Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет167/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   237
алпыстарда;  сагат  алтыларда)  білдіретіндігінен  де  көрінеді. 
Егер  жинақтық  сан  есім  кепше  формада  қолданылса,  ол  форма 
көптік  магынаны  білдіретін  форма  емес,  қиысудың  формасы 
ретінде  танылады  (мына  мысалдарды  салыстырыңыз:  үшеуіц 
келдің -  үшеулерің келдіңдер). Ал егер сын есімдер түркі тілдерінде 
көптік  формада  колданылса,  олар  міндетті  түрде  субстантивтене- 
ді.  Сын  есімнің  көптік  формада  колданылганда,  міндетті  түрде 
субстантивтенуі  грамматикалык сан-мөлшер  категориясының өте- 
мөте зат есімдерге  гэн категория  екенін дэлелдей түседі.
Грамматикалык сан-мөлшер категориясы  сөз таптарының бірі
-   есімдіктерге  де  тэн  категория  болып  саналады.  Жекелік  жэне 
көптік  магынага  ие  болатындар  -   көбінесе  жіктеу  есімдіктері. 
Жіктеу  есімдіктерінің  ішінен  түркі  тілдерінде  I  жақтық 
жіктеу  есімдігінің  (м ен),  орыс  тілінде  I  жэне  II  жақтық  жіктеу 
есімдіктерінің  (я ,  ты)  жекеше  түрі  көптік  формага  өздігінен  ие 
бола алмайды.  Қазак тіліндегі жіктеу  есімдігінің біз деген  көпше 
формасы  жіктеу  есімдігінің  мен  деген  жекеше  формасымен 
грамматикалык жақтан үйлес келетін форма емес.  Орыс тіліндегі 
мы,  вы  деген  копше  формалар  мен  я,  ты  түріндегі  жекеше
158


формалар  грамматикалык жақтан  өзара  шарттас,  үйлес  формалар 
бола  алмайды  деген  пікір  бар.  Егер  мен  деген  жіктеу  есімдігі  I 
жақты білдірсе, біз деген жіктеу есімдігі «Менің көптігімді» емес, 
«мен  жэне  тагы  баска  (басқалар)»  дегенді  білдіреді1.  «Сонымен, 
біз  деген  есімдік  мен  деген  есімдіктен  еанның  абстракциясы 
жагынан  гана  емес,  белгіленушінің  айрықша  сипаты  жағынан 
да  ажыратылады.  Алайда  көптіктің  кез  келген  формасының  бір 
гана  заттың  көп  рет  қайгалануын  емес,  біртектес  заттардың 
көптігін  көрсететіндігін  байқау  қиын  емес.  Столы  деген 
форманың  белгіленушіге  қатысы  жагынан  мы  деген  формадан 
айырмашылыгы  жоқ»2.
Есімдіктердің  басқа  түрлеріне  сан-мөлшер  категориясының 
қатысы  жайында  мынаны  айтуга  болады:  есімдіктер  қай  сөз 
табының  орнына  жүрсе,  сол  сөз  табына  тән  формалармен  түр- 
ленеді.  Осыган  орай,  зат  есімдердің  орнына  жүретін  есімдіктер 
(жіктеу  есімдіктері,  өздік  есімдігі,  сүрау  есімдіктері  мен  белгісіз- 
дік есімдіктерінің кейбіреулері)  жекеше  түрінде де,  көпше түрін- 
де де қолданыла алады.
Жекелік  пен  көптіктің  магыналары  етістік  сөздерде  өз  алдына 
дербес  аффикстермен  емес,  көбінесе  жақтық  магыналарды 
білдіретін  жіктік  жалгауларымсн  беріледі.  Етістік  баяндауыштар 
бастауышпен  жіктік  жалгаулары  арқылы  қиысады  да,  жіктік 
жалгаулары  бастауыштың  ыңгайына  қарай  әрі  жақтық  магынаны, 
эрі  сан-мөлшер  магынасын  (жекелік  не  көптік  магынасын)  қоса 
білдіреді.  Бүл  айтылгандардың  бірінші  жаққа тікелей  қатысы  бар 
(мысалы:  мен  бардым -  біз  бардыц,  мен  барамын — біз  барамыз), 
ал  екінші  жақта  жіктік  жалгауынан  кейін  көптік  мағынаны 
білдіру  үшін  көптік жалгауы жалғанады (мысалы:  сен  бардың  (сіз 
бардыцыз) -  сендер бардыцдар (сіздер бардыцыздар),  сен барасыц 
(сіз барасыз) — сендер барасыңдар  (сіздер барасыздар)  және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет