Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология



Pdf көрінісі
бет65/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122
  2.  Тыңайтқыштардың  түрлері.  Өсімдіктердің  қоректенуін 
жақсарту, соның арқасында олардың өнімін арттыру мақсатымен 
ауылшаруашылық  өндірісінде  тыңайтқыштар  қолданылады.  Ол 
тыңайтқыштардың  атқаратын  рөлі  әр  түрлі.  Мысалы,  азот 
тыңайтқышы астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфор 
тыңайтқышы  −  зығыр  талшығының  сапасын  жақсартады,  майлы 
дақылдардың  тұқымындағы  май  мөлшерін  көбейтеді.  Калий 


 
 
132  ЭКОТОКСИКОЛОГИЯ 
тыңайтқышы  қант  қызылшасының  түйнегіндегі  алына-тын 
қанттың, картоптағы крахмал мөлшерін арттырады. 
     Түрлі  аймақтардағы  климаттың,  топырақтың,  өсімдіктердің 
ерекшеліктеріне  байланысты  әрбір  топырақтағы  қарашірік 
мөлшері де әр қилы болады. 
     Бір  гектар  қара  топырақтың  0  –  20  см  қабатында  қарашірік 
қоры 90 – 140 тонна, 0 – 100 см қабатында 250 – 255 тонна болса, 
сұр  топырақтың  жоғарыда  аталған  қабаттарында  қарашірік  қоры 
30 – 80 тоннадай болады. 
     Құрамындағы  қарашірік  қоры  жағынан  сұр  топырақтың  қара 
топыраққа  қарағанда  кедей  болуына  қарамастан,  оның 
құрамындағы 
микроорганизмдердің 
саны  жағынан 
қара 
топырақтағы  микроорганизмдерден  анағұрлым  артық  болады. 
Мәселен,  1  грамм  сұр  топырақта  –  218,5  млн  микроорганизм 
болса, қара топырақта тек қана – 57,4 млн микроорганизм бар. 
     Жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесінде,  топырақтағы  негізгі 
минералдық  қоректік  заттар  –  азот,  фосфор,  калий,  тағы  басқа 
элементтердің  қоры  мен  шашылған  тыңайтқыштардың  өсімдікке 
әсер  етуі  арасында  белгілі  бір  байланыс  бар  екені  анықталады. 
Егер    топырақта  өсімдікке  сіңімді  фосфор  көп  болса,  фосфор 
тыңайтқыштарын шашудан егіннің түсімі оншама артпайды. Егер 
топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдік екінші 
элементті тиімді пайдалана алмайды, соның салдарынан ол нашар 
жетіледі және егін түсімі кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет