Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет39/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

біздің гимн

ҚР гимні
) процестері жүреді.
Ауызша тілде кенеттен пайда болатын формалар, жаңа
сөздер мен қолданыстар жазба тілде редукциялануы немесе
лексикалық нормаға сай берілуі мүмкін. Академик Л.В.Щерба
стандарт құрылымнан, әдеби сөздерден ауытқыған сөздер мен
құрылымдарды тыңдау керек, зерттеу керек, өйткені ол тілдің
даму бағытын көрсетеді деген. Күнделікті өмірдегі ауызша
сөйленістерден көптеген бейнормалықты көруге болады. Ол
нормасыздық деп тауып отырғанымыздың көбі кейде жазба тіл
үшін ғана болып шығады, ал ауызша тілдің сөйлеу нормасына
сәйкес келеді. Оны тыңдаушы да, сөйлеуші де қате деп таппай-
ды. Ондай жағдайлар, негізінен, ойды тезірек, асығыс сыртқа
шығаруға ұмтылудан туындап жатады. Ауызша тіл спонтанды
құбылыс, онда қарым-қатынасты қарапайымдандыру, жеңіл,
оңай ету жағы көбірек қарастырылады. Н.Хомский өлі тілдің
ғана жазуынан құрылым табуға болады, ал тірі тіл жанды сөз,
сондықтан тіл құрылымын табу қиын деген.
Не себептен жазба тіл әдеби норма элементтеріне сай болу
керек. Өйткені жазба тіл ауызша тілдің элементтерімен сөйлесе,
мәтіннің коммуникация жасау күші әлсірейді. Оны графикалық
ассоциацияда қабылдайтын сана жазба тіл ретінде танымайды.
IV кезекте ауызша тілдің морфологиялық жүйесін жазба
тілдің морфологиялық жүйесіне кодтау процесі жүреді.
1) ауызша тілде сөздер бір-бірімен семантикалық жағынан
күшті байланыста болады. Вербалды емес коммуникация
тәсілдері (мимика, жест, интонация, пауза, ситуация т.б.)
сөздердің грамматикалық формасыз байланысуына түрткі бо-
лады. Сондықтан ауызша тіл вербалды емес тәсілмен берілген
мазмұнды тілдік элементтермен бергенде сөздердің логикалық,
семантикалық, жасырын байланысы жазба тілде вербалдана-
ды. Ол грамматикалық формалардың кеңінен қолданылуына,
синекдохалық метонимиялық қолданыстардың грамматикала-
нуына бастайды (
Алматыда

Алматы қаласында,
бізде

біздің
елімізде, оларда – Қырғызстан жерінде
).
 
Ауызша тілде әсіресе
етіс формаларының, ілік септік пен табыс септік жалғауларының
жалған қолдануын байқауға болады. Бірақ сөйленім сонда
64
65


да коммуникантқа түсінікті болады. Алайда оны жазба тілге
грамматикалық формаларсыз немесе жалған нормамен қолдану
арқылы кодтау жазба тілдің мәтініне кедергі келтірері сөзсіз.
Сондай-ақ ауызша тіл жүйесінде жиі көрінетін формалардың
дыбыстық варианттары (мысалы, көптіктің -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет