Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


 ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет5/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен
туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың
дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады.
Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің
шектеулiлігі және уақыт жағынан шектеулiлігі. Адамдардың
қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында
жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған
жазудың миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
Тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында-
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп-
тикалық құралдар арқылы визуалды дүниеге айналдырады.
Сонда жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып
табыла-ды. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл
ауызша түрде өмiр сүрдi. Талай жүз жылдықтар бойы басқа
қатынастың түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың
және айнала-сына қатынас жасаудың жалғыз түрi ауызша
сөйлеу ғана бол-ды. Жазу ендi тiлдiң осы екi қызметiнiң
көшiрме түрi ретiнде, қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны
сызба ретiнде былай нобайлауға болады:
Тiлдiк сана 

тiл 

ауызша сөйлеу

жазу Үшінші мыңжылдықтағы жаңа 
технологиялар тасқыны,
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер,
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-ты
ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі
кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін
парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы 

Біздің заман
– жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет