре-
жиссер Қадыр Жетпісбаев тағы басқалар – осы
ауылдың төл перзенттері.
Адам болашағының ғибратты болмағына
оның бала жастан тəлім – тəрбие алып өскен
ортасы, ұшқан ұясы зор əсерін тигізеді. Оның
рухани болмысы мен танымының қалыптасуы
да есейген ортасымен тығыз байланысты. Қа-
рауылбек Қазиев осындай ақын–жазушыларды
туғызған, ұлылар мекені атанған Кербұлақта
дүниеге келуі, рухани қоғамдық ортада тəр-
биеленуі оны биік белестерге көтерді.
«Кербұлақ» - қазақтың қаймағы бұзылмаған
ауылы. Жазушылық та, ақындықта туған жер
табиғатынан болса керек. Кербұлақ – сұлу жер,
тамылжыған табиғат қана емес. Жоғарыда
аталған ғажайып шығармашылық тұлғалардың
тууына, қалыптасуына да себепкер болған.
Қаламгер Кербұлақты бар жан-тəнімен сүйгені
белгілі. Кіндік қаны тамған, Кербұлақты
шығармаларына арқау етіп отырғаны да мəлім.
Рухани толысқан əр адамның бейнесінен туған
жер бейнесі көрінеді. Оның сөзінен, қимыл-
əрекетінен өскен ортаның танымал белгілері
əрқашан мен мұндалап қол бұлғайды. Қарауыл-
бек Қазиев сезінгенін іркіп қала алмайтын,
қуанышына да, ренішіне де оқырманын ортақ-
тастыра алатын шын сезім жазушысы. Оның
туындылары өзі туған Кербұлақтың саф ауа-
сындай таза, қайыңдары мен қарағайындай биік
жəне əдемі, көлдеріндей айдын, бұлақтарындай
мөлдір.
Табиғаттың əсем сұлу өңірінде жарық
дүниеге келген, көзін ашып көргені табиғи
көркемдік болып ер жетіп келе жатқан бозбала
үшін қайталанбас əсер еді. Қарауылбек Қазиев-
тің балдаурен балалық шағы өткен өңірі, өскен
ортасынан ойлағанда оны жазушы болмасқа
əдісі жоқ дарын ретінде қабылдаймыз.
Оның бойындағы өмірге құштарлық, адамға
мейірімділік, əдемілікке, сұлулыққа іңкəрлік,
жан-дүниесіндегі сыршыл сезімталдық, сыншыл
талғам осы туған жерінің қайталанбас ғажайып
көрінісінен дарыған.
Жазушының туған жері – Кербұлаққа əбден
бауыр басуы, кейіпкерлерін, тақырыбын сол
аймақтан табуы, объектісіне деген құштарлық
қуантарлық жайт.
Жазушы мына сөйлемдермен-ақ “Жаз айы-
ның жайдары таңы тағы да əдемi атты. Жауын-
ның көптiгiнен қоңырланып, биiктеп алған
батсайы раң шашақтарын сiлкiнiп, ертеңгi арай-
ға бет бұра бастады. Азанғы самалмен азды-кем
бұйра толқын ойнатқан көк дала кейпiнде
жұмсақ нұр бар” — деп кiршiксiз арайлы таңды
мөлдiрете суреттейді.
«...Түн əбден кірді. Жұлдыздар пырдай
жанып, қаумалап тұрғанымен батыс жақта
бүлкілдеп от ойнатқан ойнамалы қалың бұлт
бар. Тек тау ішіне ғана тəн жым-жырт тыныш-
тық. Ауық-ауық иттер үреді. Түн көрпесін
жамылып, жамырай шырылдаған шегірке үндері
бір сəт те басылған жоқ. Бақа шуылымен үй-
лесіп, үзілмей қатаймаған ұзын-сонар əуен бесігі
тербелгендей».
«Олар екеу, мен жалғыз...» əңгімесінде:
«Шоқпар асуы» бір-біріне міңгескен бес-алты
тау жотасынан тұрады. Əр қырқасына көтеріл-
ген сайын жақпар тас, жалаңаш құзданып
биіктей бастайды. Сондықтан да бұл тұсқа
келген қай поезд болмасын бұрынғысынша
екпіндей алмайды....
Бұл ара осындай өр, шұғыл еңіс болуымен
бірге табиғатының сұлулығымен де аты шыққан
жер. Əртүрлі гүл атаулы ыстық жаздың ор-
тасына дейін өңін бермей, қызылды-жасылды
боп тұрып алады. Кез келген жыра-сайларынан
атқылайтын мөлдір бұлақ, мол сулы бастаулары
да мол».
«Ауылдан алыстаған сайын əртүрлі гүл
шоқтары алдымыздан жамырап шыға берді.
Өңкей бір нəзік қылықты, бізге аттары беймəлім
гүлді жапырақшалар ана жерден де, мына
жерден де қылаң етіп қою көзқарасына жа-
сырына түскендей болып, ілесті де отырды.
Кейбіреулері тосын жүрістен секем алып
қалғандай, қайырыла қарап тұрып, таң қалған
пішінмен бас шұлғиды. Кейбіреулерінің жүзінен
қуанышты сəбидің кейпі аңғарылғандай. Ана бір
ойпаңдағы қалың «бақбақ» бастарына жібек
шатыр ұстаған ертегі қыздарын көзге елестетсе,
мына бір қыраттағы ақшабас шағын гүлдер
өскен самалмен ирелеңдеп, жас қозылардың
асыр сап жүгіргеніндей ойнақ салады» [1,95б.].
«Олар екеу, мен жалғыз» əңгімесін оқыған-
да кеудеңнің тұсы еріксіз сыздап, қырдан
қызғалдақ терген, имек айдың ұшына жармасып,
кең дүниені кезіп кеткің келген кездерің көз
алдыңа сағымша ойнайды. Туған өлке сұлулы-
ғын өзен-көлдерінен, жартастарынан таниды.
Бұлар ол табынған сұлулықтың символдарының
бірі, жазушы бейнелеуінде, оны өмірге ғашық
еткен, құштар қылған əсемдік көріністері. Бұл
тектес туындылар жазушы бойындағы адам
сүйгіш, өмірге құштар, гуманистік сезімдердің
байлығын танытып, сезімтал, сыршыл жазушы-
ның өз бейнесінен де хабар береді.
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
175
Шығармаларындағы туған жер суреттері,
оның қарамақпал түні, ерке самалы, тас бұлаққа
шүпірлей қонған жұлдыздар нұры, қызыл іңірде
қарауыта дүңкиген тау басынан қорғалай туатын
ай, сол айға жүгіріп барып, ернеуінен ұстап,
мініп алып сейіл-серуен құрғысы келетін екі жас
қыз – бəрі-бəрі тұп-тұнық суреттеледі.
«Бəйшешекті жыл» əңгімесінде: «Ерте піс-
кен ақшыл гүлдер жерге шашылып түскен аспан
жұлдыздарындай болып, ескен самалмен от
үргендей сəулеленіп пырдай шашырап тұрып
алды. Кейбіреулері қос-қостан қол ұстасып, тұп-
тура үйіргесіне дейін жайылып келеді. Мына
бір үйір бəйшешек өзен жиегінен су ішуге
келгендей жыпырлай түсіп, құлай беріске төніп
алыпты. Баз-біреулері өзеннің ішіне дейін кешіп
келіп, су дірілімен билеп ойнағандай жайнаң
қағады....
Табиғаттың осы бір қуанышты шағы
Қайыржан ішіне түскен ине жасуындай жұқалаң
сəулені үрлепөршіткендей болады. Оның бойы-
нада аппақ бəйшешектер өсіп, қаз-қатар
шырақтар жанған тəрізді. Еркелей жыпырлап,
тысқа ұмтылып өзінше бір жарастық іздегендей.
Қанатсыз аспанға көтерердей жеңіл сезім
белгісіз аңсауға ұласады. Ұлпа бұлт сияқтанған
мамық сағыныш ары-бері қозғала бастаған-
дай...» [1,218б.].
«Қадиша» əңгімесінде: «Түңгі төңірек қап-
қара тыныштық құшағына сүйеніп, аспандағы
қалың жұлдыз қара жерге шыққан бəйшешекке
ұқсап, жыпырлап тұрады. Лептей есіліп қанат-
ты вальс желпініп жатады. Жанарынан қуаныш
оты ұшқындап, үлпілдек шашындағы ақ бантигі
таң шолпанындай күмістеніп Қадиша жүреді...».
«...Жып-жылы жұмсақ түн. Алыстағы сан-
сыз жұлдыздар жылусыз от бүркіп, шет-шетіне
қырау жалатқандай жылтылдап, үнсіз, тыным-
сыз жымың қағады. Кеше дабыры да саябыр
тауып, момын тартқан. Тек тозбас сарылына
мініп, менің ойым секілді астан-кестен тулаған
тау өзенінің дыбысы ғана бір сарынмен бұр-
қырап жатыр».
«...Əуеде қалқыған ұлпа тозаңдарды шапа-
ғымен бояған қызыл ымырт жабыла бастады.
Ауыл іші қоңыр жейде киініп, бозғылт тартқан.
Күл арасындағы өшер шаладай көмескіленген
іңірдің алғашқы жұлдыздары көрінді. Үйдің
қасына түн келіп жатты... Осы түннің тұнық
ауасынан қайда барсам да жүрегімен естіліп
тұратын аяулымның үнін тыңдаймын. Осы
түннің мейірімді құшағынан көктемгі тұмандағы
күн көзіндей елжіреп тұратын Қадишаның
жылы жанарын көремін» [1,237б.].
Қаламгер өз шығармаларында табиғат сұлу-
лығын тамсана жырлаумен бірге, кейіпкер-
лерінің ішкі жан-дүниесін, сезім буырқанысын
сол табиғатпен астастыра суреттеудің шебері.
Ол табиғат құбылысы мен адам жанын бір-
бірінен бөлектемей бірлікте сезінеді. Соның
арқасында оның кейіпкерлері табиғаттың өзін-
дей, ақ-адал, кіршіксіз таза болып келеді.
Қаламгердің туындыларында жүрек елжі-
ретер табиғат суреттері өте көп. Аңғарым-
паздықты, шеберлікті былай қойғанда, жазу-
шыны мұндай биікке шығарған құдірет туған
жерге деген шексіз махаббат. Шудың биік
аспаны, жыпырлаған жұлдызды түндері, Кер-
бұлақтың бай хайуанат, өсімдік əлемі, тау
өзендерінің таусылмас гүрілі қайда жүрсе де, не
жазса да автор қаламынан тыс қалып көрген
емес.
Шын суреткер пейзажы – қашан да белсенді
адам қатынасымен, қайғы-мұң, қуаныш-сүйініш
сияқты көңіл-күй əсерімен қанаттанған шынайы
шабыт туындысы. Дүние сұлулығын игерудің
маңызды бір саласы пейзаждық үлгіде түрлі-
түсті, жасанған жаратылыстың жалпы көрінісі
ғана емес, табиғат байлығының, адам қасиетінің
сезім қылын шертер ең нəзік тылсым-
тұңғиықтарына дейінгі бүкіл жүрек дірілі, жан
жылуы жан-жақты ашылуына мүмкіндік мей-
лінше мол.
Əйтсе де, пейзажды тек танитын адамның
қилы-қиян əсер билеген əртүрлі көңіл-күйіне
ғана сая беруге болмайды. А. Буров мəселенің,
міне, дəл осы қырына айрықша ден қойған [3].
Белгілі бір табиғи жағдайларға орай адам сезімі,
қуаныш-сүйініші, көңіл-күйі көрінетіндіктен, ол
нағыз пейзаж қашан да əсерлі болуға тиіс деп
есептейді. Осы көріктеу өнерінің бар қиын-
шылығын, жауапкершілігін тек адам сезімі мен
көңіл-күйі қалтарысына барынша тереңірек
бойлау парызынан іздеген. Ал шындығында
пейзаж жанрының өзекті желісі – сезім
туғызатын табиғаттың өзі. Көркемөнерсіз-ақ ол
адам көңіл-күйінің қуаныш-қайғы сияқты əр
қилы жағдайымен ұқсас қызық бір мінездер
байқатуы ғажап емес. Адам əдетте өз мұңы, өз
қуанышымен үндес табиғаттың осындай əртүрлі
ғажайып көріністерінен қуат алады.
Көркемдік таным аясында мейлінше маңыз-
ды қызмет атқаратын аңдау, əр нəрсенің
байыбын барлау қарекеті тек əсерленген көңіл-
күй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы
түрде терең сезінгендік қасиетін аңғартып
тұрады. Суреткер əрекетінде əдетте сол саналы
ой мен сезім бауырласады да, табиғат кескісінің
күллі ою-өрнегін нұрландырып, өзекті арқауға
айналып кетеді. Олардың бұл өзара астасқан
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
176
тас-түйін жарасымы – бейнелі дүние таным
тіршілігінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын
негізгі белгілердің бірі.
Көркем пейзаж жасау суреткердің дүние-
танымының кеңдігіне, рухани жəне мате-
риалдық мəдениеттерді жете білуіне, бір-біріне
жақындамайтын тегі басқа, тірлігі оқшау
құбылыстарды орайластырып, жымдастыруға,
алыс ұғым-түсініктерді бір-бірімен шебер
қиюластыраға саяды. Жалпы, шығарма жазуда
пайдаланатын нəзіктік, дүниенің жүрек қы-
тықтар сезімге толы сəттері, көңіл тоймайтын
сұлулық, бейкүнə сəбидей пəктікке құштарлық
секілді белгілерді жазушы Қарауылбек Қазиев
ой көзімен жеті рет өлшеп барып, содан кейін
ғана бір-ақ мəрте кеседі. Мұндағы басты əңгіме
– сырбаз жазушы Қарауылбек Қазиевтің
əдебиетті өзінше киелі əлем ретінде бағалай
білуінде. Ол сондықтан да əрбір теңеу мен
нақышқа, жалпы ол, шығарма оқиғасының
сенімді болуына өте көп көңіл бөлген. Осы
орайда, атақты жазушы Л.Н. Толстойдың:
«Түзетпестен жазу дегенді мүлде ойдан
шығарып тастау керек. Мен бірнеше қайтара
өзгертіп отырмайынша қалай жазу керектігін
түсінбеймін» деп айтқан сөзі ойға оралады.
Бұдан байқайтынымыз, дүние жүзі мойындаған
ұлы жазушының өзі əрбір сөзіне жіті мəн беріп,
бірнеше мəрте ой елегінен өткізіп отырған. Ал
жазушы Қарауылбек Қазиевтің де іштей
осындай қағида ұстанғандығы оның əрбір
шығармасынан анық аңғарылып тұрады. Осы-
ның əсері болар, жазушының қайсыбір əңгі-
мелерін, қайсыбір повестерін алмаңыз, қай
жағынан болмасын қойнауы жетіп туында-
ғанына куə боламыз. Сонысымен де оның
шығармалары оқыған жанды өзіне мəңгілік
оқырман етіп, шын мəніндегі əдебиет əлемінің
осы екендігін мойындатып, табындырып кетеді.
Авторға туған жердің жусаны мен бетегесі
де, тау-тасы мен топырағы да, шалғыны мен
шаңдағы етене жақын, ыстық. Қарауылбек
Қазиев - табиғат жыршысы. Ақын Есенбай
Дүйсенбай: «Ол табиғат жыршысы еді. Оның
суреткерлік таланты бізді гүл дірілі, бозторғай
шырылы, жапырақ уілі, жел жұпары, шалғын
əні, ағын сулар, асқар таулар əуені, ақ жауындар
əуезі, жазғы найзағайлар жарқылы, атқан таңдар
мен батқан күндер шұғыласы тербетілген
сиқырлы сұлулық əлеміне енгізіп, жан түк-
піріңді жаңғырта бастайды. Табиғат пен тағдыр
дастанынан өз кеудеңде де көктемгі күн күркірі
дауыстағандай болатыны сондықтан шығар.
Қарауылбек жырлап өткен қараңғы түндердің
өзінен рауан таңға тəн раушан нұр себездеп,
қоңыр түсті салқын лептен біртүрлі арайлы
жылылық есіп, бұлақтардың күрсінісінен күн
сəулесі көрініп тұрады. Таулардан еркіндік пен
мəңгілік мəрттікті, ақ жаңбырлардан тазалық
пен адалдықты көретін сияқты» [4,74б.]- деп
пікірін білдірсе, жазушы Əлдихан Қалдыбаев
«Қарауылбек – табиғаттың ғажайып жыршысы.
Оның суреттеуінде біз туған Кербұлақ тауы,
Жайсаң жотасы, Шу бойы бар реңкімен тұнып,
жанып тұрады. Табиғат ананың адамдардың
көңіл-күйімен астасып, суреттелетінін дəл
Қарауылбектей жетік біліп, жеткізе жазу екінің
бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Бұл
тұрғыда ол - хас шеберге ғана даритын қасиет
иесі»- деп жоғары бағалайды [4,79б.].
Автордың «Үркер» повесі туралы Жаңабек
Шағатай: «Марқұм Қ. Қазиевтiң бұл кiтабын
(яғни, шығармаларын да) алғаш рет оқып
шыққан жиырма жасар жiгiттiң ерiксiз сүйсiнiп:
— Ғажап екен ғой. Апыр-ай, мен ол жақта талай
болған едiм, мен көрген Шу өңiрi мүлдем
тозған, сүреңсiз жер секiлдi көрiнген. Ал мына
кiсiнiң жазғанында Шу өңiрi əлемдегi ең
ғажайып сұлу өлке екен ғой, — деп таңдана бас
шайқағанына куə болғанымыз бар» -деп ске
алады [5].
Шығармаларында ауыл жастарының туған
жерге деген сүйіспеншілігі, бір-біріне деген
қаяусыз қарым-қатынасы, махаббат сезімдері
табиғи қалпымен бейнеленеді.
Табиғат – адамзат мекені, оның дүниеге
келген, туып-өскен жері. Сондықтан, табиғат –
ана, атамекен. Əр адамға өзінің өніп-өскен
жерінің ағашы мен суы да, төбесі мен тауы да
ыстық. Жəне адамның табиғатты береген
етудегі, өзгертудегі күресі де осы арада өтеді.
Жазушы – суретші өз өміріне үлкен əсер еткен
табиғат-ана бейнесін суреттемей отыра ал-
майды. Осындай жайлардан туған табиғат
жырлары əдебиет дүниесінде əр жазушыда да
кездеседі.
Неміс халқының ұлы ақыны Гете табиғатты
анаға балап, өзін оның кеудесіндемін деп
санаған. Табиғатты оятқан нұрлы көктемді
жырлаған [6,66 б.].
Туған жерді жырлаған ақын-жазушылар өз
даласының сұлу да қарапайым жері мен
аспанын, суы мен өсімдігін өз топырағына деген
ыстық сезіммен жырлап өткен, жырлап та
келеді. Алайда, Қ. Қазиевтің базарлы бала кезін,
жалынды жігіт шағын өткізген, туған анасындай
Кербұлақ табиғатын жырлауының өз ерекшелігі
бар.
Сөзбен сурет салудың зергері Қ. Қазиев
табиғат суретін, дала келбетін бейнелегенде де
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
177
аса бір сезімталдықпен, нəзік нақышпен көз
алдыңа келтіреді. Көркем туындыларынан
жазушы туған өңірінің табиғаты, өзен, тау, жер
аттары жиі кездесіп отырады. Шығарма-
ларындағы оқиға желілері өрбитін мекендер,
көбіне өзіне ежелден таныс Шу бойы, Кербұлақ
таулары мен оның қойнауы, қоныстары, осы
аттас өзеннің бойы, Шоқпар асу аталатын
қыраттар маңайы сияқты балауса балалық шағы
өткен қасиетті өңірлер болып келуі де түсінікті.
Өзі жетік білетін табиғатты суреттеу қаламгер
үшін əлдеқайда қолайлы екені белгілі. Солар
арқылы туған аймақтың бүкіл тыныс–тіршілігі
ғана танылып қоймайды, кейіпкердің өзіне етене
таныс суреттерден оның соларға деген махаб-
баты аңғарылып тұрады. Алайда жазушыға
Қазақстанның кез-келген өлкесі ыстық, өйткені
ол да ұрпаққа қалдырған ата–баба мұрасы. Ав-
тор сол мұраның молдығын, кеңдігін мақтаныш
тұтады. Табиғат лирикасы жазушыдан ерекше
байқағыштықты, талғампаздықты талап етері
сөзсіз. И.Б. Гетенің: «Бірақ қасиетсізден тектіні,
сиықсыздан сұлулықты екшеп алу жай нəрсе
емес» [7,13б.] көркем пішінге көшіру барысында
көріктеу құралдарына негіз боларлық өмірлік
материалдарды табиғаттан қапысыз екшеп ала
білетіндігінің ең үлкен айғағы – оның пейзаж-
дық лирикасы деп білеміз.
_____________________
1. Қазиев Қ. Іңкəр дүние. – Алматы: Рауан, 1992. -272б.
2. Нұрғалиев Р. Діңгек. Екі томдық. Алматы: Арда,
2009. І том. -592 б.
3. Көркемөнердің эстетикалық мəні. Москва, 1956.
4. Қазиев Қ. Адамзат сапарының мейманымыз. – Ал-
маты: Жазушы, 2009. 181б.
5. Шағатай Ж. Раушан гүлдер ауласы // Түркістан. –
2009. – 23 сəуір.
6. Сыдиықұлы Қ.Тағлымды тұлғалар: Зерттеулер.
Мақалалар, толғаныстар. –Алматы: Информ-Арна, 2000.
168б.
7. Гете И.В. ОБ искусстве. – Москва, 1975. – С.585.
* * *
В статье исследуются особенности произведений
мастера словесного искусства К. Казиева.
* * *
This article is devoted to the research of the writer
Kaziev's descriptions of an unclouded childhood, flaming
youth, the nature of Kerbulak. The master of oral art K. Kaziev
describes the beauty of nature, latitude of an own steppe with
peculiar sensuality and tender motive.
Н. С. Исмагулова
Достарыңызбен бөлісу: |