Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет206/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   287
Емле мәселелері. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж.
қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер ем-
лесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің
жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің
жазылуы.
М.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын
беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру
сияқты тіркестердің де  бірге жазылып кеткенін,  ал  аяқ киім,
темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін ай-
тады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді
деп   табады,   сондай-ақ  жарыя  –  жәрия  –  жария,  қайтып  –
кәйтіп  деген   сөздердің   әдеби   вариантын   анықтау   емле
сөздігінің құзырына тиеді дейді.
Ғалым  һ  әрпін  х-мен   беруге,  қ,  ғ  фонемаларын  г,  к
әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг,
к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік,
педагогке) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ,
к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін
орыс   тіліндегі   баламасының   жазылуына   қарап   анықтаудың
қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны
қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді.
Ғылым  академиясының  Тіл,   әдебиет  институтында   (1952  III)
осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін
алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, үу қосарын и,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет