Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  93.  Грамматикалық  категория  туралы  қысқаша  маглүмат  не-



Pdf көрінісі
бет162/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   237

§  93.  Грамматикалық  категория  туралы  қысқаша  маглүмат  не- 
гізгі  грамматикалық  ұгымдарды  талдап  баяндауға  арналған  кіріс- 
пе  тараудың  5-параграфында  берілді.  Грамматикалық  категория 
туралы  ұгымның  мазмұнын  аша  түсу  қосымша  маглұматтардың 
берілуін қажет етеді.
Грамматикалық категориялар  белгілі  бір тілге тэн, жалпылама 
сипаты  бар  грамматикалық  мағыналар  ретінде  танылады  да,  ол 
грамматикалық  мағыналар  сөздердің  өзгеріп  түрленуі,  сөздердің 
сөйлемде  тіркесуі  арқылы  көріне  алады,  солар  арқылы  беріледі. 
Ал 
грамматикалық 
формалар 
болса, 
олар 
грамматикалық 
категорияларды 
білдірудің 
құралдары 
ретінде 
танылады. 
Грамматикалық  категориялар  грамматикалык  формалар  арқылы 
көрінеді, 
грамматикалық 
формалардан 
тыс 
грамматикалық 
категория  деген  болмайды.  Ал  грамматикалық  магына  болса,  ол 
да  өз  алдына  бөлек,  грамматикалық  форма  мен  грамматикалық 
категориядан  тыс  өмір  сүрмейді.  Грамматикалық  мағына  белгілі 
бір  форма  арқылы  беріліп,  грамматикалық  категорияның  мазмұ- 
нына оның магыналық элементі ретінде енеді.
Белгілі  бір  грамматикалық категория  кемінде  екі  түрлі  форма- 
да  көрінуі  қажет.  Мүнсыз  бірде-бір  грамматикалық  категория- 
ның  болуы  мүмкін  емес.  Мысалы,  бір  ғана  септіктің  формасы 
немесе  бір  ғана  грамматикалық  жактың  формасы  өздігінен 
септік  категориясын  да,  жақ  категориясын  да  кұрай  алмаган
149


болар  еді.  Белгілі  бір  тілдегі  септік  категориясы  туралы  сөз 
ету  үш ін,  ол  тілде,  мысалы,  ілік  септігінен  басқа  барыс, 
шығыс  септіктері  жэне  т.б.  септіктердің  болуы  шарт.  Сонда 
ғана  септік  дербес  грамматикалык  категория  ретінде  таны ла 
алады.  Грамматикалы к  жак  категориясы  туралы  I  жактан 
басқа  II  ж ақ,  III  жақ  болғанды қтан  ғана  эңгім е  ете  аламыз. 
Сын  есім нің  шырай  категориясы  туралы   да  осыны  айту  кажет. 
Ш ырай  категориясы  бір  гана  жай  ш ы райды ң  грамматикалык 
магынасы  мен  ф ормасынан  құралуы,  эрине  мүмкін  емес. 
Сын  есім нің  ш ырай  категориясы  онын  мазмүнына  енетін  жай 
шырай,  салы сты рм алы   шырай  ж эне  күш ейтпелі  ш ырайдың 
магыналары  мен  формалары ның ж иы нты ғы нан  кұралады.
Қандай 
бір 
грамматикалык  категория 
болмасын, 
оның 
жалпылаушы  сипаты  болады.  Грамматикалык  категория  бір- 
тектес  грамматикалык  мағыналарды  білдіретін  грамматикалык 
формалардың  жиынтығынан  күралады.  Ал  «біртектес  грамма­
тикалык  мағыналар»  дегеннен  эр  баска  емес,  өзара  шарттас, 
ыңгайлас,  бір  сипаттагы  грамматикалык  магыналарды  түсінеміз. 
Мысалы,  грамматикалык  шақ  категориясы  осы  шак,  өткен  шақ, 
келер  шақ  түрінде  көрінгенімен,  шактың  аталған  түрлерінің 
магыналары  -   эр  тектес,  эр  сипаттагы  магыналар  емес,  біртектес 
магыналар,  эйтеуір  шактык  магыналар.  Біртектес,  бір  сипаттагы 
шактык  магыналар  эртүрлі  грамматикалык  формалармен  беріліп, 
жалпы  грамматикалык  шақ  категориясы  ретінде  үгынылады. 
Демек,  дара  грамматикалык  магынаны  білдіретін  бір  гана  форма 
немесе  эр  сипаттагы  грамматикалык  магыналарды  білдіретін 
формалар  емес,  біртектес,  өзара  ыңгайлас  грамматикалык  магы­
наларды  білдіретін  грамматикалык  формалардың  жиынтыгы 
грамматикалык категория деп танылады.
Өзара  шартгас,  ыңгайлас,  бір  сипаттагы  формалардың  эркай- 
сысын  жэне  осыган  орай  олардың  біртектес  магыналарының 
эркайсысын  грамматикалык  категория  деп  есептеу  грамматика­
лык  магына  деген  үгым  мен  грамматикалык  категория  деген 
үгымның  жігін  жойып,  бүларды  бір-бірімен  араластырып  жібе- 
руге  соктырады.  Лингвистикалық  кейбір  әдебиеттерде  біртектес 
грамматикалык 
магыналардың 
эркайсысын 
грамматикалык 
категория  деп  есептеу,  осыдан  келіп,  «ілік  септік  категориясы»,
150


«барыс  септік  категориясы»,  «салыстырмалы  шырай  категория- 
сы»,  «күшейтпелі  шырай  категориясы»,  «I  жақ  категориясы»,  «III 
жак  категориясы»  деп  атау,  сөйтіп  грамматикалык  мағына  мен 
грамматикалық  категорияны  бір-бірімен  араластырып  жіберу  жиі 
ұшырасады.  Бүл  жайында  проф.  А.И.  Смирницкий  былай  деп 
жазды:  «...атау  септік,  ілік  септік  жэне  т.б.,  көпше,  бірінші  жак, 
екінші  жақ  жэне  т.б.  осылар  тәрізді  бірліктер  үшін  «категория» 
деген  терминді  қолданбау  керек.  Бүлай  етсек,  «категория»  деген 
термин  өзіндік сипатын,  өзіне өте-мөте тэн, дэлме-дэл  магынасын 
жогалтады.  Өкінішке  карай,  бұл  терминді  осылайша  қолдану 
оге-мөте  етек  алып  кеткен»1.  Әртүрлі  тілдерде  грамматикалык 
жак  категориясы,  шақ  категориясы,  сепгік  категориясы  жэне  т.б. 
грамматикалык  категориялар  бар,  бірақ  «I  жак  категориясы»,  «III 
жак категориясы»  немесе «ілік септік категориясы»,  «табыс  септік 
категориясы»  дегендер  болмайды.  Б.үлар -  дербес  грамматикапык 
категориялар  емес,  грамматикалык  категорияньщ  мазмүнына 
енетін  грамматикалык  магыналар.  Ілік  септіктін  немесе  табыс 
септіктің  эркайсысының  өзіне  тэн  магынасы  мен  формасы  бар, 
бірақ  бүлардың  бірде-бірі  өздігінен  грамматикалык  категорияны, 
атап  айтканда,  септік  категориясын  жасай  да  алмайды,  дербес 
грамматикалык  категория  ретінде  таныла  да  алмайды.  Септік  ка­
тегориясы  бір  септіктің  емес,  күллі  септіктердің магыналары  мен 
формаларының  жиы нтыгы нан,  калыптасқан  ж үйесінен  құрала- 
ды.  Демек,  жалпы  септік  категориясы  деген  мен  ж еке  нақтылы 
септік дегендер  бір  емес.  С ептік  категориясы — ж алпы   кұбылыс 
та,  жеке-нактылы  септік  -   жалқы  құбылыс.  Жеке,  нақтылы 
септікті,  мысалы,  барыс  септігін  «барыс  септік  категориясы» 
деп  атау  жалкыны  жалпыдан  ажырата  алмауға  экеп  соқтырады. 
Жалпы  мен  жалқы  бірін-бірі  жокка  шыгармайды,  жалқы  бар 
жерде  гана  жалпы  туралы  сөз  ете  аламыз.  Ж алпы ны ң  ж алқы 
күбылыстардың  бойында  ж эне  сол  жалқы  құбы лы стар  арқылы 
өмір  сүретіні,  жалқы  кұбылыстар  арқылы  танылатыны  сиякты, 
жалпы  септік  категориясы  жеке,  нақтылы  септіктер,  мысалы, 
кемінде  екі  септік  болған  жагдайда  ғана,  грамматикалык  катего­
рия  ретінде  өмір  сүреді,  нактылы  септіктер  аркылы  танылады. 
Анығырак  айтқанда,  грамматикалык  категория  жалпы  кұбылыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет