Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет313/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін  сӛздер:  білім  берудің  инклюзивтілігі,  инклюзия,  рекше  білім  беруді  қажет  ететін  балалар, 
мүмкіндігі шектеулілік, критериалды бағалау, оқу жетістіктері 
 
Білім беру жҥйесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты қатарластардың 
ортасына  енгізу  –  инлюзия  ҥдерісі  -  уақыт  талабы  болып  табылады  және  заңнамаға  сәйкес 
балалардың білім алу қҧқықтарын жҥзеге асыру ҥдерісі болып табылады.  
Инклюзивті білім беру (фр. Inclusif – ӛзіне енгізуші, лат. Include – қамтимын, енгіземін) – 
барлық балалардың әртҥрлі қажеттіліктеріне бейімделу тҧрғысында, барлығы ҥшін білім берудің 
қолжетімділігін  қамтитын  жалпы  білім  беруді  дамыту  ҥдерісі,  бҧл  ӛз  кезегінде  ерекше  білім 
беруді қажет ететін балалардың білім алуына деген қолжетімділігін қамтамасыз етеді [1]. 
Инклюзия ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін ҧйымдарға тек 
қана  «механикалық»  енгізуді  қамтымайды.  Мҧнда  сӛз  аталған  білім  беру  ҧйымында  ерекше 
баланы  бейімдеу  ҥшін қажетті  алуан  тҥрлі жағдайлардың  кең  ауқымын  қҧру,  балаларды  оқыту 
және бейімдеу ҥшін қажетті техникалық және сәулеттік ӛзгерістерді енгізгенге дейін, психолог, 
дефектолог,  логопед  сияқты  тҥзету  бағытындағы  мамандардың  осындай  баланы  қажетті 
қолдауын  қамтамасыз  ету  арқылы  баланы  қабылдау  атмосферасын  –  кедергісіз  ортаны  қҧру 
туралы болады.  
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды және қалыпты дамыған балаларды бірыңғай 
әлеуметтік  және  білім  беру  кеңістігінде  біріктіру,  бірқатар  жалпы  педагогикалық,  әлеуметтік 
және гуманистік міндеттерді шешуге мҥмкіндік береді. 
Әлемдік тәжірибе ерекше білім беруді қажет ететін балалардың балалық кезден бастап дені 
сау  қатарластарының  қауымдастығына  тҥсіп,  олармен  бірге  әлеуметтендірудің  аса  жоғары 
деңгейіне жететінін сенімді кӛрсетеді. 
Интеграция  әлеуметтік-педагогикалық  феномен  ретінде  бірнеше  ғасырларды  қамтиды. 
Арнайы білім берудің тарихына кӛз жҥгіртетін болсақ, дамуында ауытқуы бар балаларды және 
қалыпты  балаларды  бірлесіп  оқыту  идеясының  осындай  балалардың  білім  алу  қҧқығының 
мойындалған  кезінен  басталғанын  кӛрсетеді.  Шет  елдерде  1970  жылдардан  бастап,  мҥмкіндігі 
шектеулі  тҧлғалардың  білім  алу  мҥмкіндіктерін  кеңейтуге  ықпал  ететін  нормативті  актілер 
пакетін  қҧрастыру  және  ендіру  жҥргізіліп  келеді.  АҚШ  және  Еуропаның  заманауи  білім  беру 
саясатында  бірнеше  тҧғырлар  дамыған,  атап  айтсақ:  мэйнстриминг,  интеграция,  инклюзия. 
Мэйнстриминг  мҥмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  ӛз  қатарластарымен  мерекелерде,  әртҥрлі 
қызықты  бағдарламаларда  қарым-қатынасқа  тҥсетінін  қамтиды.  Интеграция  психикалық  және 
дене бҧзылыстары бар балалардың қажеттіліктерін, олар ҥшін бейімделмеген, ӛзгермеген тҥрінде 
қалған  білім  беру  жҥйесімен  сәйкестікке  келтіруді  білдіреді.  Ендіру  немесе  инклюзия, 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
245 
 
мектептерді  реформалау  және  оқу  бӛлмелерін  қайта  жоспарлау,  барлық  балалардың 
қажеттіліктері  мен  мҧқтаждықтарына  жауап  беруді,  сәйкестендіруді  білдіреді.  1990  жылдары 
АҚШ-да  және  Еуропа  елдерінде  мҥгедек  балалардың  ата-аналарын  ӛзіндік  ҧйымдастыру, 
инклюзивті білім беру идеяларын таратуға ықпал еткен ересек мҥмкіндігі шектеулі тҧлғалардың 
және  олардың  қҧқықтарын  қорғаушылардың  қоғамдық  белсенділігі  мәселелеріне  арналған 
бірқатар басылымдар жарық кӛрді. 
Ҧлыбританияда  инклюзивті  білім  беруді  енгізу  барлық  санаттағы  мҥмкіндігі  шектеулі 
балаларға қарапайым жалпы мектептерде білім алу қҧқығын ҧсынатын «Білім беру туралы Акт» 
шыққаннан  кейін  1976  жылдан  басталды.  Сонда  да  болса,  қазіргі  кезде  Англиядағы  білім беру 
жҥйесінде  инклюзивті  кӛпшілік  мектептерден  басқа,  арнайы  мектептер  де  бар.  Арнайы 
мектептерде негізінен мҥгедектіктің ӛте ауыр тҥрлеріне шалдыққан балалар оқиды. Англияның 
мектептері  екі  санатқа  бӛлінеді,  бҧл  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерін  және  бастауыш 
мектепті  біріктіретін,  4  жастан  12  жасқа  дейінгі  балалар  оқитын  бастауыш  мектеп 
(Primaryschools)  болып  саналады.  Бастауыш  мектептің  жанында  денсаулық,  отбасылық 
мәселелер  бойынша  ата-аналарға  кеңес  беретін  балалар  орталықтарын  ӛте  жиі  кездестіруге 
болады.  13  жастан  18  жасқа  дейінгі  ересек  балалар  жекеленген  мектептерде  білім  алады 
(SeniorSchools). Балалар орталықтарының, бастауыш және жоғары мектептің ҥйлесімі оқытудың 
сабақтастығына  ықпал  етеді  және  туылғаннан  бастап  мектеп  бітіргенге  дейін  мҥмкіндігі 
шектеулі балаларды бақылауға мҥмкіндік береді. 
Ағылшын мектептеріне ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту ҥшін қосымша 
қаржыландыру  бӛлінеді.  Мҧндай  мектептерде  білікті  қызметкерлерді  даярлау  жҥйесі  жҧмыс 
істейді.  Қажеттілігіне  қарай  мҥгедек  оқушыларға  ассистент  бӛлінеді,  оқытудың  жеке 
бағдарламасы қҧрастырылады.  
Мҥмкіндігі  шектеулі  балалар  қарапайым  сыныптарда  барлығымен  бірдей  еңбек  етеді. 
Англияның  мектептерінде  денсаулығы,  ҧлты  немесе  діни  қатыстылығы  бойынша  балалар 
арасында айырмашылықты ажыратуға жол бермейтін атмосфера қҧрылған.  
Инклюзивті  білім  берудің  экономикалық  тиімділігін  анықтауға  арналған  1980-1990 
жылдарда жҥргізілген зерттеулер, интеграциялық білім берудің басымдылығын келесі терминдер 
арқылы кӛрсетеді: пайда, тиімділік, жетістіктер. 
Қазіргі  кезде  кӛптеген  батыс  елдерінде  мҥгедек  балаларды  интеграциялаудың 
маңыздылығына қатысты белгілі консенсус қалыптасты. Мемлекеттік, муниципиалды мектептер 
ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бюджеттік қаржыландыруға ие болады, соған сәйкес 
олар  ресми  тҥрде  мҥгедектер  ретінде  тіркелген  оқушылар  санының  артуына  қызығушылық 
танытады.  
Инклюзивті  білім  беру  туралы  Қағидалар  2006  жылдың  13  желтоқсанында  БҦҦ-ның  Бас 
Ассамблеясы қолдаған БҦҦ-ның «Мҥгедектердің қҧқықтары туралы» Конвенциясына енгізілген. 
ТМД елдерінде интеграциялық (инклюзивті) оқыту жағдайында ерекше білім беруді қажет 
ететін  оқушыларды  қолдау  тәжірибесі  келесі  мәліметтерді  қамтиды:  Ресейде  алғашқы 
инклюзивті  білім  беру  мекемелері  1980-1990  жылдары  пайда  болды.  Мәскеу  қаласында  1991 
жылы  Емдік  педагогика  Орталығының  және  ата-аналардың  қоғамдық  ҧйымының  бастамасы 
бойынша, «Ковчег» (№1321) инклюзивті білім беру мектебі ашылды. 1992 жылдың кҥз айынан 
бастап Ресейде «Денсаулық мҥмкіндіктері шектеулі тҧлғаларды интеграциялау» жобасын жҥзеге 
асыру басталды. Соның нәтижесінде 11 аймақта мҥмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап 
оқыту  бойынша  эксперименттік  алаңдар  қҧрылды.  Эксперименттің  нәтижесі  бойынша  екі 
халықаралық  конференция  ӛткізілді  (1995,  1998).  2001  жылдың  31  қаңтарында  Ресейдегі 
интеграциялық 
оқыту 
мәселелері 
бойынша 
Халықаралық 
ғылыми-практикалық 
конференциясына қатысушылар, денсаулық мҥмкіндіктері шектелген тҧлғаларға интеграциялық 
білім  беру  Тҧжырымдамасын  қабылдады.  Денсаулық  мҥмкіндіктері  шектелген  балалармен 
жҧмыс  істеуге  педагогтарды  даярлау  мақсатында,  РФ-ның  білім  Министрлігі  1996  жылдың  1 
қыркҥйегінен  бастап  педагогикалық  ЖОО-ның  оқу  жоспарларына  «Арнайы  (тҥзету) 
педагогиканың 
негіздері» 
және 
«Денсаулық 
мҥмкіндіктері 
шектелген 
балалардың 
психологиясының  ерекшеліктері»  курстарын  енгізу  туралы  шешім  қабылдады.  2008-2009 
жылдары инклюзивті білім беру моделі Ресей Федерациясының бірқатар облыстарында, әртҥрлі 
типтегі  білім  беру  мекемелерінде  эксперимент  ретінде  белсенді  енгізілді:  Архангельск, 
Владимир, Ленинград, Мәскеу, Нижегород, Новгород, Самара, Томск және басқа облыстар [1].  


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
246 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  инклюзивті  тәжірибені  жапы  білім  беретін  мектептерде 
жетілдірудің  белсенді  ҥрдісі  жҥргізіліп  келеді.  Республикада  инклюзивті  білім  беруді  дамыту 
мақсатында,  инклюзивті  білім  беруді  дамытуды  нормативті-қҧқықтық  қамтамасыз  ету 
жетілдірілуде. ҚР-ның «Білім туралы Заңында» «инклюзивті білім беру» ҧғымы ерекше білім алу 
қажеттіліктерін  және  жеке  мҥмкіндіктерін  ескеріп,  барлық  білім  алушылардың  білім  алуға 
теңдей  қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін  ҥрдіс  ретінде  нақтыланған  (1  Бап).  «Ерекше  білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет