Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет194/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   287
Фонема   туралы.  Ғалымның   ауыздан   шыққан   дыбыстың
саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие болатындары ғана
фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі фо-
нема   ұғымынан   хабардарлығы   немесе   фонема   ұғымын
өздігінен   пайымдап   отырғаны   деп   білеміз.   Мысалы:   “Баба
дегендегі   <б>  екі   басқа,   бір   емес.   Сондықтан   бұл   екеуінің
физиологиясы да басқа. Біз көп <б>-ның бәрін де бір әріппен
таңбалап,   орта   есеп-ке   келтіріп,   бәрінің   басын   қосып,   бір
белгісін ғана алғанбыз” дейді ғалым.
Сондай-ақ   автордың   сөзайырымдық   қасиеті   жоқ  п-ф,  қ-х
ды-быстарын  п,  қ  фонемаларының   дыбыстары   деп   қана
танығанын   (Файзолла  –  Пайзолла),   “дыбысты   түгел
таңбалайтын әліпби ешбір елде жоқ”  дегенін фонематикалық
жазу түрінің теория-сын меңгергені деп түсінеміз.
Қ.Жұбановтың   “Оқымыстылар   тіл   дыбыстарын,   сөз
тұрпаттарын,   сөйлем   құрылысын   бір-біріне   қоспай,   аулақ
ұстайды.   Өйткені   бұлардың   өзара   қатынасын   зерттесе,
бұлардың өзі де мәңгілікті  категория болмай, бір-біріне өтіп,
ауысып отырғанын көрер еді, тілдің әрбір категориясының да
өткіншілігін сипаттаған болар еді” деген сөзі құрылымдық тіл
білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі зерттеу әдістеріне ауы-
сып отырған бүгінгі қазақ тіл білімінің жайына келеді. Соған
қарап тіл білімінде фонетика, морфология, лексикология, син-
таксис   салаларының   екшелініп   зерттелінуін,   өз   зерттеу   пәні
мен әдістерін, нысанын ерте анықтауын, орфография, жазу та-
рихы сияқты кеш дамыған аралық ғылым саласына жете көңіл
бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені жазу тарихы ең
арғысы тарих пен ұлт, этнос, дін тарихымен бергісі каллигра-
фиямен байланысты болса, орфография фонетика, морфология,
семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу нәтижелеріне
сүйенеді. Ғалым структуралық тіл білімінің әр саласына қалам
тартқанда   оны   міндетті   түрде   жазу   мен   практиканың
қажеттілігіне байланыстырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет