Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет47/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208
Марр және грамматика 
 
Н.  Я.  Марр  грамматика  жасамағанымен  бұл  салада  да,  басқа  мәселелер 
жөнінен  де  кесек-кесек  пікір  тастап  кетті.  Ол:  «Грамматика  тілдің  құрлысын 
қарайды»  деген;  сондай-ақ  «грамматика  –  стройка»  деген  де  сөзі  бар.  Оның 
айтуынша,  морфология  –  синтаксистің  техникасы  болса,  фонетика  –
морфологияның материалы. Синтаксис түпкі мақсатты көздесе, морфология оның 
қызметін атқарады, фонетика да сондай. Бұлардың арасында тығыз байланыс бар. 
Маррдан  бұрынғылар  бұл  үшеуін  бөлек  белгілеп  (түстеп),  араларындағы 
байланысты ашпаған болатын. Олар фонетика – дыбыс жайындағы ғылым деп өте 
шығатын. 
Грамматика  категориясының  тіл  дамуы  тарихында  қалай  пайда  болғанын 
ашқан  –  Н.  Я.  Марр.  Оның  айтуынша,  грамматика  категориясының  әр  тарамы  әр 
заманда  қалыптасқан.  Ерте  дәуірдегі  тіл  грамматикалық  категорияларға 
бөлінбеген; ым тілі мен сөз тілі аралас болған; есімдер, яғни зат атаулары аталған, 
ал  етістік  ұғымдарын  ыммен  білдірген.  Бұрынғы  кезде  сөз  мағынасы  қимылмен 
орындалғаны  (түсіндірілгені)  осы  күнгі  сөздердің  бірқатар  семантикалық 
мазмұнынан көрінеді. «Сөз» – шақыру деген сөз – «зов», зовут – шақырып жатыр. 
Егер  есім  болмаса,  етістік  те  болмас  еді,  бірлік  пен  көптік  ұғымдары  да 
солай.  Коллектив  (ұжым)  меншігінен  соң  есім  категориясында  жіктеу  пайда 
болған, етістіктің жіктелетіндігі де соған байланысты. 
«Ат  аунаған  жерде  түк  қалады»  деген  сөз  бар.  Тарих  артқыларға  белгі 
тастап отырады. Марр – археолог, этнолог ретінде жансыз заттарды да сөйлеткен. 
Ол  сабленің  (сәлде?)  жылан  образды  болуын  тапқан.  Морфология  лексиканың, 
фонетиканың,  синтаксистің  техникасын  қарайды;  фонетика  синтаксистің, 
лексиканың, морфологияның техникасын қарайды деген пікір айтқан. 


Қ. Ж. Өткен бір сабақта лексиканы грамматикаға кірмейді деуіміздің себебі 
не?  Олай  дейтініміз  –  грамматика  даяр  нәрсені  қарамайды,  ал  лексика  –  даяр 
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін біледі, ал 
біз  солардан  құрап  аламыз  (Алматыдан  үй  салатын  екі  мекемені  мысалға 
келтіреді).  Демек,  лексика  бұрыннан  дербес  сөз  болып,  даяр  болып  тұрған  соң 
грамматикаға кірмейді. 
Әріп материалы әзір. 
Буын материалы әзір. 
Сөз материалы әзір.   
Шылау таптың материалы әзір. (Жалаңы болсын, жайылмасы болсын). 
Грамматика сөз құраудың (речь) техникасын, әдісін қарайды. 
Морфология  лексиканың  керегін,  синтаксистің  керегін  құрайды.  Осы 
екеуінің  керегін  құрайтын  морфология,  екінші  сөзбен  айтқанда,  сөз  бұйымының 
жасалу техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды (а/ж). 
Фонетика  синтаксис  пен  морфологияға  және  лексикаға  керек;  осы  үшеуінің 
қызметін атқарады (аз – ас мысалынан лексиканың керегін өтегенін білеміз; ат пен 
+  ет  сөздеріне  жалғанғандар  қандай  тұлғада  болып  келеді,  соны  қарайды); 
фонетика  дыбыстардың  ұстасу  амалын  қарайды,  демек  морфологияның  міндетін 
қарайды,  фонетика  синтаксисті  де  қарайды  (бара  алмады  деген  екі  сөздің 
жапсарын  жаба  айтудан  бір  түрлі,  аша  айтудан  екінші  түрлі  синтаксистік  тіркес 
(мағына)  пайда  болады;  осылай  айтқанда  оның  бір  мүше  екендігі,  не  екі  мүше 
екендігі  белгілі  болады.  Сөздердің  жапсарын  жаба  айту  мен  аша  айту  – 
синтаксистік қасиетін тану болып табылады). 
Морфо = форма (морфо – грек сөзі, форма – латын сөзі). 
Фонема  бір  сөзді  екінші  сөзден  айыру  үшін  керек.  Айыруға  жарағандықтан 
оны  бұйым  дейміз.  Фонема  дыбыстың  ұсақ  элементтерінен  жасалады.  Бір 
дыбыстың  өзі  түбір  құрамында  фонема  болып,  қосымшада  фонема 
болмайтындығын да ескеруіміз керек. 
Лексика  етік,  етікші  сөздерінің  қалай  жасалғанын  қарамайды.  Сондықтан 
ол  грамматикаға  да  кірмейді,  тек  даяр  материалды  ғана  қарайды.  Тегінде 
материалдың  сыр-сипатын  қарайтын  ілім  –  технология;  сондықтан  сөз  жасау 
технологиясын қарайтын ілімді грамматика десе де болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет