Казақстан республикасының денсаулық сақтау


ГИДРОКСИЛАЗАЛАР МЕН ОКСИГЕНАЗАЛАР



бет59/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

ГИДРОКСИЛАЗАЛАР МЕН ОКСИГЕНАЗАЛАР


Монооксигеназалар(гидроксилазалар) – тотығатын субстратқа оттек молекуласының бір атомын ғана қосуды катализдейтін оксидоредуктазалар класының ферменті.


Құрылымы
Монооксигеназалар- апофермент пен коферменті- тетрагидробиоптерин (Н4БП) болатын екі компонентті ферменттерге жатады. Құрамына С витамині де кіреді. Бұл ферменттер цитозольде немесе бауыр жасушаларының эндоплазматикалық ретикулумының мембранасында тізбек түзеді немесе бүйрекүсті қыртысты қабаты жасушаларының митохондрия мембраналарында болады, онда олар стероидты гормондардың аралық зат алмасуындағы түзілген өнімдердің тотығуына қатысады.


Әсер ету механизмі
1) Монооксигеназалар (гидроксилазалар) - тотығатын затқа оттектің бір атомын береді де , екінші атомын тотықсыздандырғыштан (негізінен – НАДФН2, сирек- басқалардан: мысалы, С витаминінен) алған сутектің екі атомына қосады, нәтижесінде су түзіледі, субстрат гидроксилденеді:
SH + O2 +HADФН+ H+ ↔ SOH + Н2О + НАДФ+



Биологиялық рөлі
Биологиялық рөлі – субстратты гидроксилдеу. Монооксигеназалар көптеген эндогендік заттарды гидроксилдеуге қатысады: амин қышқылдарын, фенолдарды, стериндерді және басқаларын, сонымен қатар бөтен улы заттарды- ксенобиотиктерді усыздандырады (дәрілік препараттарды; өсімдіктердің компоненттерін;сыртқы ортаны ластандырушы заттарды). Бұл кезде ксенобиотиктердің ерігіштігі артады да, ағзадан шығуы тездетіледі.
Мысалы, фенилаланин тіндерде аздаған мөлшерде өзгерістерге ұшырайды. Белок молекуласының құрамына кіруден басқа фенилаланин дені сау адамның метоболизмінде тек тирозинге дейін ғана тотығады, бұл арнайылық микросомалды тотықтыратын монооксигеназа - фенилаланин-4-гидроксилаза арқылы жүреді, оның коферменті тетрагидробиоптерин (Н4БП)болып табылады:

Бұл реакция ағза жасушаларында фенилаланиннің артық улы мөлшерін кетіруге қажет. Оның артық мөлшерінен улы- фенилжүзім қышқылы және фенилсүт қышқылы түзіледі, олар қалыпты жағдайда ағзада болмайды. Бұл адамның ақыл ойының кемуіне жарыместікке әкеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет