Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет415/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

338 


туғызады.  Олар  бір-біріне  қамқорлық  жасап  көмектеседі,  ілтипатты  болады.  Бала  еліктеу,  қабылдау 

арқылы  түрлі  рөлді  ойындарды  атқара  отырып,  әлеумет  өмірінің,  өндіріс  қатынастарының  мазмұнына 

түсінеді. Әр түрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. 

Қарым-қатынас  белсенділігі,  әсіресе,  мектеп  жасындағы  балаларда  айқын  көріне  бастайды.Ата-

аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында 

әр  алуан  ерекшеліктер  болады.  I-IV  сынып  оқушылары  қарым-қатынас  жасау  үшін  алдымен  өзіне  дос 

және  жолдас  болатын  құрбы-құрдастарын  іздестіреді.  Мектепте  оқу  жылы  басталысымен-ақ  балалар 

жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек 

білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-

әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара 

тілектестік  және  жолдастық  сезімде  болуы  олардың  әлеуметтік  белсенділігін  арттырады.  Осыған  орай 

ұжым мүшелерінің арасындағы өзара қатынас болымды нәтиже береді. 

Қарым-қатынас  жасау  белсенділігі  жеке  адам  қасиеттерінің  (марқабаттық,  қайырымдылық, 

қамқорлық,  өзі  үшін  және  басқа  адамдар  алдында  өзінің  қылықтары  жайлы  жауапкершілік  сезімі  т.б.) 

қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 

Жеке адам санасының қалыптасу барысында өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала 

даму  барысында  өзін-өзі  жетілдіру  мақсатын  көздей  талаптанып  әр  түрлі  әрекет  жасайды.  Баланың 

мұндай  талаптанушылығын  қостап,  тәрбиеші  оған  үнемі  көмек  және  бағыт  беріп  отыруы  қажет. 

Оқушыны  мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  тарапынан  берілетін  түрлі  тапсырмалар  мен  сабақ  үстінде 

айтылатын ғылыми ережелер сия беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп ойлауға болмайды.  

Мектеп  жасындағы  балалардың  таным  ынтасын  қалыптастыруда  білім  беру  тәсілдерінің  ерекше 

маңызы  бар,  таным  ынтасы  –  балалардың  бір  нәрсені  құмартып,  білуге  талаптанады.  Оқу  барысында 

балалар  түрлі  заттардың,  құбылыстардың  мәніне,  ғылыми  ұғымдар  мен  заңдылықтарға  терең  түсінуге, 

алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың 

шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. 

 Н.  С.  Лейтестің,  пікірінше,  бастауыш  мектеп  кезеңінде  оқушыларда  ғажайып  өзгерістер  болып 

жатады, яғни ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады, олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының 

бала кезеңдерімен салыстыруға болмайтындай жылдамдықпен дамиды [5. 36].  

Мектеп кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, 

шығармашылық  қабілетінің  дамуына  ең  тиімді  де,  қолайлы  кезең  бола  отырып,  осы  кезеңде  олардың 

танымдық  іс-әрекеттірінің  психологиялық  негізі  қалыптасатын  және  елестету,  армандау  мен  ойлау 

амалдары: талдау сияқты көзқарастары жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалу қажет. 

Белсенділіктің үш дәрежесін атап өтуге болады: 

 1 – дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі 

бойынша  қолдануға,  меңгеруге  ұмтылысымен  сипатталады.  Бұл  дәрежеге  тән  көрсеткіш  –  оқушының 

бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.  

 2 -дәреже – түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен 

байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгертуге ұмтылысынан көрінеді. Ал, 

бұл дәрежеге тән көрсеткіш – оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа 

тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруда байқалатын үлкен дербестігі. 

 3 -дәреже  –  белсенділіктің  шығармашылық  дәрежесі  –  оқушының  тапсырманы  шешудің  тың 

жолдарын  іздестіруге  деген  ұмтылысымен  сипатталады.  Бұл  дәреженің  ерекшелігі  –  мақсатқа  жетудегі 

табандылық, танымдық ынтаның негізділігі мен әр алуандығы [6.37]  

Белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналуы үшін оның бойында өз күші және 

білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. 

Белсенділік  оқушының  берілген  тапсырманы  басқаның  көмегінсіз  орындаумен  ғана  шектелмейді. 

Оқушы  алдына  саналы  түрде  мақсаттар  қойып,  соған  сәйкес  өзінің  іс-әрекетін  бағыттап  отыру 

мүмкіндігіне  ие  болуы  керек.  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  қалыптастыру  мәселесінің  сан 

қырлылығын  ескеріп  тұлға  мен  оқу  іс  -  әрекет  теориясының  негізгі  қағидаларына  сүйене  отырып  оған 

төмендегідей  анықтама  беруге  болады.  Белсенділік:  мотивациялық  –  тұлғалық,  мазмұндық  –  амалдық, 

процессуалды  –  жігерлік  бөліктерінен  тұратын  тұлғаның  интегралдық  құрылымын,  сипаттамасын 

айтамыз. 

1.  Мотивациялық  –  тұлғалық  (өзін  -  өзі  тану,  өзіне  -  өзі  сену,  дамыту,  өзінің  танымдық  қабілетін 

дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу). 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет