Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет306/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
240 
 
мазмҧндауаргументтер  мен  фактілерді  келту,  тҧжырымдау,  қорыту)  дамытады.Мҧғалім  ең 
бастысы зерттеу жҧмысын дҧрыс ҧйымдастыруы қажет. 
 Қазіргі  заманғы  мектептегі  білім  беру  процесі  оқушылардың,  оның  ішінде  кіші 
оқушылардың  білім  деңгейіне  жетуге  бағытталуы  тиіс,  ол  дҥниетанымдық,  теориялық  немесе 
қолданбалы  сипаттағы  мәселелерді  дербес  шығармашылық  шешу  ҥшін  жеткілікті  болады.  Осы 
мақсатқа  жету  ҥшін  мҧғалімдер  зерттеу  бағыты  болуы  ҥшін  оқу  қызметін  ҧйымдастыра  білуі 
қажет. Әсіресе, бҧл мәселе бастауыш сынып оқушылары ҥшін ӛзекті ӛйткені, дәл осы жаста оқу 
қызметі  жетекші  болып  табылады,  ал  оның  зерттеу  бағыты  танымдық  белсенділікті 
қалыптастыруға,  дамытуға  және  белсендіруге  ықпал  етеді.Бҧл  міндетті  шешудегі  маңызды 
бағыттардың  бірі  бастауыш  сыныптарда  толыққанды  ақыл-ой  дамуын  қамтамасыз  ететін 
жағдайларды жасау болып табылады 
 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жҧмыстары сабақта және сабақтан тыс қызметте 
ҧйымдастырылуы  мҥмкін.  Бҧл  мҧғалімге  бҧрын  белгіленгендерден  басқа,  оны  әр  тҥрлі 
мақсаттарда  барынша  пайдалануға  мҥмкіндік  береді.  Осылайша,  болашақ  бастауыш  сынып 
мҧғалімін  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу-зерттеу  қызметін  ҧйымдастыруға  дайындау 
қажеттігінен тҧратын қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім берудің тҥйінді мәселесін атап ӛтуге 
болады.  Сондай-ақ,  танымға  стихиялық  талпыныстан  басқа,  баланың  жасы  ҥшін  жоғары 
деңгейде  оқу-зерттеу  қызметін  жҥзеге  асыруға  мҥмкіндік  беретін  бастауыш  сынып 
оқушыларының  белгілі  бір  біліктерін  қалыптастырудың  маңыздылығы  туралы  педагог 
О.В.Муромецева  ӛзінің  «Болашақ  бастауыш  сынып  мҧғалімдерінің  оқушылардың  зерттеу 
белсенділігін  ҧйымдастырудың  жолдары»  атты  мақаласында  кеңінен  ашып  кӛрсеткен  болатын 
[3].  
 Жоғарыда  айтылған  негіздерге  сҥйене  отырып,  жаратылыстану  пәні  арқылы  бастауыш 
сынып  оқушыларының  жобалау-зерттеушілік,  эксперименттік,  сыныптан  тыс  іс-әрекеттер 
барысындағы қауіпсіздікті сақтап жҧмыс істеу дағдылары қалыптасып, болашақ мамандығын ӛз 
бетінше  таңдауға  мол  мҥмкіндік  береді,  ол  ҥшін  алдын-ала  қарастырылған  педагогикалық 
шартардың болуын қажет етеді деп тҧжырымдаймыз. 
 Бастауыш 
сынып  оқушыларының  зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастырудың 
шарттарының  жіктелуіне  байланысты  (жағымды  психологиялық  климат  қҧру,  зерттеушілерге 
ізденуге деген мотивация тудыру, жас ерекшеліктерін ескеру, зерттеушілерді шығармашылыққа 
бағыттау  т.с.с)  Қазақстандық  педагог  Н.Т.Сартаева  «Аталмыш  педагогикалық  шарттар  орын 
алған  жағдайда  ғана  оқушылардың  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыру  ҥдерісін  табысты 
жҥзеге асыруға болады», - деп тҧжырымдайды [4]. 
 Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекетін ҧйымдастырудабіздің ойымызша 2-сыныптан 
бастаған жӛн. Мысалы, математика сабағы барысында тақырыпқа сәйкес ӛзекті мәселені тауып, 
жаттығуды  бірлесе  отырып  шешу  немесе  ӛз  бетінше  орындау  жоспарланады.  Тіпті  топқа  бӛле 
отырып  мәселені  шешу  қызықтырақ  болады.  Шағын  топта  бақылау  жҥргізіледі.  Оны  жҥзеге 
асыру  ҥшін  тәжірибе  жасау  ҧсынылады.  Ал  нәтижелерді  салыстырып  одан  қорытынды  шығар 
жҧмыстары  жеке  орындалады.  Топтарда  зерттеулер  жасай  отырып,  балалар  (кҥшті  және  әлсіз) 
кӛшбасшылық 
қасиеттерді  дамытуға 
мҥмкіндігі 
бар. 
Зерттеу 
жҧмысына  қатысу 
оқушылардыңтабысты оқуға мҥмкіндік беретін ӛзіне деген сенімділікті арттырады. 
 Зерттелінген  жҧмыстың  қорыту  -  презентация,  ауызша  баяндама,  мақала  тҥрінде  болуы 
мҥмкін. Кез-келген жҧмыстың нәтижесін шығару ҥшін ең соңғы деңгейі бағалау жҥйесінің дҧрыс 
ҧйымдастырылуы  келесі  зерттеулерді  одан  әрі  тереңінен  зерттеуге,  ізденуге,  жаңаны  танып 
білуге деген ҧмтылысты оятады. Сондықтан, оқушылардың жҧмысын бағалауда бір нәсенің ара 
жігін ажыратып алу керек деп ойлаймыз. «Жоғары» баға  - бҧл қоғамның (сынып, зерттеу тобы 
мҥшелері,  ата-ана  және  т.  б.)  мойындауы,  ал  «жақсы»  баға  -  кез-келген  қол  жеткен  нәтижеге 
лайық  екендігін  ескеру.  Ресей  ғалымы  Н.Ю.Румянцева  ӛз  зерттеулерінде  бастауыш  сынып 
оқушылардың мәселені кӛру, мақсат қоя білу, нәтижесін болжай білу, ӛзіндік тҧжырымы, зерттеу 
барысындағы  дербестік  т.с.с  қажетті  біліктерінің  қалыптасу  деңгейін  анықтау  арқылы  оларды 
жҧмыс нәтижесін келесікритерийлермен бағалауды ҧсынды: 

 
зерттеуді орындаудың тҥрлі кезеңінде ӛз бетінше әреке ету деңгейі;  

 
топтық  жҧмысқа  қосқан  жеке  ҥлесі  мен  жҥктелген  жҧмысты  орындаудағы 
жауапкершілік деңгейі;  

 
пәндік және жалпы қҧзыреттілігін практикада қолдана алуы;  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет