Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет357/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

274 


Шошынған  баланы  емдеудің  бір  тәсілі  бетіне  бір  кесе  суды  дұға  оқып  бүркеді.  Үйдің  оң  жақ 

босағасына  итаяққа  құйылған  суға  ауырған  баланың  иегін  батырады.  Ұшықтаудың  келесі  түрі  мұздай 

суға  жеті  түрлі  затты  салып,  баланың  денесіне  бүркіп  тітіркендіреді.  Ауырған  балаға  ұста  көрегінің 

аузынан су құйып, сол сумен баланың бетін жуады. Бұл халықтық ем «су ұшық беру» деп аталады (АЭМ). 

Бұл  емдік  ғұрып  үш  күн  бойына  жасалады.  Қазақтардың  дәстүрлі  емдеу  шараларындағы  өзіне  ерекше 

көңіл  аудартатын  бір  жайт  «үштік»  қағидасы.  Мысалы,  су  ұшық,  жерұшық  беруде  үш  күндік  емдік 

ритуалдардың  үш  күн  қатарынан  қайталанады,  баланың  тамағы  үш  күн  қатарынан  бастырылады.  Үш 

қағидасы бақсылардың, молдалардың емдік шараларымен бірге қалыптасқан. Бақсы молдалар науқасқа 

дем салғанда «сүф» деп су бүркуді үш рет, толғақ келгенде ырғауды үш рет орындайды, адамды отпен 

аластағанда  басынан  үш  рет  айналдырады.  Үштік  қағидасы  байырғы  бақсылық  өнермен  байланысты 

қалыптасса керек, мысалы бақсылар тіліндегі «сүф» сөзі үш рет айтылады.  

Көз тиген баланы сумен аластау үшін байырғы қазақтар есікті жуып алып, сол сумен баланы бүркіген. 

Көз  тигенді  қазақтар  тікелей  айтпай  «ти  тиген»,  көзі  бар  адамды  «көзінің  иті  бар»  деп  атап,  көзіккен 

баланы иттің бас сүйегі салынған сумен шомылдырған [7, c.82-83; Сурет 1б].  

  

 а 


ә 

б 

Сурет 1 - а,ә) Баланы қырқынан шығарғанда шомылдырғанда салатын 



қасқырдың тісі мен асығы;б) көз тиген баланы шомылдырғанда салатын иттің бас 

сүйегі. Қызылорда облысы экспедициясы (АЭМ) 

 

Тұмар тағу, тұмар оқып беру қазақ емшілері арасында кең тараған емдеу әдісі деуге болады. Тұмарға 



дұға  оқып  беруді  молдаларда  кәсіп  еткен.  Дұға  оқып,  жаздырған  адам  шамасына  қарай  ақы  төлеген. 

Жаздырып  алған  дұғаны  шайнап  жеп  қою  кез-келген  ауруды  жазады  деп  сенген.  И.Кастаньенің 

дәлелдеуінше  дұға  оқып  емдеу  –  бұл  да  шаманизм  культі.  Молда  да  өзіндік  дәрежеде  емшілік  роль 

атқарады.  Молда  тылсым  күштерге  бақсылар  сияқты  іс-әрекетпен  әсер  етпейді,  ол  Құдай  мен  адам 

арасындағы дәнекер болып саналады. Молда қағазға дұға жазып, оны суға салып береді, мұны ішірткі 

жазып беру дейді. Суды ішіп болған соң ішірткіні адам аяғы баспайтын жерге көмеді, кейбірі ішірткіні 

жеп те қойған. Бұл ауру адамға дем береді деп сенген. Дұға оқып емдеу барлық халықтардың магиялық 

және діни ғұрыптарында маңызды роль атқарады [1, с.71-72].  

Молданы аурудың қай түрін емдеуге шақырса да, молданың емдік шарасы аят, дұға оқумен, ішірткі 

жазумен байланысты болған. Бұл емдік шара «сумен дем салу» делініп, ауру бетіне суды үрлейді немесе 

бүркиді.  Информатор  Балқияш:  «Мен  қорқа  беретін  болып  ауырғанымда  Пәруәш  деген  молда  мені 

аяғына  салып  тербетіп  «сүф,  сүф»  деп  дем  салған»,  –  дейді  (АЭМ).  И.Кастанье  1907  жылы  маусым 

айының  басында  осындай  ғұрыптың  куәсі  болғанын  айтады:  «Кешқұрым,  күн  батар  тұста  Сунақ  Ата 

кесенесінің шырақшысы үйінің алдында молдасын құрып отырған, оған қарама қарсы оның ауру әйелі 

көзін жерге түсіріп отырды. Шырақшы күйеуі дұға оқып, әйелінің бетіне суды үрлеп отырды» [1, с.74]. 

И.Кастанье науқас әйелді молданың осылай емдегенін Көккесене алдынан да көрген [2, с.53]. Науқастан 

айығудың бір жолы әулие басына барып түнеп, басынан су ішу болған.  



Сумен дем салып емдеу көбіне бақсылық тәжірибесінде қолданылған. Қазақ даласында ХХ ғасырдың 

1-жартысында бақсылық сирек болса да кездесті. Соның бірі Сырдария бойындағы Жалағаш қыстағында 

өмір сүрген – Беркінбай. Бақсылықпен айналыса жүріп, ислам дінінің қағидаларын берік ұстанғандықтан, 

ислам дінін насихаттағандықтан ел арасында ол «қалпе» атанған. Халық Беркімбай қалпені ХХ ғасырда 

өмір  сүрген  соңғы  бақсы  ретінде  де  таниды.  Ол  қып-қызыл  болып  жанып  тұрған  сексеуілдің  шоғын 

қолымен араластырып, шоққа қып-қызыл болып қызған кетпенді тілімен жалап, оған су бүркіп, ем-дом 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет